А. С. Ажидинов «26» наурыз 2021 ж



бет8/20
Дата08.02.2022
өлшемі130,61 Kb.
#119555
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Стратегический план ЦАИУ

Басты мақсат: Жалпы Қазақстан бойынша отандық білім беруді нығайту жолында жүйелі дайындық арқылы халықаралық деңгейде жеткізетін жоғары білікті педагогика, экономика және құқық, техника мен технология, жаратылыстану және өнер салаларында мамандар даярлауды нығайту.
Жоғары білікті мамандарды дайындау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, қызмет түрлері бағыттарын кеңейту, ұжым мүшелерінің еңбек тиімділігін ұйымдастыру, ОПҚ сапасын жоғарылату сияқты барлық процесс сапасын ұйымдастыру, дамыту артықшылықтары болып саналады.
Университеттің қызметі ҚР-ның «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 15 ақпанындағы №636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «27» желтоксандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020–2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына, ҚР Ғылым және білім министрлігінің 30.10.2018 ж. №595 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғарыдан кейін білім беру бағдарламаларын жүргізетін білім беру ұйымдарының типтік ережесіне» сәйкес жүргізіледі.
Орталық Азия инновациялық университетінің 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары, еңбек нарығының барлық талаптарына жауап беретін, біліктілігі және қабілеті бәсекелес болуға мүмкіндік беретін жаңа буын мамандарын дайындауда академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған инновациялық тұрғыдан жоғары оқу орнын қалыптастырудың болашағын анықтайтын концептуалды құжат болып саналады.
Орталық Азия инновациялық университетінің маман даярлауда халықаралық әлемдік деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу үрдісінде кеңінен насихаттайтын қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. ЖОО 2017, 2018 жылы институционалдық акредиттеуден нәтижелі өтті. Жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Орталық Азия инновациялық университеті Кырғыз-Ресей қашықтан білім беру Институты (Қырғызстан Республикасы), Өзбекстан Республикасының жануарлар әлемі және өсімдік генофонды институты (Өзбекстан Республикасы), Құқықтану институты (Ресей Республикасы), Тәжікстан педагогикалық университеті (Тәжікстан Республикасы), Автономды коммерциялық емес қосымша білім беру ұйымы «Үздіксіз қосымша білім берудің сібір институты» (Омск), Омскі мемлекеттік педагогикалық университеті, Омск қаласы), Шығыс экономика құқықтану гуманитарлық академиясының заманауи технологиялармен білім беру институты (Томск қаласы), AGH Ғылыми техникалық университеті (Краков қаласы, Польша), (К.Д.Ушинский атындағы Ярославь мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Республикасы), «Манас» атындағы қырғыз-түрік университет (Қырғызстан Республикасы), А.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан Республикасы), Халықөнерінің жоғарғы мектебі Омбы филиалы (Ресей Республикасы), Белорус мемлекеттік техникалық университеті (Белоруссия Республикасы), И.Раззаков атындағы Қырғызстан мемлекеттік техникалық университеті (Қырғыз республикасы), Вильдау қаласының қолданбалы ғылым техникалық университеті (Германия Республикасы), Пловдив қаласының тамақ технология университеті (Болгария Республикасы) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен және Д.Сокольский атындағы катализ және электрохимия институтымен (Алматы қаласы), консорциумдық келісім-шарт бойынша бірлесіп қызмет атқаруда. Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжрибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде.
Аймақтарда мұндай ЖОО болуы интеллектуалдық ресурстарды өңірлердегі экономикалық даму орталықтарын құруға, ел экономикасының үдемелі дамуын қамтамасыз етуге және зияткерлік ұлт қалыптастыруға шоғырландыруға ықпал етеді.
Бұл бастамалар Қазақ инновациялық университетінің ғылыми-ақпараттық және тәрбиелік кешенін жасауда және оның қызметін ары қарай дамытуда стратегиялық жоспарды құрудың негізі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет