Жетім балалармен жұмыстағы терапия әдістері.
Арттерапия әдісі - бұл әдіс өнерді бейнелік іс - әрекет ретінде қолдануда құрылған. Бұл әдісті қолданудың психологиялық коррекциялық әсер етудің екі механизмі бар. Біріншісі, конфликтілік жарақаттаушы жағдайды қайта құрудың бейнелік функциясы арқылы өнердің әсер етуіне және бұл жағдайды қайта құру арқылы шешім табуға бағытталған. Екіншісі, рахат алып келетін позитивті аффектінің құрылуына қатысты негативті аффектінің өмір сүру реакциясын өзгертуге мүмкіндік беретін эстетикалық реакция табиғатымен байланысты. Балалармен жұмыста психолог ойын терапиясын қолдана отырып, оны арттерапиялық әдістермен толықтырады. Арттерапияның бірнеше түрін бөлуге болады: бейнелеу өнеріне негізделген суреттік, бибилиотерапия, драмтерапия және әуендік терапия.
Өнер құралдарымен терапия ретінде психологтар қолданбалы өнердің бес түрін қолдана алады. Берілген материалды белгілі тақырыптағы тапсырмаларды ұсынуға болады: суреттер, апликация, оригами және т.б. Психолог балаларға материалды өзбетті таңдаумен ерікті тақырыптағы тапсырмаларды ұсынады. Бір нұсқа ретінде бар өнер туындыларын (суреттер, иллюстрациялар, күнтізбелер) қолдану ұсынылады.
Сурет терапиясын қолдану үшін көрсеткіштер болып табылады: эмоционалды дамудың қиындығы, өзекті стресс, депрессия, эмоционалды тонустың төмендеуі, эмоционалды реакциялардың импульсивтілігі; балалардың эмоционалды депривациясы, баланың эмоционалды бас тартуы және жалғыздық сезімін бастан кешуі; тұлғааралық конфликтілік жағдайдың болуы, отбасы ішілік жағдаймен қанағаттанбаушылық, үрей, қорқыныштар, фобиялық реакциялар; теріс «Мен – концепция», төмен дисгармониялық, зақымданған өзін - өзі бағалау, өзін қабылдаудың төмен деңгейі.
Психологтар «тәуекел топ» балаларымен жұмысында келесі тапсырмалар мен жаттығулар түрін қолдана алады:
Заттық – тақырыптық түр – еркін және берілген тақырыптарға сурет салу. Мұндай тапсырмалардың мысалы, «Менің отбасым», «Мен мектептемін», «Менің жаңа үйім», Менің сүйікті ісім», «Мен қазір», «Мен болашақта» және т.б. суреттері;
Бейнелік – символикалық түр – баланың бейнелер түрінде бейнелеуі. Тақырыптары мынадай болуы мүмкін: «Жақсылық», «Жамандық», «Бақыт», «Қуаныш», «Ашу», «Қорқыныш» және т.б.;
Бейнелік қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар: «Нүктелер бойынша сурет салу», «Сиқырлы сөздер», «Суретті аяқта», олардың негізінде проекция принципі жатады;
Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған бейнелік материалы бар ойын – жаттығулары – бояумен, қағазбен, қарындашпен, ермексазбен, бормен және т.б. тәжірибе жасау. «Қол және аяқ саусақтарымен сурет салу», «Бұзу – құру», «Түрлі іздерді бір - біріне қою» және т.с.с;
Біріккен әрекетке арналған тапсырмалар – сурет салу арқылы ертегілер, әңгімелер шығару тәрізді сурет салу тәсілі қолданылады. Мысалы, «сиқырлы суреттер» - біреу бастайды, келесі бала жалғастырады және т.с.с;
Әуен терапиясы - қорқыныш, үрей, уайымды сезінетін балалармен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мысалы, жағымды әсер беретін жай әуен кезінде, балаға қорқыныш, үрей тудыратын заттар туралы ойлау нұсқауға беріледі және т.с.с.
Библиотерапия – кітап оқу арқылы баланың уайымын, сезімін тудыратын әсер ету әдісі. Бұл мақсатта психолог балалардың қорқыныштары, стресстік жағдайларды бастан кешіру формалары; балалар үшін қорқынышты жағдайдан шығу жолдары бейнеленген әдеби шығармаларды таңдайды. Мұндай жұмыс түрін өткізу үшін түрлі жастағы балаларға әдебиет классиктерінің шығармаларын қолдануға ұсыныс жасауға болады – Л.И.Толстой, Б.Житков, А.Гайдар және т.б. Бұл мынадай шығармалар «Трусиха», «Аришка – трусишка», «На льдине», «Честное слово», ертегілер «У страха глаза велики», «Мальчиш – Кибальчиш» т.б.
Логотерапия – бұл ересек пен баланың арасындағы сенімді орнатуға бағытталған әңгімелесуден ерекшеленетін, әңгімелі терапия әдісі. Логотерапия балалармен оның эмоционалдық жағдайын вербализациялауға, эмоционалды уайымдарын сөзбен бейнелеуге бағытталған әңгімені білдіреді. Уайымдарды вербализациялау баламен сөйлесіп отырған адамға деген оң қатынасты, уайымына ортақтасуға дайындықты, басқа адамның тұлғалық құндылығын мойындауды тудыруы мүмкін. Бала әрқашан өзін эксплорациялы, яғни әңгімеге қосылу шамасын байқатпайды. Балаға сұрақтар қатарына қуыршаққа жауап беру немесе қуыршақтарды, кейіпкерлерді (петруша, барби, мальвина, буратина, ит, жолбарыс және т.б.) қолдану ұсынылғанда оны минималды ретінде анықтауға болады. Бұл мақсатта балалар өздерінің сүйікті бейнесін немесе ойыншығын қолдана алады. Бұл әдісті қолдану балалар жеке уайымдарға, ойларға, сезімдерге, пікірлерге көңіл бөлген кезде өзін - өзі жүзеге асыруға алып келетін баланың сыртқы сөздік аргументациясының ішкі жағдайымен сәйкес келуі - өзіндік конгруэнцияның көрінуін білдіреді.
Психодрама және драмтерапия – бұл психолог жұмысында қуыршақтық дараматизацияны қолдану. Ересектер немесе (үлкен балалар) балалар үшін конфликтілік және маңызды жағдайларды сырттай бақылап және одан өзін көру ұсыныла отырып қуыршақтық спектакльді қояды. Үрей, қорқыныш көрсететін, стресс, түрлі жарақаттарды бастан кешкен балаларға биодрама әдісін қолдану оңтайлы әсер етеді. Оның мәні – балалар көрініс дайындайды, бірақ ондағы басты бейнелерде жануарлар болады. Балалар өзара жануарлар мен аңдардың рольдерін бөліп алады және жануарлар мысалында конфликтілік және өмірлік жағдайды ойнайды. Спектакльді, көріністі немесе жағдайды қоя отырып, қуыршақтарды қолданғанға қарағанда балалар өзгеше әрекет етеді және сөйлейді. Жануарлар бейнесі арқылы жүзеге асырылатын балалардың уайымы адамдардікімен ерекшеленеді және сол уақытта өзгелердің сезімін түсінуге көмектеседі.
Моритатерапия – бұл әдістің көмегімен психолог баланың алдына қоршағандарға жақсы әсер қалдыру керектігі жағдайына қояды. Психолог балаларға бір нәрсе туралы өзінің пікірін айтуға ұсынады, одан кейін оның пікірін айту, баға беру, сәйкесінше поза қолдану, мимика, жест, интонацияны қолдану біліктілігін коррекциялайды. Басқа сөзбен айтқанда, бұл әдіс жақсы ережесін тәрбиелеуге, қоғам мәдениетінің нормалары мен ережелеріне сәйкес келуге көмектеседі. Психолог бала түскен нақты жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогқа ұсыныстар беруі мүмкін. Мысалы, қонақта өзін қалай ұстау, өзі туралы, бос уақытта не істейтіні туралы айту және т.б.
Гештальттерапия – бұл әдісті психолог балалармен жеке жұмыс, әңгімелесу үшін қолдануы мүмкін. Ол баланың әңгімесін әрекетке айналдыру арқылы жүргізіледі. «Аяқталмаған істер», «Менің құпиям бар», «Менің түстерім» сияқты жұмыстың түрлері мысал болуы мүмкін. Бала психологқа қандай түс көргенін баяндайды, ал психолог көрген түсін қимыл – қозғалыс, іс - әрекет, материалдар, ойыншықтар, бет перделер, саз балшықтар арқылы көрсетуін сұрайды.
Мінез – құлықтық психотерапия – бұл бөлек балалардың қорқыныштарын, жағымсыз қылықтарын, құпталмайтын мінез – құлқын жүйелі түрде жою. Бұл әдіс балалармен жеке жұмыстануда немесе шағын топпен жұмыстануда қолданылады. Бұл әдісті психологқа қорқыныштарды жеңу бойынша жұмыс үшін қолдануға ұсынуға болады. Бұл мақсатта балаларда қорқыныш сезімін тудыратын, қорқыныш азаймайынша диапозитивтерді, кинофильмдерді, видеофильмдерді көру қолданылады. Психолог балалардың қорқыныштары күлкілі формаға айналмайынша, қорқыныш уайымын күшейте алады. Бұл жұмыстың нәтижесі катарсис болып табылатын бала мен психологтың күкісі, бірігіп уайымдаудың қуаныштылығы болып табылады.
Сонымен, балалар үйінің, дағдарыстың орталықтарды, мектеп – интернаттардың, әлеуметтік қонақжайлардың тәрбиеленушілерімен жұмыста психолог сабақтардың түрлі формаларын және оны өткізу әдістемелерін ойластыруы керек. Мұндай жұмыстың ең маңызды сәті психологтың психокоррекциялық және реабилитациялық бағдарламаларды құруы болып табылады. Жарақаттарды, стресстерді бастан кешірген балаларға тек тәсілмен көмектесуге болатынын естен шығармаған жөн: күнсайынғы қажетті әлеуметтік дағдыларға оқыту және қалыпты психикалық дамуға кедергі келтіретін бөгеттерді түсіру (түрлі бағыттағы мамандарды шақыру – психологтарды, психотерапевтерді, кеңесшілерді, сексопатологтарды және т.б.).
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
3-18 жас аралығындағы жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстағы қандай ең тиімді түрлер мен формаларын бөлуге болады?
Ойын терапиясы дегеніміз не?
Жетім балаларға арналған әдістерді атаңыз және ашыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |