талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру
ақсақалдары қатысуымен өтетін болған.
Билердің қоғамдық қайраткерлігін көрсететін қасиеттерінің және біреуі –
қазақ елінің дамуына кесірі тиетін салт-дәстүрлерді теріске шығаруы. «Өзі
болған жігіттің түп атасын сұрама» деген қазақтың мақалы адамды
шыққан тегіне, атақ беделіне қарап емес, жеке басының қадір-қасиетіне
сәйкес бағалауды үндейді. Осылайша тәрбиелеу арқылы ағайынына ғана
емес, еліне, кісіге ғана емес, халқына қамқор бола алатын азаматтардың
қалыптасуына үміт артқан. Бұл азаматтың, жеке тұлғаның өзін толықтай
жүзеге асыруына септігін тигізетін рухани ынталандырушы фактор.
Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам
өмірінің
саяси-құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық,
әскери-
дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын
нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы
арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл
мұраларымызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн
тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: