А. С. Ажидинов «26» наурыз 2021 ж


Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру



бет15/20
Дата08.02.2022
өлшемі130,61 Kb.
#119555
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Стратегический план ЦАИУ

3.3 Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

Қазақ инновациялық университеті гуманитарлық-экономикалық және жаратылыстану-техникалық бағыттағы ЖОО санатына жатады, онда ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінен әлеуметтік және де жаратылыстану-техникалықинновациялар түрінде ұсынылады. Әлеуметтік және жаратылыстану-техникалық инновациялардың мақсаты білім беру қызметі, бос уақыт, туризм, ақпараттық-ағартушылық қызмет, аумақтарды дамыту, веб-сайттар құру, мекемелердің құжат айналымының бағдарламалық қамтамасыздандыру, ақпараттық бөліс ортасын жобалау және т.б. арқылы қоғамның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.


Әлеуметтік процестерді модельдеу, өңірдің (қаланың, отбасының, жеке тұлғаның) әлеуметтік құрылымын болжау, жаңа мәдени нысандарды құру өзекті болып табылады. Әлеуметтік инновацияның нәтижелері ережелер, идеялар, заңнамалық нормалар, әлеуметтік қозғалыс, медиация немесе жоғарыда айтылғандардың жиынтығы болуы мүмкін. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әзірлемелері әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық, экономикалық, заң бағыттары, сондай-ақ жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Университеттің техникалық бағыттағы профессор-оқытушылар құрамы Кентау жылу энергетикалық стансасынан шығатын көмір қалдықтарынан микро-макро элементтерді ажыратып алу және оларды утилизация жасау үстінде, жұмыстар жүргізілуде және осы зерттеулер бойынша халықаралық патент алуға әрекеттенуде.
2020 жылы университет жалпы сомасы 9 230 000 теңгеге ғылыми жобаларды коммерцияландыру бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін орындауға (беруге) сыртқы ұйымдармен шарттар жасады. Сондай-ақ университет профессор-оқытушы құрамын KPI жүйесі арқылы ынталандыруға 1 200 000 теңге, кафедра зертханаларында ҒЗЖ дамытуға 4 953 900 (компьютерлер, техника, вертуаль зертханасы, лабораториялар), баспа шығыстарына 1 311 842 теңге сомасында Университет қаражаты бөлінді. ҒЗЖ қаржыландырудың жылдық сомасының жиыны 16 695 742 теңгені құрады.
Университетте ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үдерісі шаруашылық келісімшарттағы ҒЗЖ, ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыру түрінде жүзеге асырылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет