А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет52/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқару психологиясының негізгі өзаңдарын ат?

2. Анықсыздық заңыдылығы дегенді қалай түсінесің?

3. Қалыпсыздық заңдылығы қандай ережелерге сүйенеді?

4. Компенсация деген ұғымға анқтама бер?

5. Өзін-өзі сақтау заңдылығын қалай түсіндіресің?


4 дәріс

Тақырып: Басқарушы тұлғасы. Жеке дара басқару стилі психологиясы.

Мазмұны:


1. Басқару және жетекшілік әлеуметтік феномен ретінде.

2. Басқарушылық әрекеттің негізгі функциялары.

3. Басқарушылық әдеп.

4. Индивидуалды басқару стилі психологиясы.

Мақсаты: менеджмент психологиясындағы басқарушы тұлғасы мен негізгі қызметтеріәмен қатар басқару стилдерінің тиімді түрлетімен таныстыру.
1. Басқарудағы жетекшілік ұғымын түсіну үшін «басқару», «бағындыру», «жетекшілік» ұғымдарын жақсы түсінуіміз керек. Басқару ұғымы- әртүрлі әрекетті ұйымдастыру процесі. Бағындыру бұл бағынушылармен әрекет барысында ғана шешілетін басқару әрекетінің бір бөлігі ғана. Басқарушы және жетекші екі түрлі қарым-қатынаста болады, яғни формальды, формальды емес. Басқару формальды қарым-қатынаста әсер ету.

Жетекшілік- жанамалы, стихиалы түрде әсер ету. Басқарушы мен жетекші бұл дәрежеге екі түрлі жолмен жетеді.Жетекшіні өзге біреулер ұсынады жэәне «төменен» көтеріледі. Ал басқарушы «жоғарыдан келеді».Басқарушымен жетекшінің негізгі ерекшеліктері;

-жетекші тұлғааралық қатынасты реттейді,

-басқарушы өзге әлеуметтік ұйымдарымен топ арасындағы қатынасты реттейді,

-жетекшілікті кіші орта жағдайымен байланыстыруға болады,

-басқарушы үлкен ортаның элементі.

Көптеген психологтардың айтуы бойынша жақсы басқарушы пікірталасқа,позицияға жұмысшылардың орындаушылық әрекетіне әсер етіп алдымен жетекші болуы тиіс.Бүкіл әлемге компанияларды жетекші –басқарушы басқарады.

2. Басқарушы мен жетекші әрекеттің психологиялық ерекшелігі; басқару ирархиясы деңгейіндегі әртүрлі әрекеттердің түрлілігі.

Басқару қызметінің негізгі түрлерінің бірі-жоспарлау. Жоспарлау арқылы әрекеттің бағытын, жолын, құралын. Ұйымның мақсаты ойластырылады. Жоспарлаудың негізгі бір тәсілі алдын-ала болжау.

Келесі ұйымдастыру қызметі. Жалпы «ұйымдастыру» екі мағына береді;біріншіден адамдардың өзара әрекетіне бағытталған әрекет процесі, екіншіден өзара әрекеттің формасы.

Басқару қызметінің келесі түрі- ынталандыру. Өзара әрекетпен оның нәтежиесіне байланысты қолдап отыру.

3. Басқарушылық әдеп - бұл әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға бағытталған практикалық нұсқау және теориялық –қолданбалы этикалық білім. С.Л.Рубенштейн «әдеп адам антологиясына қосылған және онда жалпыадамзаттық, моральдық жағдайға сай мінез-құлықтардан көрінеді. Англия мен Франция ерекше « классикалық этикет» елі деп аталады. Ал этикеттің отаны италия. Этикет француз тілінен аударғанда мінез*-құлық үлгісі дегенді білдіреді. Оған қоғам қабылдаған кішіпейілділік пен мейірімділік ережелері жатады. Этикеттің мынадай түрлері бар; сарай этикеті,, дипломатикалық этикет, әскери этикет, жалпы адамзаттық этикет.

Дипломатикалық этикет –дипломатикалық қабылдау, келіссөздерде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы мінез-құлық.

Әскери этикет- әскери қызметшілердің әртүрлі әрекетіндегі жалпы қабылдаған ережелерді сақтау.

Жалпы адамзаттық этикет-қарым-қатынаста шартты және салт дәстүрлердің құрылымы.

Мәнер -өзін-өзі ұстау, мінез-құлықтың сыртқы формасы, өзгелермен қарым-қатынасы, тон, интонация, адамға тән жүріс, жест, мимика, өз әректін бақылай алу, және ұстамдылық өзгелермен байқампаздықпен қарым-қатынас жасау.

4. Басқару стилі дегеніміз- тұрақты жүйелі әдіс, тәсілдермен өзара әрекет формаларының басқару әрекетінің көрініс беруі. К.Левин басқару әрекетінде мынадай үш негізгі стилді ұсынды;

1. Авторитарлы. Бұл стилде шешімді жетекші қабылдайды, жұмысшылармен санаспай қатал талаптар қойады. Олардың өздігінен әрекет етуіне бақылау жасап отырады.

2. Демократиялық стиль.шешім жұмысшылармен бірігіп отырып қабылданады.Бұл стилде жетекші өндірісті жұмысшылармен бірігіп отырып басқаруға тырысады. Инициативаны өзі қабылдайды.

3.Либеральды стиль. Шешімді жұмысшылар қабылдайды. Ол жалпы топты белсенді басқарудан бас тартады. Жетекші жұмысшыларға толықтай бостандық береді. Олар өз тілектеріне сай әрекет етіп ойына келгендерін жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет