Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесілер үшін жауапкершілікте болады:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін;
2. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке, демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
3. Қазақстан Республикасының тауарлар импарты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін.
2. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Казіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады. Әкімшілік құқық- бұзушылық ( азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалған кезде, әкмшілік жауапкершілік туындайды. Әкімшілік жауапкершіліктің іс-шаралары заң бұзушыға моральдық және материалдық ықпал етуді қамтиды