Рентгеноскопия



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі264,88 Kb.
#96303
  1   2   3   4
Байланысты:
Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері
ЖБ 3 сынып БЖБ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, №1 БӨЖ Шадыбек Елжас, 1 Күн Қ тарих 150 сұрақ, 6М050300 каз, 1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193, 1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193, test-psihologiya, 3Алгоритм проведения гигиенического душа, 1 тақырып Шадыбек Елжас 115 ом, №2 ПС Шадыбек Елжас, 2 курс мей. аралык бакылау, 2 курс мей. аралык бакылау

Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері

Рентгеноскопия (рентген сәулесімен ағзаны көзбен көре отырып тексеру) және рентгенография (рентгенге түсірілген сурет алу) ең көп тараған және классикалық зерттеу әдістері, бұлардың маңыздары өте зор. Рентгеноскопия кеуде қуысы мүшелерінің қызметін (функциясын) зерттеуге мүмкіншілік туғызады (өкпе бөліктерінің дем алғандағы қозғалыс бағыты, өкпе түбірінің соғуы, қабырғалардың қозғалыс бағыты мен мөлшері, диафрагманың (көкеттің) қозғалыс деңгейін,көкірек қуысы (медиастинум) мүшелерінің қозғалыстары мен ығысулары, жүрек пен қолқаның соғуы және т.б.). Рентгеноскопия кезінде ауруды түрлі бағытта (проекцияда-тіке, бүйірінен, қиғаш және т.б.) немесе орында (тұрғанда, жатқанда, бір бүйіріне аунағанда және т.б.), яғни бірнеше проекцияда зерттеуге толық мүмкіншілік береді.

Рентгеноскопияның түрлері:флюороскопия − рентген түтігін электр энергиясын беретін жүйеге қосқан кезде флюоресценция беретін экранда зерттеулі адамның позитивтік (оң) көлеңкесінің жалпақ суреті пайда болады (ыңғайсыз жері-көзді қараңғыға жақсы үйретіп алып экранға қарау керек);флюоресценция беретін экранның орынына денеден өткен сәуленің жарықтығын үдететін аспап (РСҮ-рентген суретін үдеткіш электронды-оптикалық құрал) қолдану арқылы көлеңкеден тұратын суреттің жарықтығын 1-2 мың есе көбейтуге болады (пайдасы-бөлмені қараңғылау керегі жоқ, аурудың жағдайын байқап отыруға болады; ыңғайсыз жері көрінетін сурет оптикалық бірнеше рет кішірейтілген, зерттеуші аурудан алшақталған, ауру адамға өз қолымен тексеру жасай алмайды);рентгенотелевизиалық скопия − рентген сәулесін үдететін аспапқа теледидардың камерасын жалғастыра орналастыру арқылы аурудың мүшелерінің рентгендік позитивті көлеңкесінің жалпақ суретін теледидар арқылы зерттеу (сурет-1).
Осы үш тәсілдің үшеуі де қазір қолданылып жүргенімен болашақта алдыңғы екеуі тек рентгенологияның тарихында қалатын болады. Алдымызда санды (цифрлы) рентгенотелевизиялық скопия.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет