8.8 б-сурет. Көлденең толқынды атомдардың оптикалық (б) және акустикалық (а)типті жағдайындағы атомдарының ауытқуы
(3.13) теңдеуден акустикалық тармақ үшін атомдар шамамен бірдей фазада тербеледі, атап айтқанда кезінде шарты орындалады. Тербелістің мұндай түрін (8.8а-сурет) кристалға айнымалы серпімді әсер арқылы қоздыруға болады. Атомдар келісілген түрде шамамен бірдей фазада қозғалатын болса, онда ол ұзынтолқынды келтірілген біртекті ортада атомдардың акустикалық тербелісіне сәйкес келеді; осыдан барып «акустикалық фонон» атауы шыққан.
Көпатомды тордағы атомдардың тербелісін екі атомды сияқты схема бойынша қарастыруға болады. Бірақ та бұлай қарастыру математикалық көзқарас бойынша өте қиын (өте көп теңдеулер санын шешу қажет болады, біртекті жүйенің (3.14) анықтауышы үлкен қатарға ие болады және сол сияқты). Жоғарыда қарастырғанға ұқсас r атомнан тұратын ұяшық үшін көлденең толқын үшін де, қума толқын үшін де r түбірлі (3.14) типтес теңдеу пайда болады; олардың бір бөлігін акустикалық тармаққа, ал екінші бөлігін тәуелділігінің оптикалық тармағына жауап береді деп саналады. Барлығы тәуелділігінің үш оптикалық және акустикалық тармақтары пайда болады, ал қосындысында 3r фонондық спектрдің тармағы.