1.27. Стандарт
" Көзді күту "
Мақсат: Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, ауыр хәлдегі науқасқа
тәңертеңгілік тазалық, дәрі тамызу
Көрсеткіші: науқастың халі ауыр жағдайда.
Керекті құрал жабдықтар: (стерілді): лоток, пинцет, дәке тампондар,
ундинкалар, фурациллин ерітіндісі 1: 2000 вазелин
майы, мензуркалар,физиологиялық ерітінділер,
тамшылар, қолғап, дез ерітінді контейнер.
Жасау әдісі:
1.Пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу.
2. Көздің жағдайын тексеру.
3. Науқасты Фаулер жағдайына келтіру.
4. Қолға деконтаминтация жасау гигиеналық деңгейде,
перчатка кию.
5. Асептиканы сақтау үшін бір мензуркаға стерілді май құю,
екіншіге фурациллин ерітіндісін құю.
6. Марля тампонын пинцет арқылы вазелин майына матыру.
Оң қолға марля тампонын алып, бір жақ көзін сыртқы жағынан
ішке қарай сүрту. ( іріңді қабыршақтарды жұмсарту үшін )
7. Құрғақ марля тампонын сол бағытта сүртіп шығу.
( қабыршақтарды жою үшін )
8. Дәке тампонын фурациллин ерітіндісіне матырып, сырттан
ішке қарай сүрту ( көзді антисептикалық ерітіндімен сүрту ).
9. Сүртуді 4-5 рет қайталау ( әртүрлі дәке тампонын қолдану)
10. Егер ірің көздің бұрышында жиналынса, онда пипетка
арқылы физиологиялық 0,9 % ерітіндімен жуу.
а) үлкен және сұқ саусақтармен көзді ашып,
көздің ішкі бұрыш жағына тамызғыш арқылы
физиологиялық ерітінді құю.
Достарыңызбен бөлісу: |