А. Амангелді, С. Симбаева


Берілген сөздер мен сөз тіркесін жекеше, көпше түрде тәуелді



Pdf көрінісі
бет55/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

3. Берілген сөздер мен сөз тіркесін жекеше, көпше түрде тәуелді 
септеңіздер: 
құқық, аумақ, егемендік, мемлекеттік құрылыс, ел, елші, елшілік. 
4. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістікпен тіркестіріп, 
мамандығыңызға қатысты сөйлемдер құрастырыңыз: 
қой, жібер, жатыр, де/ет, жүр, баста, таста, ал, қара, бар. 
5. Жақшаның ішіндегі тіркестерді аударып, қажеттілік мәнді сөй-
лемдер құрастырыңыз. 
1. Жапония мен Қазақстанның байланыстарын жандандыруға (большие 
политические преимущества) бер... . 2. Қазақстан Анкарамен саяси
экономикалық ынтымақтастықтың (значительный потенциал) іске қосу... . 3. 
Араб әлемінде Египет Араб Республикасының (политический вес и влияние) 
ескере отырып, Қазақстан осы елмен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтыл... . 
 
11-сабақ 
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ 
 
1-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз: 
сыртқы істер министрлері, талқылаулар, маңызды келісімдер
халықаралық құқықтықтың жаңа нормалары, қабылданған қарарлар, 
ұсыныстар, пікірлер, жарғы, бұрынғы отар елдер, шекаралық даулар.
 
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз. 
3-тапсырма. Мәтінге ат ойлап табыңыз. 


58 
БҰҰ-ның қызметін бірқатар органдар, мекемелер мен ұйымдар 
басқарады. БҰҰ-ның Жарғысымен негізгі 6 орган бекітілген. Олар: Бас 
Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік кеңес
Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық сот, Хатшылық. 
Бас Ассамблея. 
Бас Ассамблея әлем халықтарының барлығына 
жуығының өкілдерінен құралған. Барлық елдер дәл осында бүкіл әлемге 
өздерінің алаңдаушылығын білдіре алады. Жер көлемі мен халқының 
санына немесе экономикалық қуаттылығына қарамастан әр мүше-мемлекет 
бір дауысқа ие болады. Ассамблеяның мәжілістеріне әр елдің жоғары 
рангілі дипломаттары, кейде сыртқы істер министрлері немесе мемлекет 
басшыларының өзі қатынасады. Бас Ассамблеядағы талқылаулар маңызды 
келісімдер мен халықаралық құқықтықтың жаңа нормаларын жасауға қол 
жеткізеді. Ондай келісімдер мен қабылданған қарарларды орындауға 
мәжбүр етілмейтіндіктен олар тек ұсыныстар болып табылады. Алайда, 
көпшілік елдердің пікірлерін білдіретіндіктен олардың елеулі маңызы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет