А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  § 4. Көмірсулар мен 
липидтер. Олардың қасиеті 
мен қызметі 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.4.1.2 – көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін 
сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, көмірсулар мен майлар туралы 
түсінік қалыптасады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Көмірсулар мен майларды ажырата алады, құрылысын сипаттайды, 
көмірсуларды топтарына байланысты  жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Ағза үшін көмірсулар мен майдың маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады. 
– Көмірсулар мен майлардың құрылысын анықтайды, топтары бойынша 
жүйелейді. 
– Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін тұжырымдайды. 
– Көмірсулар мен майлардың көп кездесетін өкілдерін сипаттайды. 
90

 
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу  
дағдылары) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Полисахаридтер, моносахаридтер, дисахаридтер,  липидтер, липоидтер, 
мономерлер, органикалық заттар 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Кейбір өсімдіктердің құрғақ массасының 90% көмірсулардан тұрады, ал 
жануарлардың бұлшық еттері мен бауырында көмірсулар 1-5%, осындай 
айырмашылық не себепті болатынын талқылаңдар. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен моносахарид, дисахарид, полисахарид деп аталады? Терминдермен 
жұмыс жасаңдар. 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Салыстыру кестесін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Полимерлер мономерлерден тұрады.  
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топты заттар бойынша бөледі. /Әр оқушы өзінің бір 
затын мұғалімге тапсырады. Мысалы, дәптер, кілт, 
көзілдірік, қаламсабын т.б. Бұл заттар ретсіз портфельге 
салынып, партаға қойылады. Оқушылар өздерінің 
заттары тұрған партаға отырады. Сыныпты 
«Көмірсулар», «Майлар» топтарына  бөлу. Топ атына 
байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың 
тақырыбын табады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
  Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз! 
Әр оқушыға 10–15 секунд уақыт аралығында ішінен 
өзіне бір тілек тілеу тапсырылады. Ол оқушы қарама-
қарсы топтағы бір оқушының қолынан алып, жаңағы 
өзіне тілеген тілекті жұбына айтады. 
 
Ортасы 
 
Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді оқып болғаннан соң Блум түймедағы 
бойынша сұрақтарға жауап береді. 
Оқулық 
 
91

 
 
1.  Жай сұрақтар. 
Көмірсулар және майлар дегеніміз не? 
2.  Нақтылау сұрақтары. Көбінесе Егер мен дұрыс 
түсінсем....», Қателеспесем, сіз былай деп айтқан 
сияқты едіңіз....», Сіз айтып тұрғандай...», 
Шынымен, сіз осылай ойласаңыз....» 
– Егер мен дұрыс түсінсем, адам қанында глюкоза 
мөлшері 0,12% құрайды екен. Адам үшін 
глюкозаның маңызы неде? 
–  Мәтінде көмірсулар өсімдіктерде болады делінген. 
Қай өсімдіктерде көмірсулар мөлшері көп болады? 
3.  Шығармашылық сұрақтар.  
– Өсімдіктер көмірсуы – крахмал деп аталады. Ал 
крахмал суда ерімейді. Сонда ол жапырақтан 
тамырға қалай барады? 
– Моносахаридтерді, полисахаридтерді жүйелеу 
үшін қандай қасиеттерді негізге аламыз? 
4.  Төмендегі сөздердің баламасын табыңдар: 
  жүзім қанты– 
  сүт қанты– 
  жануар қанты– 
  жеміс қанты– 
  ДНҚ қанты– 
  РНҚ қанты– 
  өсімдік қанты– 
 
5. Практикалық сұрақтар. 
– ХХ ғасыр басында дәрігерлер қантты ақ өлім /белая 
смерть/ деп атады. Дәрігерлер Д.И.Менделеевтің 
таблицасынан қантты алмастыратын, дәмі бойынша 
айырмашылығы жоқ, диабет пен тісті бұзбайтын заттарды 
92

 
тапты. Ол қандай заттар ? (Сорбит, пинакон)  
– Кәдімгі бақа қыста мұзбен бірге қатады, ал көктемде еріп 
қайтадан тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың себебі 
– бақаның қанында көмірсудың жоғары мөлшерде кездесуі. 
Ол қандай көмірсулар деп ойлайсыңдар?  (Глюкоза, 
фруктоза, галактоза) 
6. Интерпретациялық сұрақтар. Неге деген сөзден 
басталады. Не нәрсенің болсын себебін білуге 
бағытталады. 
– Неге  шөл кемесі деп есептелетін түйе шөлге шыдамды? 
Түйеде май қандай қызмет атқарады? 
– Неге қысқы ұйқыға кететін жануарлар май қорын 
жинайды? 
 
7. Бағалау сұрақтары. 
– Ағза үшін көмірсудың қандай маңызы бар? 
– Жануарларда  май қай мүшелерде кездеседі? Оның 
қызметі қандай? 
 
Дескрипторлар: 
– Көмірсулар мен майларға қандай заттар жататынын 
біледі. 
– Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін біледі. 
– Көмірсулар мен майлардың қызметтеріне баға береді. 
Кері байланыс: 
Белгі рефлексиясы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сәті: 
Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi. 
Орнымыздан тұрып ап 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш 
Аяқты алға созайық. 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық. 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқталуы 
Салыстыру кестесі: 
 
 
 
«V» – мұғалімнің бойынша жауап бердім, 
бірақ жауап дұрыс болған жоқ;  
 
«W» – мұғалімнің сұрауы бойынша жауап 
бердім, жауап дұрыс болды;  
 
« | » – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап 
дұрыс болған жоқ;  
 
«+» – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап 
дұрыс болған жоқ;  
 
«0» – жауап берген жоқпын. 
93

 
 
Дескрипторлар: 
– Моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтерді, липид 
пен липоидтерді  жүйелей алады, бір-бірінен ажыратады. 
– Құрылысын пайымдайды. 
Қосымша ақпарат.  Көмірсулардың құрылымы. 
Көмірсулар құрамына көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында 
күрделі органикалық қосылыстар  1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы – 
моносахаридтер. Моносахаридге жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп 
мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза 
мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар 
түссіз заттар. 
Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан дисахарид түзіледі. Оған мысал 
ретінде қызылша қанты – сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге 
болады. 
Бірнеше моносахарид молекулаларынан полисахарид (грекше «поли» – көп) түзіледі. Ендеше, 
полисахаридтер полимер қатарына жатады. Олардың мономерлері – моносахаридтер. Бұлар 
суда ерімейтін, дәмсіз органикалық қосылыстар. Ең кең таралған полисахаридтерге крахмал, 
гликоген түрінде бауыр және бұлшық ет жасушаларына  5%  мөлшерде қорға жиналады. Ал 
ағзаға энергия қоры – глюкоза қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға 
ыдырайды. 
Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасұнық кездеседі. Крахмал гликоген сияқты көп 
мөлшерде картоп түйінінің т. б. өсімдік жасушаларында қорға жиналады, оның мөлшері  70%-
ға дейін болады. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін талшықтар (ағаш сүрегі),  
т. б. жасұнықтан тұрады. Жасұнықтың құрамында глюкозаның 150–200 молекуласы болады. 
Көмірсулардың биологиялық рөлі.     
1. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге 
бөлінуге т. б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. Жасушаларда үздіксіз жүретін 
тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық (СО2 және 
Н2О) ыдырайды. Көмірсулардың бір грамм молекуласы ыдырағанда  17,6 кДж энергия босап 
шығады. 
2. Көмірсулар құрылыс материалының қызметін атқарады. Барлық өсімдік жасушаларының 
қабырғалары жасұнықтан тұрады. 
Липидтердің құрылымы. 
Құрамындағы элементтердің арақатынасына және құрамына байланысты липидтер алуан түрлі 
болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет – олардың полярлы еместігі. Сондықтан да 
липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал 
суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны – майлар. Майлар өзара эфирлік 
байланыспен қосылатын глицерин мен май қышқылынан тұрады. Олардың қатарына бәрімізге 
белгілі жануар және өсімдік майлары, маргарин және т. б. жатады. Майлардың бір-бірінен 
айырмашылығы олардың құрамына кіретін май қышқылдарының табиғи сипатында. Май 
қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Жануар майларының 
94

 
құрамында қаныққан қышқылдар көп. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының  
5-10%  шамасында болады. Алайда құрамының  90%-ға  жуығы майдан тұратын жасушалар да 
бар. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші 
осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады. 
Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін  А, Д  
дәрумендері (витаминдер), кейбір гармондар жатады. 
Липидтердің биологиялық рөлі: Липидтердің суда ерімейтін қасиеті олардың құрылыс 
материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді. 
Липидтер – энергия көзі. Май жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр 
грамы молекуласынан 38,9 кг/Дж энергия бөлінеді. 
Май – су көзі. Май тотыққанда (ыдырағанда) су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол 
сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы ыдыраған майдың суын 
пайдаланады. 
Липидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында 
қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 
киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр 
теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді. 
Биологиялық молекулалардың пайда болуы. Тірі ағзаларда әртүрлі кіші органикалық 
молекулалар пайда болады. Оларды мономерлер («моно» бір) деп атайды. Мономерлер 
қосылып, ірі молекулалар – полимерлерді («поли» көп) немесе макромолекуланы («макро» 
үлкен) құрайды. Ондай органикалық қосылыстар: жүн, каучук, жібек және мақта адамға 
бұрыннан белгілі. 
ХХ ғасырдан бастап химиктер жасанды мономер – пластмассаны ала бастады. Ағза өсімдік 
текті және жануар текті азық-түліктің құрамынан энергиясы мол полимерлер қабылдайды. 
Олар әртүрлі ферменттердің әсерінен мономерлерге дейін ыдырайды. Ол мономерлерден сол 
ағзаға тән полимер молекулалары синтезделеді. 
Барлық тірі ағзалар органикалық қосылыстардың төрт түрінен тұрады. Олар – көмірсулар, 
липидтер және нәруыз бен нуклеин қышқылдары. 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға тапсыр-
маны күрделендіруді 
қалай жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Майдың, көмірсудың құрамын талда. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
 
Көмірсулардың алмасуы майдың 
алмасуымен байланысты ма? Жауабыңды 
негізде. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары тиімді 
болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма қандай 
түзетулер енгіздім және 
неліктен? 
Кері байланыс:  
Кемпірқосақ 
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді 
желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан 
күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы 
түсінік деңгейін білдіреді. 
 
95

 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  менің  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау. 
САБАҚ:  §5. Нәруыздар 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар 
саны: 
Сабаққа негізделген 
оқу мақсаттары  
8.4.1.3 – нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннен нәруыздың органикалық зат, оның биополимер, мономері 
аминқышқылдары  екендігін біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
Нәруыздардың әртүрлі қызметіне сипаттама бере алады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Ағза үшін нәруыздың маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Нәруыздың мономерлерін біледі. 
– Нәруыздың құрылымын көмірсулар мен майлармен салыстырады, 
айырмашылығын негіздейді. 
– Нәруыздың қасиетіне тұжырымдама жасайды. 
– Нәруыздың түрлі қызметтеріне баға береді. 
 
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу 
дағдылары) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Нәруыздар, органикалық заттар, биополимерлер, мономерлер, 
аминқышқылдары, денатурация, ренатурация 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Асқорыту мүшелерінде нәруыз неге дейін ыдырайды? Талқылап түсіндіріп 
бер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен нәруыздар жай және күрделі болып бөлінеді? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Нәруыздар түрлерін жүйелеу сызбасын дәптерге түсіру 
96

 
Алдыңғы оқу 
Майлар және майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Табиғи липидтер 
эфир, бензин, бензол, хлороформ сияқты органикалық еріткіштерде жақсы 
ериді. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер липидтері майлар, балауыз, фосфолипидтер 
мен глюколипидтер деп аталатын 4 негізгі топқа бөлінеді. Липидтер ағзада 
зор рөл атқарады. Олардың бір бөлігі жасушаның қор заты ретінде 
жиналады, ендігі бір бөлігі жасуша құрылысын түзуге қатысады. 
Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің ядро мен басқа да 
органоидтердің сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ 
хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тәрізді 
құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. 
Нәруыздармен қосыла келе, липидтер күрделі нәруыздар – липопротеидтер 
түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді. 
Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының рөлін 
атқарады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық 
жасушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап 
айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 % тұқымына 
қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативтік мүшелерде де түзіледі, 
бірақ ол мұнда аз болады. 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сыныпты «Протеиндер», «Протеидтер» топтарына 
геометриялық фигуралар арқылы бөлу. Топ мүшелері топ 
атына байланысты терминдердің мағынасын ашады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Жүректен жүрекке» стратегиясы 
Оқушылар жанындағы досының  көңіл күйін көтеру 
мақсатында бір-біріне жылы сөздер айтады. 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
ДЖИГСО 
Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – 
бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін 
немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей 
мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя 
топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, 
мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. 
ІІ. Нәруыздарды атқаратын қызметіне байланысты 
жүйеле. 
Актин, миозин, оссеин, коллаген, альбумин, фибрин, 
фибриноген, гемоглобин, кератин, токсин, эластин, 
интерферон, тубулин, миоглобин, инсулин, адреналин, 
каталаза, амилаза, глобулин. 
Дескрипторлар: 
– мәтінді толық меңгереді; 
– нәруыздардың құрылымын сипаттайды; 
– нәруыздардың қызметтерін талқылайды; 
– нәруыздарды топтар бойынша жүйелейді. 
Сергіту сәті: 
Бір, екі – еңкей, 
Оқулық 
 
97

 
Бүгілмесін тізең. 
Үш-төрт шалқай 
Иілмесін тізең. 
Қолды көтер аспанға, 
Саусақты сөз, жасқанба. 
Кері байланыс: 
 
Аяқталуы 
«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. 
Тақырып бойынша топ мүшелері келесі топ мүшелерінен 
сұхбат алады. 
Дескриптолрлар: 
– мәтіннен негізгі ойды бөліп алады; 
– нәруыздар туралы білімін жүйелейді. 
 
 
Қосымша  ақпарат.    
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Нәруыздардың қызметтерінің ішінде қандай үш 
қызметті негізгі деп айтар едің? 
Қабілеті жоғары оқушы: 
«Тіршілік дегеніміз – нәруызды денелердің өмір 
сүру тәсілі» деген Ф.Энгельс. Осы пікірге 
қосыласың ба? Неге? 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
 
АКТ-мен байланыс 
 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген 
уақыт ішінде 
үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
 
Рефлексия 
 
1.  Мен бүгін білдім… 
2.  Қызықты болды… 
3.  Қиын болды… 
4.   Мен тапсырманы орындадым… 
5.   Мен түсіндім… 
6.   Енді мен келесіде …орындай аламын 
7.  Мен  бүгін сезіндім… 
8.  Мен бүгін … таптым 
9.  Мен… үйрендім… 
10.  Менде бүгін сәтті шықты … 
11.  Мен …істей алдым 
12.  Мен…орындап көремін 
13.  Мені таңғалдырды… 
14.   Бүгінгі сабақ өмір үшін…берді 
15.  Мен … істегім келеді 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
98

 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  § 6. Өсімдік 
бөлімдеріндегі ерекше 
белгілері. №3 зертханалық 
жұмыс 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
СЫНЫП:  
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар 
саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.1.1.1 – балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және 
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді біледі, өсімдіктерді 
жүйелеуге қолданылатын таксондарды қолдана алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет