А. А. Мәкенов, А. С. Әбеджанова жол жүрісін ұйымдастыру



бет16/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#11555
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Циклді түзету оның артуына, сонымен қатар көлік құралдар кідірісінің өсуіне әкеліп соғады. Түзетуден құтылу жолы жүру бөлігі арқылы жаяу жүргіншілерді кезекпен өткізуді ұымдастыру арқылы жасауға болады. Бұл өтпенің Вжж ұзындығын кішірейтуге және Тжж уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай жағдайда жүру бөлігінің қауіпсіздік алаңын жабдықтау керек. Әрекет ететін нормативті қағидалар бойынша қауіпсіздік алаңының енін келесі формуламен анықтайды.

, (3.23)

мұнда Nж – екі бағыт бойынша жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы, адам/сағ;



f – қауіпсіздік алаңындағы бір жаяу жүргіншінің алатын ауданы (0,3 м2 деп қабылдануы мүмкін);

Bж – жаяу жүргіншілер өтпесінің ені, м.

Жол қозғалысын ұйымдастыру тәжірибесінде жол қиылысының барлық өтпесінде даусыз өтуді қажет ететін, қарқынды жаяу жүргіншілер ағыны кездеседі. Бұл кезде жер асты жаяу жүргіншілер өтпесін құру және көлік құралдарының солға, оңға бұрылуына тиым салу мүмкіншіліктері жоқ. Көрсетілген жағдайдың қарапайым мысалы болып, 3 фазалық реттеуді қолдану болып табылады, оның ішінде 2 фазасы көлік құралдарының қозғалысы үшін және біреуі қақтығыссыз жаяу жүргіншілердің өтуі үшін арналған.



Барлық жаяу жүргіншілер фазасының болуымен байланысты реттеу циклін есептеу үшін анықталған қиындықтармен байланысты фазалық еселікті анықтау үшін (3.20) формуласын пайдаланады. Есептелуде қолданылатын ун мәні көлік құралдарын өткізу үшін арналған фаза үшін есептеудің фазалық еселігінің қосындысы түрінде анықталады, ал =Тжж. Тжж мәні жаяу жүргіншілер қозғалысының барлық бағыты үшін (3.18) формуласы бойынша анықталады. Есептеу ретінде ең көп алынған мәндер қабылданады. Бұл жаяу жүргіншілер фазасының негізгі тактісі болады.

Көлік фазасы үшін аралық такт ұзақтығын (3.13) формула бойынша, ал жаяу жүргіншілер фазасы үшін (3.16) формуласымен анықтайды. Көлік ағынын өткізу үшін арналған негізгі тактілерді (3.22) формуласы бойынша анықталынады.



Алынған сандық көрсеткіштерді tкi, және бүтін мәнге дейін домалақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет