Қуыршақ. Толық түрленіп дамитын дернәсіл соңғы жасында тағы да түлеп, өзінің сыртқы құрылысы жағынан ересек жәндікке ұқсас қуыршаққа айналады. Ересек жәндікке ұқсас дене бөліктері пайда болып, денесі кеуде мен құрсақ бөліктеріне бөлінеді. Қуыршақтың негізгі үш түрі болады. Ашық не еркін қуыршақта қосымша өсінді мүшелері болады. Ал жабық қуыршақта қосымша өскін мүшелері денесіне жабысып, бірге өскен (33, б сурет), жалған қуыршақтар немесе пупарийлардың сырты қатты терімен қапталады да, оның ішінде ашық қуыршақ орналасады (33, г сурет).
33 - сурет. Жәндіктердің қуыршақтары мен пілделерінің түрлері
А – қоңыздың ашық қуыршағы; Б – көбелектің жабық қуыршағы; В – көбелектің нағыз пілдесі; Г – түкті шыбынның жалған қуыршағы немесе пупария
Қоңыз бен көбелектің қуыршақтарының құрылысының өзгерістерін қарастырып, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне назар аударып, суретін салу. Шыбынның пупарийінің құрылысын да қарастырып, суретін салып алыңдар.
Тыныш күйдегі қуыршақ дап аталатын қуыршақтардың сыртында балауыз түріндегі немесе ерекше жібек ретінде қорғаныштық жабындылары жиі кездеседі. Бұлар пілде деп аталынады. Пілде жердің құнарлы субстраттарынан, дернәсілдің терісінен, экскременттерден, арнайы жібек бөлінетін бездерден бөлінген жіптерден жасалады. Пілденің жібек тәріздес талшықтармен қапталған түрі көптеген көбелектерге тән. Жібектен тоқылған пілделер тығыздығы, қабаттылығы, тоқылу түрі, бояуы, формасы жағынан әртүрлі болып келеді (24, в сурет).
Алдын-ала жинап дайындалған пілделердің әр түрін қарастырып, суретін салу.
Дернәсілдердің, қуыршақтың, пілденің құрылысына қарап, зиянкестің түрін ажыратуға болады. Орман зиянкестерінің маңызды топтарының дернәсілдері мен қуыршақтарын анықтау кестесі құрастырылған.
ҚАРА ТАРАҚАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҚАЛПЫ
Қара тарақанның құрылысы және тұрмыс қалпы.
Қара тарақан жәндіктердің морфологиясын зерттеудегі классикалық объекті ретінде қарастырылады. Жәндіктердің дене құрылысын зерттеу объектісі ретінде әлі күнге дейін қара тарақан пайдаланылып келді. Зерттеу объектісі ретінде қара тарақанды кездейсоқ ала салған жоқ. Қара тарақандар адамдардың тұрғын үйлерінде де кездесе беретіндіктен және оларды кез-келген сандық мөлшерде, кез-келген жыл мезгілінде тауып алуға болады. Сонымен қатар тарақан жәндіктер класының ішіндегі көптеген өкілдерден денесінің жеткілікті мөлшерде үлкен болуына байланысты, зертханалық зерттеулерге ең қолайлысы болып табылады.
Тарақанды мысалға ала отырып, бұл жәндік палеозой дәуірінде пайда болған ең ежелгі топқа жататындығына және өзінің даму барысында дене құрылысының алғашқы қарапайым қалпын сақтағанына тоқтала кету қажет.
Сондықтан, тек қана тарақанда қандай да бір басқа жәндікте емес, жалпы жәндіктердің құрылысы және ерте заманнан бергі дамуы жөнінде де ашық, толық жалпылама түсінік қалыптастырады. Осыны негізге ала отырып, екіншіден, басқа жәндіктерді олардың дене құрылысының барлық формалары мен бейімделгіш қасиетіне көшуге болады.
Бірақ, қазір инсектицидтердің шығуына байланысты, басқа да үй жәндіктерімен қоса қара тарақандар өткеннің шеңберіне тереңдеп, енді толықтай жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осыдан соң, мүмкін осы жәндіктер туралы мәліметтер оқулықтардың беттерінен жоғалып, олар әлі жойыла қоймаған аймақта құрып бара жатқан түрлерін зертхана мақсатында қолдана бастайтын шығар. Өйткені басқа ашық, толық көрсетілетін құрал ретінде қара тарақаннан басқа жәндіктер жоқ. Егер тарақандар жойылып кетсе, онда мөлшері жағынан көлемді өкіл, тарақанға жақын топ – тікқанаттылармен (шегіртке, көк шегіртке, бұзаубаспен) алмастырылады.
Жалпы, осы тікқанаттылар өзінің сыртқы және ішкі құрылысы жағынан қара тарақанға жақын болып келеді, сондықтан оларды зерттеуде тарақанды ішкі құрылысын қарастырғандағы нұсқаулар сәйкес келе береді.
Достарыңызбен бөлісу: |