Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Мақсаты: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи‑ғылыми алғышарттары.
Г.Гельмгольцтің ілімі.
Э.Вебер, Г.Фехнер зерттеулері.
Ғасырлар бойы психологияның негізі болып философия саналды. ХІХғ. ортасында Психология өзінің «туған үйін» тастап, жеке ғылым саласы болып шығуына және басқада позитивті ғылымдар өзара байланысқа түсуіне деген құқығын қалайды. Өзінің тәуелсіз, жеке ғылым болуға деген «сертификатын» ол біріншіден математика, ал екіншіден эксперименттен табады.
Математика және эксперимент саласындағы негізгі фактылық материалдарды алғаш біріктіріп оны психофизика деп атаған неміс ғалымы Г.Т.Фехнер(1801-1887). Неміс физигі, психолог, философ, Лейпциг университетінің профессоры. Ол материалды және рухани құбылыстардың арасындағы қатынас проблемасын зерттеген. Кейіннен ол бұл мәселені математикалық әдістерді қолдану арқылы эксперименталды зерттеуге кірісті. Оның зерттеулеріндегі басты мәселе «алғаш әсер еткен тітіркендіргіштер көлеміне орай түйсіктердің арасындағы айырмашылықтар қандай деген?» болды. Ол әсер етуші тітіркендіргіштердің әртүрлі модальдылығына орай түйсіктердің өзгеруін зерттеумен айналыса отырып, өзіне дейінгі осы тәрізді экперименттерді Э.Вебер жасағанымен танысты. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде «түйсік табалдырығы» деген түсінік пайда болады, яғни түйсіктердің өзгеруіне әсер ететін тітіркендіргіштердің көлемі дегенді білдіреді. Түйсіктердің өзгеруіне сәл ғана әсер етуші тітіркендіргіштерді «түйсіктің минималды табалдырығы» деп атаған. Осыдан соң мынадай заңдылық пайда болды: «түйсіктің қарқындылғы арифмитикалық прогреспен өсуі үшін, оның стимулын арттыратын көлем геометриялық негізде өсуі керек». Бұл кейіннен Вебер‑Фехнер заңдылығы деп аталды.
Бұл бағыттағы зерттеулер психофизика деп аталды, өйткені бұл бағытта психикалық жағдайдың физикалық әсерлерге байланысы қандай деген проблемаларды эксперименталды зерттеумен анықталды. Фехнердің «Основы психофизики» деген еңбегі психологияның жеке эксперименталды ғылым ретінде қалыптасуына ықпал етті. Психофизика саласымен қатар Фехнер экперименталды эстетиканың негізін салушы болды. Ол дәл қандай обьектілер адамда жағымды қабылдауды, ал қандай обьектілер «әдемілік түйсігін» туғызбайды дегенді ойлап, тұрмыс жағдайындағы әртүрлі заттардың түйсікке әсер етуін қарастырып, олардың жағымды эстетикалық сезімді тудыратын бағытына көңіл бөлді. Кейіннен Фехнердің бұл жұмыстары психодиагностика саласындағы кейбір психологиялық пролемаларды (адамдардың әртүрлі жеке эмоционалдық жағдайлары т.б.) шешуге көмектесті. Фехнердің психофизика саласындағы осындай зерттеулері психологияға қатаң математикалық өлшеулердің енуіне ықпал етті.
Франц Дондерс(1818-1889) Голландық физиолог. Психикалық процестердің ағымдық жылдамдығын эксперименталды зерттеумен айналысқан. Ол Гельмгольц зерттеулерінен бұрын жүйке жүйесі бойынша импульстердің жүру жылдамдығын ашқан болатын. Сонымен қатар, ол субьектінің обьектілерді қабылдау кезіндегі реакцияларының жылдамдығында өлшеуге баса назар аударған еді. Осындай зерттеулерінің негізінде психикалық процестерді де физиологиялық процестер сияқты өлшеуге болады деген қорытынды жасалды. Соның негізінде психикалық процестер қызметі нерв жүйесінде жүзеге асады деп саналды. Кейіннен, И.М.Сеченов бас миы қызметінің тұтастылығын қажет ететін процесс ретінде, реакция уақытын зерттеуге бас бұра отырып, былай деді – «психикалық әрекет барлық табиғи құбылыстар сияқты уақыт пен кеңістікте болады».