А. С. Ажидинов «26» наурыз 2021 ж


Орталық Азия инновациялық университетінің



бет5/20
Дата08.02.2022
өлшемі130,61 Kb.
#119555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Стратегический план ЦАИУ

Орталық Азия инновациялық университетінің

Стратегиялық даму жоспарының аналитикалық және болжамдық негіздемесі
2.1 Орталық Азия инновациялық университетінің жағдайын талдау, дамудың негізгі проблемалары және олардың себептері

Орталық Азия инновациялық университеті Шымкент қаласында және Түркістан облысында жеке білім беру көшбасшысы болып табылады. Орталық Азия инновациялық университеті білім беру қызметтері нарығында өзін "бакалавриат және магистратура" бағдарламаларын іске асыратын, білім алушыларға сапалы білім беру қызметтеріне қол жетімділікті кеңейту үшін әлеуметтік пакет ұсынатын заманауи университет ретінде көрсетеді.


Орталық Азия инновациялық университетінің нарықтағы орнын объективті анықтау үшін ЖОО-ның жалпы бәсекеге қабілеттілігін және оларға көрсетілетін қызметтерді жүйелі және кешенді зерделеу жүргізіледі. Орталық Азия инновациялық университетінің тұтынушылары жұмыс беруші компаниялар (еңбек нарығы) және талапкерлер болып табылады.
ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баяндалған жүйелі проблемалар, әлсіз жақтар мен білім беруді дамыту қауіптері Орталық Азия инновациялық университетінің қызметінде ескеріледі және ЖОО әлеуетті тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдайды.
Университеттегі білім алушылар контингенті 8980 бакалавриат және 471 магистратура білім алушыларын құрайды, оның ішінде ұлты қазақ – 94%, орыстар – 1,5%, украиндар, татарлар, ұйғырлар, немістер, өзбектер, шешендер, әзірбайжандар - 4,5%.
Білім алушылар шарттық негізде білім алады. Білім алушылардың әлеуметтік осал санаттарына оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі ұсынылады.
Оқытудың барлық нысандарының білім алушылары оқу қызметін және оқу тәртібін регламенттейтін құжаттамамен қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орындарын басқару жүйесіндегі заманауи үрдістерге жауап бере отырып, университетте корпоративтік басқару қағидаттары енгізілуде
Орталық Азия инновациялық университетінің қаржылық саясаты қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, шығындарды оңтайландыруға, жұмысшылардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Университет өзінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуға қабілетті, бұл оның төлем қабілеттілігін көрсетеді және қаржылық тұрақтылығын куәландырады.
Жаңа Құрылыс және қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу есебінен материалдық-техникалық база үнемі жақсарып келеді. Осылайша, 2015 жылы 5 қабатты оқу-зертханалық корпусының (кадастрлық нөмірі 19:309:032:320) құрылысы жүзеге асырылды, жоо аумағында әмбебап спорт кешені (кадастрлық нөмірі 309:032:320), галерея салынды және ЖОО-ның әкімшілік ғимаратына жөндеу жүргізілді, Байтұрсынова көшесіндегі оқу ғимаратынының фойесін қайта құру жұмысы жүргізілді, екінші этажда 100 орындық жаңа 212 аудитория қолданысқа берілді, 315-аудитория қайта құрылып мультимедиалық видеостудия болып жабдықталды, ауданы 108 м² және 360² келетін екі жаздық спорт алаңы білім алушылардың қолданысына берілді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін оқу процесін ұйымдастыру мақсатында 113 аудитория инклюзивті кабинет ретінде жабдықталды, сонымен қатар басқа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әр оқу ғимаратында және университет аймағында бейнебақылау камералары орнатылған. Ғимараттар Wi-Fi аймақтарымен жабдықталған, олар 100 Мб / с жылдамдықпен Интернетке сымсыз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық комиссия жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциялар, сауалнамалар өткізіледі, студенттердің "Саналы ұрпақ" клубы жұмыс істейді, оқу ғимараттарында сенім жәшіктері орналастырылған.
ЖОО - ның 2017-және 2018 жылдары халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредиттеуден өтуі білім сапасына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестігін растау болды. Сондай-ақ ЖОО бакалавриаттың 19 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мәліметтері бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жалпы 82% құрайды.
Халықаралық ынтымақтастық Еуропа, Азия елдерінің, ТМД елдерінің шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен және басқа да ғылыми ұйымдарымен 40-тан астам шарт негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік әріптестік жүйесі тұтынушылармен өзара іс-қимыл негізінде құрылған; іс тәжірибе өту бойынша 328 шарт жасалған; түлектер қауымдастығы құрылған; жұмыс берушілерден, іс тәжірібе базаларына сауалнама жүргізіледі; білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жаңартылады
Университеттің басым міндеттерінің бірі жоғары азаматтық және адамгершілік қағидаттары, патриоттық сезімі және әлеуметтік жауапкершілігі бар жастарды тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады. Осы міндеттерді іске асыру үшін студенттік өзін-өзі басқару құрылды, патриоттық бағыттағы 100-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Университетте оқушылардың шығармашылық дамуы және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін жағдайлар жасалған. Қоғамдық қызметке, үйірмелер, секциялар жұмысына және т.б. белсенді қатысатын білім алушылардың үлесі жалпы санының25%-ын құрайды.
Университетте ақпараттық ашықтығы қағидаты іске асырылады, ЖОО облыс пен республиканың ақпараттық кеңістігінде, интернет кеңістігінде ұсынылды. ЖОО сайтына белсенді түрде кіріп, тәулігіне 5260-тан астам қаралымға жетеді. Instagram-да 11850-ден астам жазылушы және 958-ге жуық жарияланым, Facebook-те 3401 жазылушы, 285 жарияланым, V Kontakte-де 150-ден астам жазылушы, 190-нан астам жарияланым бар.
Кері байланыс қағидаты тұрақты жұмыс істейді. Білім алушылар мен оқытушылардың әлеуметтік көңіл-күйіне әлеуметтік сауалнамалар мен мониторинг жүргізіледі.
ҚР білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баяндалған жүйелі проблемалар, әлсіз жақтар мен білім беруді дамыту қауіптері университет қызметінде ескеріледі және ЖОО әлеуетті тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет