8
Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа және бір-біріне
тығыз орналасқан. Оларда хлоропласт болмайды және көптеген ұсақ ва-
куольдерге ие.
Түріне қарай түзуші ұлпалар сабақтың,
тамырдың негізгі және
бүйірлік өстерінің ұштарында, жас жапырақтың негізінде және т.б.
кездеседі.
Жабын ұлпа
өсімдік мүшелерінің сыртын қап тап жатады және олар-
ды кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдай ларынан қорғайды.
Бұл ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
Өң
жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Ол – жапырақ,
гүлдің,
көптеген өсімдік жемісінің, шөптесін өсімдіктің сабағы мен
сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы.
5-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: