Асқын өткізгіш материалдартуралы естіген шығарсыздар. Төмен температуралы асқын өткізгіштер үшін қандай да бір Тс сын температурадан төмен Т температурада материалдың электрлік кедергісі секірмелі түрде нөлге дейін төмендейді. Т<Тс болған жағдайда өткізгіштік электрондары өздерін жеке квазибөлшек сияқты көрсетпейді, олар өздерін кристалдық тордың тербелісімен және ақауларымен әсерлесуін тоқтататын тәртіпті топ ретінде көрсетеді. Ұзақ уақыт бойы Тс ≤ 15К болып келген және қолдану облысы (негізінен, суытылатын магниттер орамы үшін) кіші болған. 1987 жылы бұрын диэлектрлік материалдар ретінде қарастырылған, кейбір метал оксидтерінде температурасы Тс–дан 80К-ге дейін жоғары температуралы асқын өткізгіш алуға мүмкіншілік болды, 20 жыл ішінде тек 160К-ге дейін жылжуға мүмкіншілік болды. Дәстүрлі асқын өткізгіштермен салыстырғанда жоғары температуралы асқын өткізгіштерде кемтікті (электронды емес) асқын өткізгішті топ бар.