Техника қауіпсіздігі:
Компрессті дәрі-дәрмектермен жасағанда, олар теріні тітіркендіру мүмкін, сондықтан компресс салар алдында теріге вазелин майын немесе балалардың кремін жағу керек.
Теріге йод жағылса, компресс қойылмайды, өйткені тері күйіп қалады.
1.53 Стандарт
« Грудотерапия – Сүлікпен емдеу »
Мақсаты : ұйылуды төмендетеді, жергілікті қан шығару
Көрсеткіші:
1) Стенокардия
2) Миокард инфарктісі
3) Цебральды криз
4) Жүрек ақауы салдарынан бауырдың ұлғаюы
5) Тробофлебит, геморрой
Кері көрсеткіші:
1) Қан азайғанда (анемия)
2) Қанның ұйығыштығы төмендегенде
3) Қан қысымы төмендегенде
4) Науқаста аллергиялық реакция болса
Керекті құрал жабдықтар: проберка, пинцет, стерильді мақта, шприцтер, бинт, 40% глюкоза, тұзды су, салфеткалар.
Жасау әдісі:
пациентке шараны айтып түсіндіру, келісімін алу
2. қолға деконтаминтация жасау
3. пациентті ыңғайлы жағдайға келтіру
4. терінің керекті аймағын тексеру
5.мақта тампонын қайнаған суға батырып терінің үстін
тазалайды.
6. дайын болған жерге глюкозаны құяды
7. проберкаға сүлікті құйрық жағымен төмен салады, осындай
тәсілмен бүкіл сүліктерді қойамыз (4-12 сүлікке дейін)
8. сүліктің қимылын көтеру үшін, денесін жылы суға малынған
мақтамен сүртіп отыру
9. сүлік қойылған жердің жанына лоток қою
10. сүлік денеде 30-60 мин болады, одан кейін өз бетімен түседі
лотокқа.
11. шараны аяқтау, қолды жуу құрғату.
Ескерту: Сүлікті үлкен тамырдың үстіне қоюға болмайды. көп қан кетуі
мүмкін
Таңғышты бір тәулік бойы айырбастауға болмайды.
Қан болатын болса, таңғыш үстінен мақта салып бинттеу керек.
Егерде 24 сағаттан кейін қан ағуы тиылмаса, онда ол жерді
пермаганат калий ерітіндісімен тампонды батырып, орап тастайды
немесе таңудың қатты түрін қолданады.
Болуы мүмкін асқынулар:
а) сүлікті дұрыс қоймағанда, көп қан кетуі мүмкін
б) тазалық сақтамағанда іріңді жара пайда болу мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |