9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар» Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық»



бет3/14
Дата07.02.2022
өлшемі45,51 Kb.
#91908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9 дәріс контенты

Ұлттық–этникалық қатынастар.
Этникааралық және конфессияаралық келісім.
Ұлт проблемасында ұлттық–этникалық қатынастар ерекше орын алады. Оның тууы мен дамуының объективті алғы шарты ұлттың шығу тегіне, өмір сүруі және дамуының жағдайына, тілінің, мәдениетінің, этникалық санасымен және т.б. аяқталатын этникалық сипаттары жағынан бөлек ерекшеліктерінің болуымен байланысты. Және ұлттық–этникалық қатынастар басқа қатынастардан (саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық) таза күйінде өмір сүрмейді, оның мазмұны мен нысанында көрініс табады. Бұл қатынастардың барлығы шешімін тауып жатқан кезде белгілі этникалық қауымдастықтың проблемалары ғана қозғалса, онда ол ұлттық сипат алуы мүмкін.
Ұлттық-этникалық қатынастар тек тұтас ұлттар, этностар, халықтар арасында пайда болып қоймайды, сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті қатынас үстінде болуы мүмкін. Тұлғаралық қатынастарда олардың моральдық және психологиялық қырларын ескеру аса қажет. Адамдардың ұлттық сезімі нәзік, ол жеңіл жаралануы мүмкін. Сол себепті әдептілік пен сыпайылық, бір-біріне деген сыйластық аса қажет. Бұған басқа халықтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жалпы мәдениетін білудің, басқа ұлт өкілдеріне қатысты төзімділік пен құрметтеуді тәрбиелеудің орны бөлек.
Ұлттық-этникалық қатынастар белгілі бір этностардың өздерінің мүдделерін жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен бірге халықтардың ұлттық мүдделері өздерінің өмір сүруіне, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикалық, мемлекеттік, мәдени дамуларына қатысты болады. Сондықтан осы қатынастар кешенін үндестіру халықтар арасындағы әлеуметтік-саяси және басқа қатынастарды, сондай-ақ ұлттық сана мен саяси институттарды демократияландыру жағдайында мүмкін болады. Бұл барлық халықтардың шынайы мүддесіне сай және ұлтаралық қатынастар дамуының объективті бағытынан ұлттың барынша көпшілігінің экономикалық және саяси дербестігін дамытудан, олардың мемлекеттігін, рухани мәдениетінің дамуын жетілдіре түсуден байқалады.
Қазіргі заманғы дамыған ұлтаралық қатынастар шеңберінде мынадай мәндірек үдерістерді атап көрсетуге болады: халықтардың этникалық нығаюы, яғни олардың саяси, экономикалық, тілдік, мәдени дербестігінің дамуы, ұлттық-мемлекеттік тұтастығының нығаюы; халықтардың өз қажеттерін барынша қанағаттандыру мақсатында өмірдің барлық салаларында қатынасты кеңейту мен тереңдете түсуге бағытталған этникааралық жақындасу; сан жағынан көп емес халықтың өз тілін, этникалық мәдениетін жоғалтып дамыған екінші бір халықтың тілін, салт-дәстүрін қабылдауы, яғни ол халықтың жұтылуы, ассимиляцияға ұшырауы;
Ұлттық мәселе ұлттың дамуы мен ұлттық қатынасының өзара байланысты территориялық, экономикалық, экологиялық, саяси, тілдік, моральдық-психологиялық проблемаларының жүйесін құрайды, оның жүзеге асуын қарастырады. Қазіргі кезеңде ұлттық мәселенің мазмұны бүкіл халықтардың еркін және жан-жақты дамуында, олардың қарым-қатынасын кеңейту және ұлттық мүдделердің үйлесімділігінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет