А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

6-
 
сурет. 
Мойын омыртқалары мен шүйде сүйек арасындағы қосы- 
лыстар. Медиалды жағынан қарағандағы көрінісі. Омыртқа бағанасы мен 
шүйде сүйек ортаңғы сагитталды жазықтықта кесілген: 1 — шүйде 
сүйектің базилярлық бөлігі; 2 — білік омыртқаның тісі; 3 — ауыз 
омыртқаның крест тәрізді байламының жоғарғы бойлық будасы; 4 — 
жамылғы жарғақ; 5 — артқы бойлық байлам; 6 — артқы ауыз омырт- 
қа-шүйде жарғағы; 7 — ауыз омыртқаның көлденең байламы; 8 — ауыз 
омыртқаның крест тәрізді байламының төменгі бойлық будасы; 9 — сары 
байламдар; 10 — қылқан аралық байлам; 11 — омыртқа аралық тесік; 12 
— алдыңғы бойлық байлам; 13 — ортаңғы ауыз омыртқа-білік буынының 
буын қуысы; 14 — ауыз омыртқаның алдыңғы доғасы; 15 — тіс үшының 
байламы; 16 — алдыңғы ауыз омыртқа-шүйде жарғағы; 17 — алдыңғы 
ауыз омыртқа-шүйде байламы 


Омыртқа бағанасының бас сүйекпен қосылысы 
37 
Ауыз омыртқа-шүйде буыны, 
art. atlantooccipitalis,
айдар- 
шықты буындарға жатады; ол шүйде сүйектің екі айдаршығынан, 
condyli occipitales,
және ауыз омыртқаның ойыстанған жоғарғы 
буындық шұңқырларынан, 
foveae articulares superioris atlantis
түзіледі. Қосылатын екі жұп буындық беттер жеке буын 
қапшықтарында орналасады, бірақ қозғалысты бір уақытта бірге 
жасап, біртұтас үйлесімді буын құрайды. Көмекші байламдар: 
1)
алдыңғысы, 
membrana atlantooccipitalis anterior,
ауыз 
омыртқаның алдыңғы доғасы және шүйде сүйек арасында 
керіліп орналасады; 
2)
артқысы, 
membrana atlantooccipitalis posterior,
ауыз омырт- 
қаның артқы доғасы және үлкен шүйде тесігінің артқы жиегі 
арасында орналасқан. 
Ауыз омыртқа-шүйде буынында қозғалыс екі білікте жүзеге 
асады: фронталды және сагитталды. Олардың біріншісінде басын 
изеу қозғалыстары, яғни басты алға және артқа бүгу және жазу 
(келісім белгісі), ал екінші білікте — бастың оңға және солға иілуі. 
Сагитталды білік алдыңғы шетімен артқысына қарағанда сәл 
жоғары тұрады. Осылай қиғаш орналасудың арқасында білікте 
бастың бүйіріне иілуімен бір мезгілде басын сәл қарама-қарсы 
жаққа бұру да жүзеге асады. 
Ауыз омыртқа және білік омыртқа арасындағы буындар. Бұл 
жерде үш буын бар. Екі латералды буын, 
artt. atlantoaxiales 
laterales,
ауыз омыртқаның төменгі буындық шұңқырларынан 
және онымен жанасатын білікті омыртқаның жоғарғы буындық 
шұңқырларынан түзіліп, үйлесімді қосылыс түзеді. Ортасында 
орналасқан тісі, 
dens axis,
ауыз омыртқаның алдыңғы доғасымен 
буын құрайды және ауыз омыртқаның латералды массаларының 
ішкі беттері арасында керілген көлденең байлам, 
lig. transversum 
atlantis
арқылы бекітіледі. 
Білікті омыртқаның тісі ауыз омыртқаның алдыңғы доғасымен 
және көлденең байламнан түзілген сүйекті-фиброзды сақинамен 
қоршалған, осы жерде цилиндр тәрізді айналма буын, 
art. 
atlantoaxialis mediana
түзіледі. 


38 
Артросиндесмология 
Көлденең байламдардың жиектерінен екі фиброзды шоғыр 
кетеді: біреуі жоғарыға, шүйде сүйектің үлкен тесігінің алдыңғы 
жиегіне, ал екіншісі төмен, білік омыртқаның денесінің артқы 
бетіне бағытталады. Бұл екі шоғыр көлденең байламмен бірге 
кресттәрізді байлам, 
lig. cruciforme atlantis
түзеді. Бұл байламның 
үлкен қызметтік маңызы бар: ол біріншіден, білік омыртқаның тісі 
үшін буындық бет болып табылады және оның қозғалыстарын 
бағыттайды, ал екіншіден — оны орнынан шығып кетуден 
қорғайды, шығып кетсе жұлынды және шүйде сүйектің үлкен 
тесігіне жақын жатқан сопақша миды зақымдап, өлімге әкелуі 
мүмкін. 
Көмекші байламдарға тістің үшынан басталатын 
lig. apicis 
dentis
, және оның бүйір беттерінен басталып шүйде сүйекке ба- 
ратын 
ligg. alaria
жатады. 
Осы сипатталған барлық байланыс аппараты артқы омыртқа 
өзегі жағынан шүйде сүйектің ылдиынан басталатын жарғақпен, 
membrana tectoria
(омыртқа бағанасындағы 
lig. longitudinale 
posterius
жалғасы) арқылы жабылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет