6.3 Өлшеулер мен есептеулер жүргізу
6.3.1 Сақиналардың (dэ) диаметрлерін өлшеу. Экранда алынған сақиналар Ньютон құралындағы сақиналармен салыстырғанда үлкейтілген екенін еске сақтаған жөн. Сондықтан сақиналардың ақиқат өлшемдерін алу үшін, құралдың оптикалық жүйесінің сызықтық ұлғаюын анықтау қажет.
6.3.2 Құралдың оптикалық жүйесінің сызықтық ұлғаюын анықтау қажет. Ол үшін объектив центрінен экранға дейінгі a1 арақашықтықты және объектив центрінен Ньютон құралына дейінгі a2 қашықтықты өлшеу қажет (4-суретті қара), ал сосын олардың a1/a2 қатынасын есептеу қажет.
6.3.3 Ньютон сақиналарының (d) ақиқат диаметрлерін есептеу. Ол үшін экраннан алынған сақиналардың (dэ) диаметрлерін a1/a2–ге тең коэффициентке көбейту қажет.
6.3.4 Сәйкесінше 1, 3, 5 – күңгірт сақиналардың радиустары және 2, 4, 6 – ашық сақиналардың радиустарын қолдана отырып, (14) формула бойынша линзаның қисықтық радиустарының (R1, R2, R3, R4) мәндерін есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |