А. Канагатова 20


Еуразиялық экономикалық одағында бизнес білім беруді дамыту тенденциялары (оның ішінде, Қазақстан Республикасында)



бет10/41
Дата05.06.2017
өлшемі11,34 Mb.
#18111
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41

5.8 Еуразиялық экономикалық одағында бизнес білім беруді дамыту тенденциялары (оның ішінде, Қазақстан Республикасында)


  1. Нарықтың негізгі қажеттілігіне бизнес-білім беру бағдарламалары мазмұнының сәйкессіздігі

  2. Отандық бизнес-мектептерді мемлекеттік қолдау және қорғау деңгейінің төмендігі

  3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді регламенттеуші нормативті құжаттардағы келіссіздік

  4. Бизнес-мектептердің академиялық автономдығының болмауы, оқыту бағдарламаларының артық стандартталуы

  5. Білім алуға жеке тұлғаларға несиелеу деңгейінің төмендігі

  6. Компаниялар мен жеке тұлғалардың бизнес-білімнің маңыздылығын мойындауға дайын еместігі

5.8.1 Ресейдің бизнес-білім беру нарығы


Ресейлік бизнес-білім нарығына 25 жылдан аса қойған жоқ, демек, ол енгізу сатысында, бірақ та енгізу ойдағыдай өтті және алда – қарқынды өсу. Ресейдің бизнес-білімінің заманауи нарығы бар-жоғы 90 бизнес-мектепке берілген, оның жартысы Мәскеуде (56), 12 — Санкт-Петербургте, қалғаны аймақтарда (8), сонымен бірге олардың жартысы — мәскеулік және питерлік бизнес-мектептердің филиалдары. РАБО мәліметі бойынша, МВА дипломы бар тыңдаушылардың жыл сайынғы шығарылымы 10 000-нан астам адам. МВА бағдарламалары бойынша Петербургте бар-жоғы 1000 тыңдаушыдай жыл сайын болса, алайда, Мәскеуде — 8000. Осындай жолмен, бизнес-білімнің ресейлік нарығы әлдене түсіп, таяу арада өз бәсекелестерін күтуіне болады. Қазірдің өзінде сұраныстың өзгеруіне негізделген өзгерістер болуы мүмкін. Бизнес-білімге сұраныстың дамуындағы жаңа тенденцияларды В.А. Мау төмендегідей ажыратады:

– үздіксіз білім жаңа білім мен құзіреттілікті формалдық диплом немесе дәрежемен салыстырады;

— ұзақтығы жағынан барынша қысқа және уақыт жағынан бір жерге топтастырылған бағдарламаға сұраныс өседі. МВА-дің классикалық бағдарламасы қабылданған 2 жылдың орнына 1 жылға дейін қысқарады;

— оқыту нысанының маңыздылығы артты. «Өндірістен қол үзбей» оқыту формасы барған сайын танымал бола бастауда (кешкі» немесе модульдік (2 апталық сессия тоқсанына бір рет);

— тыңдаушылар сегментациясының рөлі өсті. МВА бағдарламаларындағы топ-менеджерлерге арналған «Executive MBA» бағдарламасы бөлініп шықты.

— МВА бағдарламаларының функционалды мамандануының пайда болуы — МВА-маркетинг, МВА-қаржы және т.б.;

— шетелдік студенттердің осы бағдарламалармен өсуін білдіретін МВА бағдарламалары интернационализациясының өсуі.

Мұның бәрі оқу бағдарламаларына және Ресейдегі МВА бағдарламаларын жүзеге асырудағы ұйымдастыру формаларына жаңа талаптар қояды.



5.8.2 Беларусь Республикасындағы бизнес-білім беру


Беларусь Республикасындағы бизнес-білім беруді дамыту мен сапасын арттыру айрықша маңызды болып табылады, өйткені белоруссиялық басқарушылар мен кәсіпкерлердің мансаптық ілгерілеудің бастапқы алаңы болып табылатын техникалық білімі бар. Беларусь Республикасындағы бизнес-білім беру, негізінен төмендегідей бағыттар бойынша жүреді:

- екінші жоғары (экономикалық) білім алу;

- MBA бағдарламасы бойынша оқу (Master of Business Administration);

- қайта дайындау және біліктілікті арттыру.

Белоруссиядағы басқарушы кадрлардың экономикалық білім жүйесі ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдардың ортасынан өзінің дамуын бастады. Осы процесс көздерінде 3 бизнес-мектеп тұрды: Басқару және бизнес Жоғары мектебі БМЭУ(1996 жылы магистрлердің бірінші шығарылымы болды және ұлттық үлгідегі №1 диплом экономикалық ғылым магистріне берілді), Бизнес және менеджмент технологиясы институты БМУ (мұнда бірінші рет орыс және ағылшын тілді МВА бағдарламалары ұйымдастырылды, мемлекеттік үлгідегі тиісті диплом берілуімен), Жекешелендіру және менеджмент институты (мұнда алғаш рет магистрлерді қашықтықтан оқытудың толық форматты жүйесі байқаудан өткізілді). Заманауи бизнес-білімді дамытудың кейбір әрекеттері жасалды және Янка Купала атындағы Гродненск мемлекеттік университеті де, алайда 2007 жылы МВА магистрлік дайындығы бойынша мамандар дайындауға көшті.

Айта кету керек, Белоруссияда бизнес-білім алудың барынша таралған бағыты екінші жоғары (экономикалық) білім алу, мүмкін, белоруссиялық дәстүрлердің күшіне бағытталған. Тек, 2009 жылдың аяғында белоруссия жағымен ақпараттық-ұйымдастыру материалдар пакеті және елдің Болон процесіне кіруіне өтінім беріліп және жоғары білім берудің Еропалық кеңістігіне институционалды ресімделуді 2010 жылы алды. Ең көп танымалдықты екінші жоғары экономикалық білімді 2800-ден астам адам алатын Басқару және бизнес Жоғары мектебі БМЭУ алды.

Белоруссияның бизнес-біліміне айтарлықтай үлесті 1996 жылы құрылған «Бизнес және менеджмент технологиялары институты» қосуда. 1999 жылдан бастап БМТИ БМУ-да екі жылдық – бизнесті басқару саласының жоғары білікті мамандарын дайындау үшін МВА бағдарламасы ашылды. БМТИ БМУбастамасы бойынша «Бизнес әкімшілдік» мамандығы ашылды және Институт, басқа ЖОО қатар, осы мамандық бойынша жоғары білім берудің алғашқы қадамындағы мамандар дайындауды бастады. 2010 жылдың қыркүйегінде Институт базасында МВА ағылшын тілді магистрлік бағдарламасы бойынша Белоруссияда алғашқы жобаны бастады. Ағылшын тілді МВА бағдарламасының халықаралық CEEMAN және АМВА аккредитациясы бар. Белоруссияның мемлекеттік экономикалық университетіндеашылуы бойынша жұмыстар жүруде, ал дұрысын айтқанда халықаралық стандартқа тиісті МВА бағдарламасы қайта қалпына келтіріледі. Осыған байланысты, Беларусь Республикасындағы бизнес-білім қалыптасу кезеңінде тұр.Сөз жоқ, бизнес-білімге сұраныс өсетін болады, алайда бизнес-білімнің дамуына төмендегідей бірқатар факторлар кедергі келтіруде:

• Институционалдық белгісіздік. МВА бағдарламаларының ұлттық аналогтарын толық көлемде бастауға мүмкіндік беретін кәсіби магистратураға тұспалданған мәртебесі тек 2010 жылы заңды айқындалған.

• Шетелдік жетекші бизнес-мектептермен бірлескен толық форматты білім беру жобаларыныңжоқтығы. Нәтижесінде барлық білім беру бағдарламалары ерекше ішкі нарыққа тұспалданған және әзірге формальді халықаралық мойындауы болған жоқ.

• Бизнес-білім беру саласындағы магистрлік дайындықтың ұлттық форматтары жалпы сипаттағы және білім беру қызметінің осы сегментінің ерекшелігін ескере бермейтін, көбінесе, басқарушы еңбектің нарықтағы заманауи талаптарымен тікелей қарама-қайшы келетін Білім беру Министрлігінің көптеген ережелері мен нұсқауларымен басқарылады. Қалыптасқан білім беру регламенттері аясында, мысалы, оқу процесін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесіне өту, қашықтықтан білім беру технологиясын толық форматта пайдалану тіпті мүмкін емес.

• Тыңдаушылардың конкурстық іріктелуінің жоқтығы: белоруссиялық бизнес-мектептер оқуға ақысын төлегендердің бәрін қабылдай береді.

• Білім беру жобаларына тиімді инвестициялаудың орнықты жүйесінің болмауы.



5.9 Қазақстандағы бизнес білім беру нарығының орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауындағы өсу динамикасы


ТМД-ның басқа елдері сияқты Қазақстандағы бизнес білім беру жаңа бағыт сияқты ХХ ғасырдың 80 –жылдарының аяғында- 90 жылдардың басында басталды. Жалпы кәсіби экономикалық білімнен бизнес білім сегментін бөліп алу мемлекеттік суверенитет пен экономикалық дербестік алумен, экономикалық қатынастардың жаңа түріне өтуімен, кәсіпкерлік пен жеке меншік институтының дамуымен байланысты құрылымдық өзгерістермен және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға негізделген. Жоспарлы-шаруашылықтан нарықтық экономикаға өту жағдайында елдің алдында нарықтық қатынастар, менеджмент пен маркетинг, бизнес пен кәсіпкерлік, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржылық-кредиттік механизм, халықаралық экономикалық қатынастар және т.б. саласының білімін меңгерген мамандар дайындау қажеттілігі тұр. Тап осы жылдары елде менеджмент пен бизнес әкімшілдік саласының алғашқы бағдарламалары, бірінші бизнес мектептер ашылды (АлММ, соңында ХБА болып қайта құрылды, ҚМЭБИ).

Бүгінде, Қазақстандағы бизнес-білім беру жүйесі (1) бизнес мектеп, (2) тренингтік және консалтингтік компания, (3) компаниялар жанындағы оқу орталықтары мен корпоративтік университеттер, сондай-ақ (4) Қазақстандағы шетелдік бизнес мектептер мен тренингтік компаниялар сияқты субъектілерге берілген.

Барынша танымал қазақстандық бизнес мектептер қатарына Алматы Менеджмент Университетін (бұрынғы ХБА), ҚМЭБИ, Халықаралық Бизнес Университетін (UIB), Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық Бизнес Мектебін жатқызуға болады. 2012 жылы Астана қаласында Бизнестің Жоғарғы Мектебі Назарбаев Университеті ашылды, ол халықаралық стандарттарға сай халықаралық деңгейдегі Бизнес Мектеп болып қалыптасты.Осы аталған бизнес-мектептермен жүзеге асырылатын барынша танымал бағдарламалардың арасында Іскери Әкімшілдік Магистрі (МВА), Іскери Әкімшілдік Докторы (DBA), сондай-ақ басшыларды кәсіби дамыту сияқты бағдарламалар бар.Екі дипломды халықаралық бағдарламалар, мысалы бірлескен бағдарламалар НЕС (Франция), MSM (Нидерландия), РХШжМСА (Ресей), Алматы Менеджмент Университетінде жүзеге асырылатын халықаралық екі дипломды бағдарламалар IBS Еуропалық Университетпен (Швейцария), МИРБИС Институымен, РФ-ның Қаржы Академиясымен, Т.Рысқұлов атындағы ҰЭУ бағдарламалары үлкен танымалдыққа ие. Танымал бағыттар (мамандандырулар) қатарында – Стратегиялық Менеджмент, Қаржылық Менеджмент, Адами дамуды басқару, Стратегиялық Маркетинг және басқалары бар.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 2013-2014 ӘЭФ есебіне сәйкес, «бизнес мектептер сапасы» санаты бойынша (quality of management schools), Қазақстан 148-дің ішінен 96-шы орынға ие болып отыр (өткен жылы бұл көрсеткіш 144-тің ішінен 103-ке теңескен болатын.



Сурет5. «Бизнес-мектептер сапасы» көрсеткіші бойынша ел рейтингісіндегі Қазақстанның алатын орны



Дереккөздері: ӘЭФ мәліметі, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 2008-2013жж. бойынша есептер

ЖОО/бизнес мектептермен қатар, бизнес-білім нарығы қысқа мерзімді бағдарламаларды, консалтинг жобаларын, бизнес курстарын, семинарлар мен тренингтерді жүзеге асырушы тренингтік және консалтингтік компанияларға да берілген. Кәсіби кадрларды оқыту мен дайындауда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры үлкен рөл атқарады. Қазақстанның бизнес-білім нарығында отандық ЖОО-лар мен тренингтік компаниялардан басқа, қысқа мерзімді бизнес курстар мен семинарларды жүзеге асырушы шетелдік бизнес мектептер мен компаниялардың өкілдіктері де қатысуда. Қазақстанда жыл сайын МВА халықаралық көрмелері өткізіледі (QS World MBA Tour, Access MBA және басқалары), қатысушылары отандық бизнес ЖОО-ларға кәдімгідей бәсекелестік туғызады.

Кеңестік дәуірдегі басқа елдермен салыстырғанда, 2013 жылы Қазақстан осы категория бойынша Ресейді (113), Украинаны (115), Арменияны (120), Молдавияны (133), Әзірбайжан (134), Қырғызстанды (139) басып озды, алдына Балтика елдерін ғана шығарды. Кеңестік дәуірдегі елдер бизнес-мектептерінің батыстан артта қалуы ТМД елдері үшін бизнес-білім беру жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа бағыт болып табылады. Батыстық бизнес мектептердің 130-жылдық тарихы болатын болса, қазақстандық бизнес білім нарығына небәрі 25 жыл.

Қазақстанның бизнес-білімінің дамуына халықаралық ұйымдар айтарлықтай үлес қосуда. Жүздеген кәсіпкерлер, қазақстандық компаниялардың жоғарғы және орта буындарының жетекшілері оқытылды және халықаралық ұйымдардың гранттары бойынша шетелдегі жетекші компанияларда машықтанудан өтті. Кәсіпкерлік кадрлардың дамуына айтарлықтай үлесті адами ресурсты дамытудың Қазақстандық-Жапондық Орталық қосуда, оның басты бағыттарының бірі компания менеджерлері мен мамандарын оқытуға арналған бизнес-курстарды жүзеге асыру болып табылады. Осындай жолмен, бизнес-білім нарығы қалыптасты және қазіргі уақытта өзінің қалыптасу және даму сатысында тұр.

Бизнес білім жүйесін дамыту кәсіпкерлік және басқарушылық кадрларды оқыту мен кәсіби дамытуға сұраныстың өсуіне негізделген. «Қазақстан-2050» Стратегиясында, кәсіпкерлік «жаңа экономикалық курстың қозғаушы күш» болып мойындалған. Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән береді. Қазақстан Президентінің Халыққа Жолдауында (2014), шағын және орта бизнесті дамыту «Қазақстанның ХХІ ғасырдағы индустриалды және әлеуметтік жаңашылдандыру құралы» ретінде белгіленді. Осы міндеттерді орындау үшін кәсіби оқыған кәсіпкерлік саласының мамандары керек.

Өкінішке орай, бүгінгі күнде кәсіпкерлік және басқару кадрларының елдегі дамуы мен дайындығы жеткіліксіз болып отыр. Қазақстанда бизнес жүргізудің заманауи шарты басқарушы кадрларға жаңа талаптар қояды. Қазіргі заман басшыларынан стратегиялық тұрғыдан ойлай білу және тез өзгермелі жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдай білу талап етіледі. Бизнесті шебер көшбасшылық және коммуникативтік дағдылармен басқара білу – компания басшылары қызметінің негізгі факторы болуда. Мұндай табысты басшы болу үшін, базалық университеттік білім мен басқарудың практикалық тәжірибесінің болуы жеткіліксіз. Бизнесті басқарудың заманауи технологияларын білу, дамудың мүмкін сценарийін моделдеу қабілеті мен бизнесті тиімді басқару бойынша жаңа идеялар шығару қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, қазіргі басшыға басқарушы бизнес білім қажет.



ҚР бизнес-білімінің ұзақ мерзімді трендттері

1. Бизнес-білімнің әлемдік жүйесіне кірігуді күшейту.

2. Бизнес-бағдарламалардың мемлекеттік реттелуін күшейту (қысқа мерзімді перспективадағы).

3. Күшті бәсекелестік (ұлттық және халықаралық деңгейде).

4. Оқытушылар құрамын сапалы дамыту.

6. Бағдарламаларға сұранысты өзгерту (мамандандыру жағына).

7. Бизнес-бағдарламалар бітірушілеріне сұранысты өзгерту.

Бизнес-білімнің дамуын тежейтін проблемалар

Бизнес-білім саласының негізгі проблемаларына төмендегілерді жатқызуға болады:


  • оқудың практикадан ажырауы; бизнес-білім бағдарламалары мазмұнының нарықтың өзекті қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі;

  • жаңа мамандыққа, жаңа құзіретке болжам механизмдерінің және еңбек нарығына болашақ сұраныстың болмауы;

  • жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім кәсіби стандарттарының ұлттық біліктілік рамкаларының болмауы;

  • білім беру мен бизнестің өзара әрекеттестігін мемлекеттік қолдау деңгейінің төмендігі;

  • бизнес-білім беруді қаржыландыру механизмдерінің болмауы;

  • көптеген білім беру мекемелерінің заманауи еңбек нарығына маңызды, бітірушілердің жаңа құзіретін қалыптастыруға дайын емесігі;

Жоғарыда белгіленген проблемалар бизнес-білім беру саласындағы заңның жетілмегендігінің салдары болып табылады. Ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы MBA және DBA бағдарламаларының ресми мәртебесі болған жоқ (сараптау тәртібімен жүзеге асырылды). МВА-дің мемлекеттік стандарттары 2006 жылы пайда болды. 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігімен екі бағыт бойынша магистратураның жаңа стандарты дайындалды: ғылыми-педагогикалық және бейіндік; соңғысына МВА кіреді. Бір жағынан, Болон декларациясының талаптары (оқудың екі деңгейлі жүйесі) тұрғысынан, МВА-дің бейіндік магистратура бағдарламаларына қосылуының қисыны бар. Екінші жағынан, әртүрлі мақсатты аудиторияларды, бағдарламалардың мақсаты мен міндетін қаперге ала отырып, бейіндік магистратура мен МВА бағдарламасы – екі түрлі білім беру деңгейі екендігі анық болып отыр. МВА бағдарламасы практикалық тәжірибесі бар топ-менеджерлер мен кәсіпкерлерге арналған (тәртібімен, кемінде екі жыл), бейіндік магистратура бакалавриат бағдарламасымен оқып шыққан, мамандығы бойынша білімі мен дағдысын тереңдете түскісі келген бакалавриат бағдарламасының бітірушілеріне тұспалданған. Сонысына қарап, оқуға түсуге бірыңғай талаптар қою (МВА- кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті) және оқытудың бірыңғай форматын тағайындау заңға сәйкес емес (МВА тыңдаушылары, өздеріне оқудың күндізгі түріне мүмкіндігі жоқ жоғарғы және орта буын компаниялардың басшылары).

DBA бағдарламасы (бизнес әкімшілдік докторы) бойынша да – ұқсас жағдай. DBA докторлық бағдарламасының талаптарын PhD-ға теңестіретін болсақ, докторантура МБСТ (ГОСО) шын мәнісінде екі дәрежені араластырып тұр: «доктор бизнес - адми­нистрирования» (DBA) және «доктор философии» (PhD). DBA бағдарламасының ғылыми-педагогикалық кадрларды емес, керісінше, бизнес үшін (экономиканың жеке секторын) жоғары біліктіліктің басқарушы кадрларын дайындауға бағытталған дейтіндей ашық түсінік жоқ. Әрі PhD –зерттеу компоненті басым, ғылыми дәреже, DBA –практикалық (қолданбалы) бағыты бар жоғары кәсіби дәреже. Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, PhD қатар (философия докторы), докторантураға ұқсас дәрежелер де бар: құқық докторы (DL), медицина докторы (DM), білім беру докторы (Ed.D.) және басқалары, еске сала кететін жағдай, сол немесе басқа дәреженің зерттеулік немесе кәсіптік докторатқа жатқызу елге, тіпті нақты университетке қатысты. Яғни, АҚШ және Канадада медицина докторы дәрежесі кәсіптік, ал Ұлыбританияда және басқа еуропалық елдерде – зерттеулік болып табылады. Сонымен бірге, МВА-де, докторантура МБСТоқудың күндізгі түрін қарастырады, DBA бағдарламасының тыңдаушылары ретінде (компания топ-менеджерлері) өндірістен қол үзіп оқи алмайды. Яғни бұдан, МВА-ді бейіндік магистратурамен және DBA-дің PhD-мен салыстырудың заңға сәйкес еместігін көреміз. Бұл жағдай жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңның қайта қаралуын талап етеді.

Көптеген қазақстандық бизнес-мектептердің МВА бағдарламасына лицензиялары жоқ. Тек ҚМЭБИ, Alma University (бұрынғы ХБА), Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы Халықаралық бизнес-мектебі, UIB, Nazarbayev University, ҚБТУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сияқты бизнес-мектептер МВА-ді заңды негізде оқытуда.

Бірқатар мектептер МВА бағдарламасын тіпті білім беру қызметіне еш лицензиясыз жүзеге асыруда: бұл – METROPOLITAN BUSINESS SCHOOL; SBS Astana; Жоғары Бизнес мектебі «ЕврАзия»; ААҚО академиясы (Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығы); ЖШС «Nurikon»; ЖШС «Nurikon кәсіби дайындау орталығы»; ЖШС «International Business Academy». Басқалар,іштеріндегі «Тұран» университеті, Caspi Business School, КУСК («Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті) білім беру қызметін жүргізуге лицензиялары бар, бірақ «Іскери әкімшілдік» лицензиясы жоқ, демек, МВА бағдарламаларын ұсына алмайды.

Жоғарыда аталған проблемалардан басқа, MBA мен DBA бағдарламаларының заңды ресімделуімен байланысты, бизнес мектептердің бизнестен қол үзуі сияқты маңызды кемшіліктерді де айта кету керек. Бизнес мектептердің экономика мен бизнес құрылымдардың нақты секторымен арасында бар байланыстар фрагментарлық сипатқа ие, бірлескен жұмысында жүйелілік жоқ, ол білім алушылардың дайындық деңгейімен және еңбек нарығының талаптарының арасының бөлінуіне әкеп соғады. Жұмыс берушілердің жүргізген сауалнамасының нәтижесі (Алматы қаласында орналасқан, 5 компанияның басшылары) тұтастай алғанда, жұмыс берушілер қазіргі заманғы нарық талаптарына жауап бере алатын мамандар дайындауға мүдделі университеттермен және бизнес мектептермен арадағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындап келе жатқанын көрсетті. ЖОО-мен жүйелі жұмыстың болмауының негізгі себептерінің арасында респонденттердің көпшілігі басқа да себептермен қатар, материалдық та, материалдық емес те мотивацияның жоқтығын көрсетті. Осыған байланысты, жұмыс берушілердің кәсіби қауымдастығына, компанияларға, университеттерге, бизнес мектептерге барлық мүдделі топтардың бірлескен ынтымақтастықпен тиісті мотивацияны қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынастар мен әлеуметтік серіктестік механизмдерін дайындау қажет.

Аймақтық дамуға қатысты, Қазақстанның аймақтары мен облыстарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ұсыныстар мен қызмет көрсетудің бірдей еместігін айта кеткен жөн. Бизнес мектептер мен тренингтік/консалтингтік компаниялардың 80%-ы Алматы мен Астана қалаларында шоғырланған. Бірнеше бизнес мектептердің өкілдіктері (ХБА, КазЭУ, UIB) Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар сияқты қалаларда, сондай-ақ халыққа қысқа мерзімді курстар мен семинарларын ұсынатын тренингтік компаниялардың филиалдары бар.

Қазақстандық бизнес-мектептердің маңызды проблемасы дайындалған оқытушы-практиктер санының жеткіліксіздігі болып табылады. Экономикалық пәндер оқытушыларының көпшілігінің өндірістегі практикалық жұмыс тәжірибесі жоқ, яғни, проблеманы «іштей» білмейді, демек, тек теориясын ғана біледі. Практиктер, яғни практикалық тәжірибесі бар мамандар, сабақ беру әдістемесін білмейді. Тыңдаушылар тарапынан MSA және DBA бағдарламаларына қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып,көбінесе компанияның жоғарғы және орта буынын басқара отырып, бизнес мектептер саны өкінішке орай, Қазақстанда жеткіліксіз, бизнес-тренерлерді тартуға мәжбүр. Сондықтан, көбінесе түрлі бизнес мектептерден өздерінің курстарының авторы болып табылатын бір ғана оқытушы-бизнес тренерлерді көруге болады.

Қазақстандық бизнес мектептердің тағы бір кемшілігі оқуға түсуге қойылатын талаптың төмендігі (батыстық бизнес мектептер тәжірибеден өткізіп жүрген, мысалы, GMAT сияқты, оқуға түсу емтихандарының болмауы). Нәтижесінде, бір аудиторияда МВА бағдарламасын меңгеруге барлық қажетті базалық білімі мен дағдысы бар студенттермен бірге, экономика мен басқарудың негіздерін білмейтін нашар студенттер отыруы мүмкін. Демек, бизнес мектептер бизнес-білім беру бағдарламаларына түсуге және үміткерлерді қабылдауға талапты күшейтуі тиіс.

Бизнес мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сапасы, оқыту нәтижелері мен бітірушілердің басқарушылық құзіреті туралы мәселелерге жеке көңіл бөлуді қажет етеді. Өкінішке орай, қазірге кезде soft skills дамуында елеулі олқылықтар бар, яғни, тұлғалық құзіреттілік, коммуникативтік қабілет, көшбасшылық қасиет, командада жұмыс істей білу сияқты мәселелер. Бизнес мектептердің басшылары тұлғалық құзіреттілікті дамытуды күшейту үшін оқу жоспарлары мен курс силлабустарын қайта қарап шыққанының зор мәні бар.

Жоғарыда аталған проблемалардан басқа, барынша жалпы әрі маңызды проблемаларды (заңдарға және басқаларына қатысты) шешу және реттеу бойынша жауапкершілікті өзіне алатын, мысалы Ресейдегі РАБО, Орталық және Шығыс Еуропадағы – CEEMAN және т.б. сияқты кәсіби қауымдастықтың жоқтығын атап кеткен жөн.

Тағы бір айта кететін жағдай, ол Қазақстанда қандай да бір басқарушылық/бизнес білім беру саласында байсалды зерттеудің жоқтығы болып отыр.

Шындығына келгенде, бизнес-білім беру саласындағы осы проблемалар бизнес мектептердің дамуын тежейді және тұтастай алғанда, оқыту нәтижесі мен бизнес-білім сапасына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет