Анализді жүргізу сатылары
1. Қымыздық қышқылының (Н2С2О4▪2Н2О) стандартты ерітіндісін дайындау.
2. Натрий гидроксидінің жұмыс ерітіндісін (титрантын) дайындау.
3. Натрий гидроксидінің ерітіндісін қымыздық қышқылының стандартты ерітіндісі бойынша стандарттау.
4. Әк тасының құрамындағы СаСО3 -мен әрекетескеннен кейін қалған тұз қышқылын стандартталған натрий гидроксидінің ертіндісімен титрлеу.
5. Таза тұз қышқылын стандартталған натрий гидроксидінің ертіндісімен титрлеу.
6. Әк тастың құрамындағы СаСО3-ның массалық үлесін есептеу.
Жұмысты орындау реті
1. 100 мл 0,1н қымыздық қышқылының (Н2С2О4▪2Н2О) стандартты ертіндісін даярлау
Қымыздық қышқылының натрий гидроксидімен реакциясының теңдеуі:
Н2С2О4 + 2NаОН = Nа2С2О4 + 2Н2О
Қымыздық қышқылдың эквиваленттік массасы тең:
Мэ = = г/моль
100 мл 0,1 н ертінді дайындау үшін қажет қымыздық қышқылының массасы:
m = Сн▪Мэ▪ V = 0,1 ▪ 63 ▪ 0,1 = 0,63 г
Дәл есептелген массаны өлшеп алу қиынға соғады. Сондықтан осы есептелген цифраға жақын массаны өлшеп алу керек те, кері есептеу жүргізу керек. Мысалы, таразыда өлшеніп алынған масса тең: m = 0,5785 г. Өлшеуіш колбаның көлемі: V = 100 мл. Сонда дайындалған стандартты ерітіндінің титрі тең болады:
Т Н2С2О4▪2Н2О =
Ал нормальдық концентрациясы тең:
Сн Н2С2О4▪2Н2О = = 0,092 н
Достарыңызбен бөлісу: |