А. Х. Тажибаева Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ


Кәсіптік одақтар – еңбек қатынастарының субъектісі ретінде



бет4/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,14 Mb.
#6267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кәсіптік одақтар – еңбек қатынастарының субъектісі ретінде

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) — дербес тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабына сәйкес: азаматтарда бірлесу бостандығына құқықтары бар, оның ішінде кәсіптік одақтарға.

Заң актілерінде белгіленген кәсіподақтардың қызмет қағидалары:

- тәуелсіздік;

- кәсіптік одақтарды құруға кедергі келтіру, сондай-ақ оның қызметіне қарсы әрекет жасау заң бойынша қудаланады (Кәсіподаңтар туралы заңның 4-бабы);

- мүлік дербестігі (Кәсіподақтар туралы заңның 23-бабы);

- тіркеуші орган кәсіподақтардың қызметіне бақылау жасамайды (Кәсіподақтар туралы заңның 8-бабы);

- кәсіподақ мүшелері өз жарғыларын дербес өңдейді және бекітеді, өз құрылымын анықтайды, басқаратын органдарды қалыптастырады;

- өзін-өзі басқару — қоғамдық бірлестіктер туралы Заңымен ескерілген және барлық қоғамдық бірлестіктерге бірдей көлемде жатады. Тағы осы қағида кәсіподақтардың өз жарғыларын дербес қабылдау және ішкі қызметін жөнге салу құқықтарын түсінуі тиіс;

- еркінділік - кәсіподақты құру және оған кіру тек қана келісім түрінде көңіл білдіру негізінде ғана түсініледі. Ол кәсіподақтар туралы заңдарда және ҚР «Қоғамдың бірлестіктері туралы» Заңында бекітілген;

- кәсіптік кәсіподақтардың тең құқылығы - кәсіптік кәсіподақтар мүшелердің тең құқығы негізінде құрылады. Барлық кәсіптік одақтарға бірдей құқылық мүмкіндік беріледі. Бір кәсіп (кәсіптер тобы) шеңберінде құрылатын кәсіптік одақтардың санына шек қойылмайды;

- құрылу және қызметінің заңдылығы. Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестікте өз қызметін тиісті жүзеге асыру және оларға қайшы келмеу. Кәсіподақ құрылу кезінде заңдылықты мемлекет жағынан қамсыздандыратын тіркеуші орган, яғни әділет басқармасы.

Кәсіптік одақтардың қызметі ҚР Конституциясымен, 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

Кәсіптік одақ кемінде он адамнан түратын азаматтар тобы-ның бастамасымен құрылады, олар қүрылтай съезін (конферен-циясын, жиналысын) шақырып, онда одаңтың жарғысы бекіт-іледі жөне басшы органдары қүрылады.

Мүшелікке өту және одан шығу шарттары мен тәртібі кәсіптік одақтың жарғысымен белгіленеді.

Кәсіптік одақтың заңды ұйым ретінде құқылық қабілеті ол тіркелген кезден пайда болады.

Кәсіптік одақтарды тіркеу «Қоғамдың бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіптік одақтар өндірістік-салалық қағида бойынша құрылады.

Кәсіптік одақтың ішкі құрылымы оның жарғысымен белгіленеді.

Кәсіптік одаңтар ерікті негізде өндірістік (салалық), аумақтық және өзге қағидалар бойынша одақтардың бірлестігін құра алады, сондай-ақ оларға кіре алады, бір-бірімен уақытша және тұрақты шарттар, келісімдер жасасып, бірлескен акциялар мен шаралар өткізе алады.

Кәсіптік одақтар келесі міндеттерді орындайды:

1) өкілдік қызметі. Ол кәсіподақтардың ұғымынан шығады және жұмыс берушілермен, ұйым өкімшілігімен, мемлекеттік органдармен және т.б. қатынастарда барлық жағынан жүзеге асады;

2) қорғау қызметі деген — өз мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалың мүдделерін, еңбек жағдайларының қорғау және жақсарту мақсатына бағытталған құқықтық қызмет.

Кәсіподақ өкілеттіктерінің жүзеге асыру тәртібі тиісті заңдармен және кәсіподақ жарғысымен анықталады.

Кәсіподақтардың негізгі құқықтары олардың ңызметінің саласы бойынша топтастырылады:

1. Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін білдіру құқығы. Кәсіптік одақтар туралы заңның 10, 11-баптарында бекітілген;

2. Тиісті нормаларды жасасуда және құқық қолдану ісінде қатысуға құқығы (кәсіптік одақтар туралы заңның 10, 11, 12, 17-баптарында);

3. Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбектік құқықтарын және мүдделерін қорғауға құқығы.

Кәсіптік одақ өз мүшелерінің еңбек ету және әлеуметтік-экомомикалық құқықтары мен мүдделерін мынадай жолдармен қорғайды:

- кәсіподақ мүшесі жұмыс берушімен шарт, келісім жасасқан кезде оған құқылық және консультациялық көмек көрсету;

- өз мүшелерінің қүңықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғап, сотқа жүгіну;

- іс қаралған кезде сотқа қатысу;

- өз мүшелері атынан жұмыс берушімен кәсіподаң мүшелерін, сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа да мүшелерін қамтитын шарттар, келісімдер жасасу.

Өз мүшелерінің еңбек ету және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіптік одақтар қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтін басқа да әдістерді пайдалана алады.

5. Ұжымдық келіссөздерін жүргізу, келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылау. Еңбек ұжымының тапсырысы бойынша кәсіподақ өзінің органы арқылы жұмыс берушімен ұжымдың шарт жасасқан кезде оның мүдделерін білдіреді, оның орындалуын бақылайды.

6. Ұжымдың еңбек дауларына құқығы және оларды реттеуіне қатысу.

Еңбек ұжымына, немесе онымен уәкіл етілген кәсіптік одақтардың органдарының жөне олардың біріктірулеріне, жұмыс берушімен еңбекақы шарттарын анықтау, өзгерту және төленуі, ұжымдың шарттарды және келісімдерді жасасу, орындау бойынша, сонымен қатар әрекеттегі заңдарды, ұжымдың шарттарды және келісімдерді қолдану сұрақтары бойынша келіспеу құқығы берілген.

7. Еңбек заңдарының орындалуының кәсіподақтық бақылау құқығы. Еңбек Кодексінің 340-бабына және Кәсіптік одақтар туралы заңның 13-бабына сәйкес қызметкерлердің өкілдері жеке еңбек, ұжымдық шарттары жағдайларының орындалуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және анықталған құқық бұзушылықтың жоюын талап етуге құқылы.

8. Еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы құқықтар: заңнамалармен берілген құқықтар шегінде еңбекті қорғау туралы заңнаманы орындау бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру; кәсіпорындарды және өз мүшелерінің жұмыс орындарын өз өкілдері арқылы қатысу; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін бұзатын тұлғаларға қарсы прокуратура алдында істер қоздыруы туралы өтініш ету;

9. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға, санаторий-курорттық мекемелермен бірге басқаруға қатысуға құқылы.

Кәсіптік одақтардың меншігі олардың кәсіпорындарынан, түрғын үй қорынан, баспаларынан, полиграфиялық базасынан, емдеу мекемелерінен, демалыс, білім беру, мәдениет, спорт, балалар мекемелерінен және үйлерімен, жабдықтарымен, сондай-ақ кәсіподақтардың өз қаражатына сатып алынған басқа да мүлікпен қоса алғандағы басқа да мекемелерінен құралады.

Кәсіптік одақтар меншік құқығымен өздеріне тиесілі мүлік пен ақшалай қаражатты иеленеді, пайдаланады және оларға билік етеді.

Кәсіптік одақтар мемлекеттің, жұмыс берушілердің, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, өз кезегінде олар да кәсіподақтардың міндеттемелері бойынша жауап кәсіптік одақтардың меншігі заңмен қорғалады.

Кәсіптік одақтар заңдарға сәйкес заңды тұлғалар болып табылады.

Кәсіптік одақтар мен олар уәкілдік берген органдар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға, кәсіпорындар, мәдениет, оқу, емдеу, спорт, спорттық-сауықтыру мекемелерін және басқа мекемелер, банкілер, сақтандыру қоғамдары мен акционерлік қоғамдар құруға, бірлескен кәсіпорындардың құрылуы мен қызметіне қатысуға, лотереялар, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға, өткізуге, өз мүшелерін сақтандыруға, баспа қызметімен айналысуға, ынтымақтастық норларын, мәдени-ағарту норларын және әлеуметтік-экономикалық қорлар құруға, сондай-ақ өздерінің мақсаттары мен міндеттеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Жоғарыда көрсетілген құқықтар кәсіподақтардың органдарымен жүзеге асырылады, өйткені олар әрекет ңабілеттілігіне ие болады, яғни өз әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерге ие болу және жүзеге асыру қабілеттілігіне ие болады.

Еңбек Кодексінің 1-бабына сәйкес әлеуметтік әріптестік деген - қызметкерлер, қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі.

Қызметкерлердің өкілдері ретінде кәсіптік одақтардың, олардыың бірлестіктерінің органдары, сондай-аң заңдарда белгіленген тәртіппен құрылған қызметкерлер, уәкілеттік берген өзге де адамдар мен ұйымдар бола алады.

Жұмыс берушілердің өкілдері - заңдарда белгіленген тәртіппен құрылған жұмыс берушілер органдары уәкілеттік берген адамдар.

Атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуі тиісті келісім жасасу арқылы іске асады.

Келісім — салалық, аймақтың республикалық, салалың (тарифтік) және өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту жөне әлеуметтік ке-пілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт.

Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:

- мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелiк сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;

- ақша қорларын қалыптастыру;

- мемлекеттiк басқару органдарының кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн актiлерi жөнiнде сотқа шағым жасау; мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына олар қабылдаған, кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн құқылық актiлердiң толық немесе iшiнара күшiн жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасау;

- кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актiлерге наразылық бiлдiру туралы, кәсіподақтар туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушы адамдарға қарсы iс қозғау туралы прокуратураға өтiнiш жасау;

- заңда берiлген құқықтар шегiнде өз мүшелерi жөнiнде еңбек, тұрғын үй және зейнетақы заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және анықталған бұрмалаушылықтардың жойылуын талап ету;

- бағаның өсуiне байланысты ең төменгi тұтыну бюджетiнiң және оның жекелеген тұтыну себептерiнiң нақтылы-заттай құрылымы мен құрамын қайта қарауға, еңбекке ақы төлеудi, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қайта қарауға қатысу;

- өз кәсiподағы мүшелерiнiң кәсiпорындары мен жұмыс орындарына өз өкiлдерiн жiберу;

- еңбек ұжымдарының тапсырмаларына сәйкес олардың әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасу;

- заңмен белгiленген тәртiп бойынша жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыру және өткiзу;

- баспа қызметiмен айналысу, баспасөзде және басқа да бұқаралық хабарлама құралдарында, кәсiпорындарда өз қызметiн көрсету;

- меншiкке ие болу;

- өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

Мемлекет кәсiподақтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметiне кепiлдiктер белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының заңдарында, жұмыс берушiлермен жасалған келiсiмдерде және шарттарда кәсiптiк одақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.

Кәсiподақтардың өкiлеттiгiн жүзеге асыру тәртiбi тиiстi заңдармен және кәсiподақ жарғысымен белгiленедi.

Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен оған нақты ақы төлеу, еңбек қорғау және өндiрiстегi қауiпсiздiк, жұмыспен қамту, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтiк сақтандыру және денсаулығын сақтау, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кәсiподақтардың құқықтары Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

Кәсiптiк одақ өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн мынадай жолдармен қорғайды:

- кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен контракт (шарт, келiсiм) жасасқан кезде оған құқылық және консультациялық көмек көрсету;

- өз мүшелерiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғап, сотқа жүгiну;

- iс қаралған кезде сотқа қатысу;

- өз мүшелерi атынан жұмыс берушiмен кәсiподақ мүшелерiн, сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа да мүшелерiн қамтитын шарттар, келiсiмдер жасасу.

Кәсiптiк одақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ егер еңбек ұжымының жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмiмен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiруге кәсiподаққа өкiлдiк берiлген болса, оның басқа мүшелерiнiң де құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Тексерулердi жүзеге асыру барысында кәсiподақтардың өкiлдерi өз мүшелерiнiң жұмыс орындарына кiруге және әкiмшiлiктен тиiстi хабарлама алуға құқылы.

Жұмыс берушi мен оның әкiмшiлiгi тарапынан осы мақсатта жүргiзiлетiн тексерулерге қарсы әрекет және кедергi жасалуы заң бойынша қудаланады.

Өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiптiк одақтар қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн басқа да әдiстердi пайдалана алады.


Мемлекеттік органдар
Мемлекеттік оргaндaр өздерінің құқықтық мәртебесі жaғынaн еңбек құқығының өзгеше субъектісі болып тaбылaды. Күшіндегі зaңдaрғa сәйкес мемлекеттік бaсқaру және бaқылaу функциялaрын орындaуғa құқылы, белгіленген тәртіпте құрылғaн мемлекеттік мекемелер мемлекеттік оргaндaр болып тaбылaды.

Өз деңгейлеріне қaрaй мемлекеттік оргaндaр республикaлық, aймaқтық және жергілікті болып бөлінеді. Республикaның бaрлық aумaғындa қызметін жүзеге aсырaтын және өкілеттігі жүретін мемлекеттік оргaндaр республиклыыққa жaтaды. Екі және одaн көп облыстaрдың aумaғындa қызметін жүзеге aсырaтын жөне өкілетгігі жүретін мемлекеттік оргaндaр aймaққa жaтaды. Тиісті бір әкімшіліктік-aумaқтық бөліністе (облыс, республикaлық деңгейдегі қaлa немесе aстaнa, т.б.) қызметін жүзеге aсырaтын және сол aумaққa өкілеттігі тaрaлaтын мемлекеттік оргaн жергіліктіге жaтaды. Мемлекеттік оргaнның құрылтaй құжaттaрынa сол оргaнды құру турaлы aкт және ол жaйындaғы Ереже тән.

Мемлекеттік оргaнды бірінші бaсшы бaсқaрaды, оны мемлекеттің немесе мемлекеттік оргaнның тиісті лaуaзымды aдaмы қызметке тaғaйындaйды және жұмыстaн босaтaды. Мемлекеттік оргaнғa жүктелген мaқсaттың орындaлуынa және оның өз міндетін жүзеге aсыруынa бірінші бaсшы тікелей өзі жaуaп береді. Ол өз орынбaсaрының (орынбaсaрлaрының) және оргaнның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін aнықтaйды, зaңнaмaғa сәйкес (кейбір жaғдaйлaрдa жоғaры тұрғaн мемлекеттік оргaн бекітетін қызметтер номенклaтурaсынa сәйкес мемлекеттік оргaнның қызметкерлерін қызметқе тaғaйындaйды және қызметтен босaтaды; мемлекеттік оргaнның қызметкерлеріне белгіленген тәртіпте жaзa қолдaнaды және бaсқa дa құқықтaрын жүзеге aсырaды.

Қaзaқстaн Республикaсының еңбек кодексінің 1 бaбындa «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік оргaн» - еңбек қaтынaстaры сaлaсындaғы мемлекеттік сaясaтты Қaзaқстaн Республикaсының зaңнaмaсынa сәйкес жүзеге aсырaтын Қaзaқстaн Республикaсының мемлекеттік оргaны, деп aтaп көзделген. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік оргaнның aумaқтық бөлімшелері - еңбек жөніндегі уәкілетті оргaнның тиісті әкімшілік-aумaқтық бірлік шегінде еңбек қaтынaстaры сaлaсындaғы өкілеттіктерді Қaзaқстaн Республикaсының зaңнaмaсынa сәйкес жүзеге aсырaтын құрылымдық бөлімшелері.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті болып мыналар табылады:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың əзірленуін жəне орындалуын ұйымдастырады;

3) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібін белгілейді;

4) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында ақпарат беру жəне мемлекеттік статистика жүргізу тəртібін айқындайды;

5) шетелдік жұмыс күшін тарту тəртібін белгілейді;

6) əлеуметтік жəрдемақылардың мөлшерін, оларды тағайындау жəне төлеу тəртібін айқындайды;

7) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді;

8) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тəртібін белгілейді;

9) Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;

10) азаматтық қызметке орналасу жəне азаматтық қызметшінің бос лауазымына тұруға конкурс өткізу тəртібін айқындайды;

11) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;

12) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен жəне қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;

13) тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілейді;

14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1 Еңбек қатынастарының субъектілерінің ұғымы

2 Еңбек қатынастарының субъектілерінің түрлері

Тақырып 4. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт

Тақырыпты меңгеру бойынша әдістемелік нұсқама
Студенттер бұл тақырыптарды оқу барысында өткен тақырыптарға нақтырық айтатын болсақ, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі әдістерге, еңбек құқығының қайнар көздерінің ерекшеліктеріне, соынмен қатар, кәсіптік одақтардың қызметкердердің мүдделерін қорғауға қатысуын сүйенулері қажет.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес, «әлеуметтік әріптестік – бұл қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі». Ал ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.



Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 4 бөлімін қараңыз.
4.1 Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі, жүйесі және принциптері
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес, «әлеуметтік әріптестік – бұл қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі».

Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары: 1) республикалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия); 2) салалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық комиссия); 3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында; 4) ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді (ҚР ЕК 260 б.).

Әлеуметтік әріптестік мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер; 2) еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара консультациялар (келіссөздер); 3) қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады (ҚР ЕК 261 б.).

ҚР ЕК 258 бабы әлеуметтік әріптестіктің мынадай міндеттерін анықтайды:

1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;

2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;

4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;

5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;

6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.

ҚР ЕК 259 бабы әлеуметтік әріптестіктің мынадай принциптерін белгілейді:

1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;

2) тараптардың тең құқықтылығы;

3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;

4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;

5) тараптар мүдделерін құрметтеу;

6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;

7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;

8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;

9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.


4.2 Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру және келісімдер жасау тәртібі
Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру ҚР ЕК 29 тарауымен реттеледі. Әлеуметтік әріптестік республикалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты республикалық комиссиямен қамтамасыз етіледі. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады (ҚР ЕК 263 б.).

Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады (ҚР ЕК 264 б.).

Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі кәсіптік одақтар бірлестіктері қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады. Өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері: облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік; қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер болып табылады (ҚР ЕК 265 б.).

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың келісімі бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау үшін, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс істейтін кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай сайын аудара алады (ҚР ЕК 266 б.).

Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай принциптерге сәйкес құрылады: 1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі; 2) тараптардың өкілеттілігі; 3) тепе-тең өкілдік ету; 4) тараптардың тең құқықтылығы; 5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады (ҚР ЕК 267 б.).

Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады. Комиссиялардың негізгі міндеттері: 1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу; 2) келісімдерді әзірлеу мен жасасу; 3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту; 4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Комиссия отырыстары жылына екі реттен сирек болмайтындай етіп өткізіледі (ҚР ЕК 268 б.).

Әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы келісімдер жасау тәртібі ҚР ЕК 30 тарауында белгіленген.

Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлігі болып табылады және солармен бірдей заң күшіне ие болады. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа келісім қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен қоса он күн мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі (ҚР ЕК 272 б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет