Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудағы мақсат және өзге ғылымдармен байланысы.
Қарастырылатын мәселелер:
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.
Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлык саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (көркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль және т.б.) сипагталады. Қазақ тілінде көптеген газет-журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиегтер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүрізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің лексикасы саяси жөне ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда.
Қазақ тілінің өзі жөне оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.
Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінің жеке грамматикалык. категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді. Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педагогикалык училищелерде оқудағы мақсат — болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиеттік оқуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІУ сыныптардағы сабақтардың мазмұны мен көлемін, оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.
2.Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытга солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..." деп көрсеткен болатын.
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөнінде де ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пөндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пөн екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриотгық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді. Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:
1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт үғымына сай келетін, анық та дәл, коркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;
2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде, үнемі дағдыландыру;
3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлыктардың қалыптасуына жағдай туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |