АҚ «Алматы технологиялық университеті»
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасы
кәсіптік практикадан өту туралы
Есебі
(өндірістік)
Топ студенті орындады
|
___________________
(топ)
|
______________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
|
Университет атынанпрактика жетекшісі
М.О.
|
___________________
(лауазымы)
|
______________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
|
АЛМАТЫ, 2020
Өндірістік практикаға арналған жеке
Тапсырма
ТМЖ 17-13 студенті – Дүйсенбекова Зарина Айдынкөлқызы
Өнеркәсіптің техникалық жабдығы –Қамыр қабығы МТР-60
Кіріспе
1. Қамыр илеу машиналары
1.1 Қамыр дайындау агрегаты
1.2 Қамырды бөлшектеу жабдықтары
2.Негізгі бөлім
2.1. .Жұмыс атқару принциптері.
2.2.Жабдыққа жалпы сипаттамасы+
2.3 Техникалық сипаттамалары
2.4. Жабдықтың қолданылуы
3. Монтаждау және іскеқосу-бастау жұмыстары
4.Технологиялық жабдықтың диагностикасы
5. Технологиялық машиналарды жөңдеу жұмыстары
6. Қауіпсіздік ережесі
7. Қортынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тәжірибе жетекшісі т.ғ.к., сениор-лектор Калыкова А.С.
Кіріспе
Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.
Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт, сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.
Достарыңызбен бөлісу: |