А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008


ЖӘНДІКТЕРДІҢ ҚАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІЛІГІ



бет13/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

ЖӘНДІКТЕРДІҢ ҚАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІЛІГІ
Материал: Фенопласт тақтайшаға түйреп немесе жабыстырып арнайы монтаждап дайындалып құрастырылған әртүрлі жәндіктердің қанаттары. Мұнда долана көбелегі, инелік, қиғы, балара, қара шыбын, қалқангер, қандала, саяқ шегірткенің өзін және қанаттарын жаймалап көрсету керек.

Құрал-жабдық: 10 есе үлкейтіп көрсететін лупа, бинокльдік микроскоп.

Тапсырманы орындау барысы:

  1. Жәндіктердің қанатының құрылысын сұлба сурет арқылы сызып, қанаттың бөліктерін белгілеу.

  2. Жәндік қанатының біріншілік жүйкелену схемасымен танысу және оның суретімен танысу ( 25-сурет).

  3. Негізгі жүйкелері белгіленген бірқатар жәндік қанаттарының жүйкелену схемасын қарастырып, суретін салу.

  4. Көбелек қанатындағы қабыршақтарын микроскоппен қарап, оның құрылысын сызып көрсетіңдер.

  5. Төмендегі кестені толтыра отырып жәндік қанаттарының әртүрлілігін сипаттама беріңдер.


Жәндік қанатының әртүрлі типтеріне сипаттама


Жәндіктер класына жататын әртүрлі өкілдер

Қанаттарының саны

Жүйкелену ерекшелігі

Қанаттарының құрылысының ерекшеліктері

Бірінші жұбы

Екінші жұбы

















Тапсырмаға түсініктеме:

Жәндіктердің қанаттары олардың кеуде бөлігінің арқа жағынан өскін ретінде өсіп шығады да, кеуденің ортаңғы және артқы буынына қозғалмалы түрде бекінеді. Жәндік қанатының мөлшері, пішіні және арқаға орналасуы, қаттылығында, жүйкелендіруде алуантүрлілік айқын байқалады. Қанат құрылысының сипаттық ерекшеліктері бойынша жәндіктер отрядтарға жіктеледі.



Пішіні бойынша жәндік қанаты үшбұрыш тәрізді. Қанаттың түбі, артқы бұрышы және ұшы деп бөлінеді. Түбінен ұшына дейінгі шеті қанаттың алдыңғы шеті деп аталады, ұшынан артқы бұрышына дейінгісі сыртқы, ал артқы бұрышынан негізіне дейінгі шеті ішкі шеті деп аталады (25 – сурет).


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет