Өндірістік кәсіпорындардың шығарындылары мен атмосфераның ластануын есептеу
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбырлары мен желдеткіш құрылғыларынан шығарылатын зиянды заттар атмосферада шашырайды.
Шығарындылардың таралу процесіне әсер етеді: атмосфераның жағдайы; кәсіпорындардың орналасуы; шығарылатын заттардың физикалық және химиялық қасиеттері; газ шығарылытан түтіндік құбырдың диаметрі және т. б.
Ластанудың жекелеген көздерімен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін сипаттау үшін шекті рұқсат етілген шығарындының (ПДВ) шамасы белгіленген.
Әрбір зиянды заттың жалпы концентрациясы (СΣ, мг/м3) атмосфералық ауадағы осы заттың ең жоғарғы бір реттік мүмкіндік шектік концентрациясынан (ПДК) аспауы тиіс:
СΣ =(См+Сф)<ПДК
мұндағы: См - атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мүмкіндік концентрациясы, мг/м3 ;
Сф - жергілікті аймаққа тән ластаушы зиянды заттардың мүмкіндік концентрациясы, мг/м3 .
Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мүмкіндік концентрациясы келесі өрнекпен анықталады:
мұндағы:
М - уақыт бірлігінде атмосфераға шығарылатын заттың салмағы, г/с
А - жергілікті аймақтың климатына байланысты қабылданатын коэффициент;
F - атмосферада зиянды қоспалардың шөгу коэффициенті. Зиянды заттардың шөгу қарқындылығына бөлшектердің шөгу жылдамдығы, турбуленттілік, желдің жылдамдығы, бөлшектер және т. б. өлшемдері әсер етеді.
Н - түтінді құбырдың биіктігі, м;
m, n - қосалқы коэффициенттер (құбырдан шығатын түтіннің көтерілуін ескеретін коэффициент);
V1- шығарылатын газдыауа қоспасының көлемі, м3/с;
- шығарылатын газдар мен атмосфералық ауа температураларының айырмасы, °С.
Шығарылатын газдыауа қоспасының көлемін анықтаймыз:
мұндағы: Д -шығарылатын түтінді ұүбырдың диаметрі, м
- шығарылатын газдың орташа жылдамдығы, м/с;
- рельефтің әсерін ескеретін өлшемсіз коэффициент. Жазық ландшафт үшін тең.
Құбырдан шығатын түтіннің көтерілуін ескеретін коэффициентті анықтаймыз:
Бұл коэффициенттердің мәні өз кезегінде конструктивтік параметрлер бойынша есептелетін қосымша шамалар бойынша анықталады:
,
1-ұйымдастырылмаған ластану аймағы; 2 – алау лақтыру аймағы (ластаушы заттардың аздаған шоғырлануы); 3 – түтіндеу аймағы (10-40 Hmin қашықтықта); 4 – ластану деңгейін төмендету аймағы
Сурет 1-Атмосферада зиянды заттардың таралуы
Мүмкіндік шектік шығарындыларды (предельно-допустимый выброс ПДВ) анықтаймыз:
, г/с
Алынған мәндер атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың салмағымен М салыстырылады.
Егерде М<ПДВ болса, онда шығарылып жатқан тастандылар рұқсат етілген деп саналады (атмсофераға шығаруға рұқсат етіледі).
Қандай да бір заттың шығарындысы ПДВ-дан асып кеткен жағдайда табиғатты қорғау іс-шаралары жүргізіледі.
Тазалау дәрежесін мына формула бойынша анықтауға болады
Жасанды тартым кезіндегі түтін құбырларының биіктігі кәсіпорынның шығарындысындағы зиянды заттардың атмосфералық ауадағы концентрациясын есептеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға және өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына сәйкес анықталады. Табиғи тартым кезінде түтін құбырларының биіктігі газ-ауа жолын аэродинамикалық есептеу нәтижелері негізінде анықталады және
Атмосферада зиянды заттардың таралу шарттары бойынша тексеріледі. Зиянды заттардың атмосферада таралуын олардың шығарылу биіктігін арттыру есебінен пайдалануға техникалық-экономикалық негіздеме кезінде зиянды заттардың шығарылуын қысқарту жөніндегі қазіргі заманғы барлық техникалық құралдарды қолданғаннан кейін ғана жол беріледі.
Атмосферада зиянды заттардың таралуын есептеу кезінде зиянды заттардың (азот және күкірт тотықтары, күл, көміртек тотығы және басқа да ингредиенттер) ең жоғары жиынтық шығарындыларын ескеру керек.Түтін құбырларының биіктігі 30, 45, 60, 75, 90, 120, 150, 180 м.
А.А.ДОСМАКАНБЕТОВА
«ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ»
ПӘНІ
Басылымға қол қойылған күн.ай.жыл.
Қағаз форматы 60x84 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік басылым. Көлемі 5,75 б.қ.
Тиражы 20 дана. Тапсырыс № …*
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің баспасы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке-хан даңғ., 5
*Мәліметтер баспа орталығымен толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |