Нацизм - (лат. 'natio' - ұлт) - 1933- 1945 жж. гитлерлік Германияның идеологиясы мен тәртібі. "Нацизм" ұғымы арийлік нәсілдің басқа ұлттар мен халықтардан артықшылығын уағыздаған Германия фашистік Национал- социалистік партиясының (НСП) атауынан шықты. Герман фашизмі (национал-социализм) ХХ ғ. адамзат тарихындағы ең қасіретті соғысты бастады. Оның билігі күшке табынушылықты тірілтіп қана қоймай, бүтін бір ұлттарды нәсілдік- саяси белгілеріне қарай қырып-жоюды қалыпқа айналдырды. Әдетте нацизмді фашизммен теңдестіреді. Ал айда Fashio "бірлестік" немесе "одақ" дегенді білдіреді, фашистер – ол "одақтастар", ал фашизм "одақтастық". XIX г. бұл сөзді республикандық, кәсіподақтық және социалистік топтар өздерінің басқа партиялардан ерекшелігін көрсету үшін қолданды. ХІХ ғ. басында бұл символды итальяндық оншылдар пайдаланды, 1917 ж. бастап итальян парламентінің оң қанаты "Ұлттық қорғаныс Одағы" деген атпен бірлесті. 1915 ж. негізі қаланған "Төңкерістік іс-әрекеттер Одағы" және 1919 ж. Муссолини ұйымдастырған соғыс ардагерлері одағынан "Күрес Одағы", кейіннен 1921 ж. Ұлттық фашистік партия аталған фашистік партия пайда болды. Нацизм - ең алдымен "герман фашизмі". Нацизм "бастапқы" итальяндық фашизмнен елеулі түрде ерекшеленеді. Итальян фашистік партиясына ұқсап, Германияның Национал-социалистік жұмысшы партиясы да соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық және қоғамдық дағдарыстар жағдайында пайда болды. Бұл партияның тарихы, құрылымы, бағдарламасы, саяси тәжірибесі, тіпті, идеолеогиясы оның итальяндық бейнесін елестеді. 1922 ж. национал-социализм "фашизм" атауына орынды ие болды. Партия бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі антисемитизм болды. Бұл антисемитизм нәсілдік идеологиясын сылтауратты, басынан национал- социалистерді фашистерден ажыратып қарайды.