Кәсіпкерлік қызмет туралы заңнаманың тиімділігін арттырудың ерекше тәсілі қылмыстық жауапкершілік болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты қарастырылады және ықпал етудің ең қатал шарасы ретінде қабылданады. Қылмыс деп қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.