«Коммуникация және қарым-қатынас» бөлімінің мақсаты мен міндеттері
«Коммуникация және қарым-қатынас» 1 бөлімінің мақсаты және міндеттері:
қарым-қатынаста эмоционалды және денелік үйлесімділікті орнату, вербальді және вербальді емес қарым-қатынас білігін дамыту, тренинг тобының үйлесімділігі, серіктестік қарым-қатынас;
қарым-қатынаста кері байланысты орнату, қарым-қатынаста арақашықтықты қысқарту, «қазір және осында» ойын жағдайы арқылы қысымдылық сезімін азайту, қатысушылардың назарын бір біріне аударту, серіктестік қарым-қатынастағы жарыспен біріктіру;
топта өзара жауапкершілік атмосферасын қалыптастыру, эмоционалды еріктік, ұжымдық сәттілікке қуану, серіктестік негізінде қатысушыларды біріктіру;
топта бірлікті ұйымдастыру, лидерлерді анықтау және топтың көңіл күйін анықтау, қатысушылар арасындағы келісім бойынша топ қарым-қатынасының тиімділігін тексеру, тактикалық жоспарлау білігін иелену;
серіктеске концентрациялау білігін өалыптастыру, біріккен эмоционалды үайымды құптау, қарым-қатынаста дене тілін эффективті қолдануды құптау, серіктеске көңіл аудару білігін дамыту;
топтық және жеке жағымды эмоцияны шақыру, жағымды эмоцияның ашық көрінуін суйеу, қатысушылардың қалыпты емес шығармашылық ойлауының дамуына көмектесу, керекті материалды іріктеу жылдамдылығына және тиімділігіне жаттықтыру;
тиімді ойын әрекеті арқылы қарым-қатынас білігін дамыту және бекіту;
әңгімелесушіні есту және тыңдау білігін жаттықтыру, серіктеске назар тұрақтандыра білу қабілетін жаттықтыру, тренингке қатысушылардың эмпатиялық қабілеттерін дамыту;
тиімді вербальді емес қарым-қатынасқа түсу үшін жест, мимика, дене тілін қолдануды және эмоцияны беруді дамыту, тиімді вербальді қарым-қатынасты дамыту;
серіктеспен күтпеген жұмысқа жаттығу, серіктеске бейімделу қабілетін дамыту, сенімді және ашық сөз сөйлеуге құралдарды тиімді қолдануды уйрену, аудиториямен қарым-қатынасқа түсуді үйрену;
жақсы әңгімелесуші сапасына ие болу, сөзді, жестті, мимиканы бақылау, вербальді емес қарым-қатынас тілін түсінуге практикалық үйрету, әр қатысушыға әртүрлі тренинг топтарға қатысушылармен жекелік контакт орнатуды ұйымдастыру;
топтық міндетті шеше алатын ұжым құрастыру, белсенді шығармашылық атмосфера және топта жағымды көңіл-күй орнату, белсенді қарым-қатынас стилін игеру және топта серіктестік қарым-қатынас орнату;
кері қатынасты беру және қабылдау, өзіне сырт көзбен қарауға мүмкіндік беру, өз-өзіне қалыпты қарым-қатнасты қалыптастыру, әр қатысушыға өз тұлғасына жекелік және топтық баға алу мүмкіндігін туғызу;
тиімді және сенімді серіктестік үшін топ мүшелерін мадақтау және кері байланыс алу, адам туралы ақпаратты, мінез-құлқы туралы ерекшеліктерін анықтау қабілетін дпмыту, тренинг қатысушыларына өзін өзі тану мақсатында қарым-қатынас кезінде өзіндік анализ жасау процесінің білігін қалыптастыру және бекітуге көмектесу:
Берілген бөлімнің әдістемесін құрастырған:
Қарым-қатынаста эмоционалды және денелік жағымдылық қалыптастыру жаттығулары мен тренингтері;
Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасқа жаттығу;
Серіктестік қарым-қатынас, тренинг топтарын құрау жаттығулары мен тренингтері;
Қарым-қатынастағы кері байланысқа жаттығулар мен тренингтер;
1 бөлім «Коммуникация және қарым-қатынас» тәрбиеленуші-жасөспірімдермен 9 кездесумен өтті:
1 кездесу: «Шығыс базары», «Фотоальбом», «Он секунд», «Қырсық қырықаяқ» жаттығулары мен тренингтері;
2 кездесу: «Кольцодан өт», «Сиқырлы обруч», «Айтшы, аға!...», «Өткел», «Ах, жолдағы мына тас!» жаттығулары мен тренингтері;
3 кездесу: «Қозғалыс эстафетасы», «Есек құйрығы Иа», «От иелері», «Стаканчик», «Дракон-өзін өзі жеуші» жаттығулары мен тренингтері;
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Коммуникативті компетенттілік дегеніміз не?
«Коммуникация және қарым-қатынас» бөлігінің мақсаты мен міндеттері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |