А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Оқушылардың басым бөлігі: 
Өсімдік бөлімдеріне сипаттама береді, бөлімдердің ерекшеліктерін 
анықтай алады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Өсімдіктердің көбею ерекшеліктерінің маңызын тұжырымдай алады. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Өсімдіктерді жіктеудің таксондарын қолдана алады. 
–  Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтарын 
анықтайды. 
–  Өсімдіктерді бөлімдер бойынша жіктейді. 
–  Өсімдіктің бөлімдерінің ерекшеліктерін сипаттайды. 
–  Өсімдіктердің таксондарына байланысты мүшелер жүйесіне баға 
беру. 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Жалаңаштұқымдылар, жабықтұқымдылар, даражарнақтылар, 
қосжарнақтылар, төменгі сатыдағылар, жоғары сатыдағылар, споралы 
өсімдіктер 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
1.  Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер бір-бірінен қалай 
ерекшеленетінін талқылаңдар. 
99

 
 
 
 
 
 
 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер неліктен құрлықта кең тараған? Кең таралуға 
себеп болған морфологиялық, анатомиялық, биологиялық ерекшеліктерді 
анықтаңдар. 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Өсімдіктердің жүйелену сызбасын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Нәруыздың қызметтері
Құрылыс қызметі: Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары 
жасуша  мембранасының  ішкі,  сыртқы  қабықшасы,  митохондрияның  ішкі 
мембранасының  70%-ы  нәруыз  молекуласынан  тұрады.  Жануарлардың 
мүйізі,  тұяғы,  қауырсыны,  түктері,  сіңірлері,  шеміршектері  мен  қан 
тамырларының қабырғасы және т.б. нәруыздан құралған. 
Тасымалдау  қызметі: Гемоглобин  нәруызы  өкпеден  сіңіріп  алған  оттекті 
дененің  барлық  ұлпалары  мен  мүшелеріне  тасымалдап,  оларды  оттекпен 
қамтамасыз етеді де, ыдырау өнімі – СО
2
-шығарылады. 
Қозғалыс қызметі. Ағзаның қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен 
ұлпалардың  түрлі  жиырылғыштық  жүйесіне  әсер  ететін  арнайы  нәруыздар 
катысады.  Мұндай  нәруыздар  жасушаның  ішіндегі  протоплазманың 
козғалысына  да  әсер  етеді.  Жасушаның  бөлінуі  кезінде  ахроматин 
жіпшелерінің 
жиырылуы 
салдарынан, 
хромосомалар 
экватордың 
полюстеріне тең таралатындығы белгілі. 
Қорғаныштық  қызметі: Нәруыздар  ағзаны  әртүрлі  жұқпалы  аурулардан 
қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның ағзасына зиянды нәруыздар 
(токсиндер)  енетін  болса,  оған  қарсы  тұратын  нәруыздар  –  антиденелер 
түзіледі. 
Антиденелер 
бөгде 
денелермен 
күресіп, 
денені 
залалсыздандырады.  Аурумен  ауырғаннан  кейін  ағзада  иммунитет  пайда 
болады. 
Ферменттік  (катализаторлық)  қызметі. Ағзадағы  заттардың  өзін-өзі 
жаңартуы  ферменттердің  әсерімен  жүзеге  асырылады.  Орыс  ғалымы 
И.П.Павлов  ферментті  «тіршіліктің  қоздырғышы»  деп  атады,  өйткені  ол 
ағзадағы зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді. 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сыныпты «Төменгі сатыдағы өсімдіктер», «Жоғары 
сатыдағы өсімдіктер» топтарына төменгі сатыдағы 
споралы өсімдіктер және тұқымды өсімдіктер суреттері 
арқылы  бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты 
терминдердің мағынасын ашады. 
 
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
    «Біз екеуміз ұқсаспыз»  
Топ мүшелері өзін кімге ұқсататыны жөнінде қысқаша 
мәлімет береді. Бұл оқушыны тағы бір қырынан тануға 
көмектеседі. 
 
 
 
 
100

 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Белгі қойып оқу немесе  INSERT кестесін толтыру 
Бұрыннан 
білемін  
 
 
Жаңа 
ақпарат 

Менің 
ойлағаныма 
қайшы, 
кереғар 

Білгім 
келеді 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұрыннан білемін  
Оқушылар бұл бағанаға мәтінде кездестірген өздерінің 
алдынан бері таныс мәліметтерді келтіреді. 
Жаңа ақпарат 
Осы тақырып бойынша өздері үшін жаңа болып табылатын 
ақпаратты жазады. 
 
Менің ойлағаныма қайшы, кереғар 
Осы мәтінде келтірілген қандай ақпарат олардың алдынан 
білетініне қайшы келгенін жазады. 
Білгім келеді 
Білгісі келетін сұрақтарды жазады. 
Дескрипторлар: 
  Мәтіннен негізгі ойды бөліп алады. 
  Жүйелеу таксондарын қолдана алады. 
ІІ. Жинақтау» 
Мәтіннен алған білімді пайдаланып, төменгі сатыдағы және 
жоғары сатыдағы өсімдіктерді жазып шығыңдар, 
жазғандарыңды дәлелдеңдер. 
Төменгі сатыдағы 
өсімдіктер 
Жоғары сатыдағы 
өсімдіктер 
 
 
Дескрипторлар: 
  Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді 
жүйелейді. 
  Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің 
ерекшеліктерін талдайды. 
 
Рефлексия:  
«Қол сигналы» 
 
«Топтастыру» 
Белгілері  
Өсімдік бөлімдері 
1. Хроматофоры болады 
 
2. Жасұнықтан тұрады 
 
3. Биология ғылымы 
зерттейді 
 
4. Тұщы су қоры 
 
5. Жерүсті өркендері екі 
түрлі 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
101

 
6. Жапырақтарында 
сорустары болады 
 
7. Ине тәрізді үшкір 
жапырақтары бар 
 
8. Көбею мүшесі – гүл 
 
«Кластер» стратегиясы 
 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
  Өсімдік бөлімдерінің бір-бірінен 
айырмашылықтарын негіздейді. 
  Әр бөлімнің өзіне тән ерекшеліктерін 
тұжырымдайды. 
  Өсімдіктер систематикасының сызбасын дұрыс 
орналастырады. 
Аяқталуы 
«Синквейн» бес жолды өлең стратегиясы 
Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес 
жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:  
–  бірінші жолда 1 зат есім /балдырлар, қырықбуындар, 
мүктер т.б./, 
–  екінші жолда 2 сын есім,  
–  үшінші жолда 3 етістік,  
–  төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды 
түйіндеу,  
–  бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз 
жазылады. 
Дескрипторлар: 
– Синквейн арқылы өсімдіктер бөлімдері туралы білімін 
көрсете алады. 
– Өсімдік бөлімдерінің маңызын зерделейді. 
 
 
Қосымша  ақпаратЖоғары сатыдағы  өсімдіктер күрделі  дифференциалданған  
көпжасушалы ағза – жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын 
өсімдіктер – 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер 
сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабақты өсімдіктер деп 
атайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді – 
жынысты – (гаметофит) және жыныссыз – (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы –
антеридий – аналығы – архегоний – әрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы 
өсімдіктерге: 
 
риниофиттер 
 
сарыбауырлылар 
 
плаунтәрізділер 
 
псилотәрізділер 
Өсімдіктер систематикасы 
102

 
 
 
 
 
 
 
 
қырықбуындар 
 
папоротниктер 
 
жалаңаштұқымдылар 
 
жабықтұқымдылар жатады 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Жануарларды жүйелеуде қолданылатын 
таксондар мен өсімдіктерді жүйелеуде 
қолданылатын таксондарды талқылаңдар. 
Екеуіне де ортақ таксондарды көрсетіңдер. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің шығуы және 
даму жолдары. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді 
жүйелеңдер.  
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия 
Өзін-өзі талдау кестесі 
Мен сабақта жұмыс істедім   белсенді/белсенді емес  
Мен өзімнің жұмысыма  
ризамын/риза емеспін  
Сабақ мен үшін... 
қысқа/ұзақ болды  
Мен сабақта  
шаршаған жоқпын/шаршадым  
Менің көңілім  
жақсарды/шамаланды  
Сабақтың мазмұны мен 
үшін  
түсінікті/түсініксіз болды 
пайдалы/пайдасыз болды 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
103

 
САБАҚ:  §7. Саңырауқұлақтар – 
тірі ағзалардың ерекше 
патшалығы  
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
СЫНЫП: 8  
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.1.2 – саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Саңырауқұлақтардың ерекше патшалық өкілдері екенін біледі, 
құрылысын талдайды. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Саңырауқұлақтардың топтарын сипаттай алады, топтарға жататын 
саңырауқұлақтарды жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Саңырауқұлақтардың жануарларға және өсімдіктерге тән белгілерін 
ажыратады. 
–  Саңырауқұлақтардың құрылысын пайымдайды. 
–  Саңырауқұлақтардың топтарын сипаттайды. 
–  Саңырауқұлақтардың табиғаттағы маңызына баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптаcтырылады (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Жіпшумақ, микология, зең саңырауқұлақтары, қалпақшалы 
саңырауқұлақтар, паразит саңырауқұлақтар 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қалай ойлайсыңдар, барлық саңырауқұлақтар бір-біріне ұқсай ма? 
Ұқсамайтын және ұқсас жерлерін талқылаңдар. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Қай саңырауқұлақ артық және неліктен? Анықта. 
1. Майқұлақ, жерқұлақ, шыбынжұт, бүріскі, түлкіжем – ол улы 
саңырауқұлақ. 
2. Қозықұйрық, тайтұяқ, майқұлақ, түбіртек, ақсаңырауқұлақ – ол паразит 
саңырауқұлақ. 
3. Бүріскі, түбіртек, көңілкеш, діңқұлақ – көңілкеш – улы, діңқұлақ – 
паразит саңырауқұлақ. 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Саңырауқұлақтар топтарын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Попкорн» әдісін пайдалана отырып, сұрақ қойылып, балалардан өткен 
тақырып сұралады: 
Төменгі сатыдағы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер дегеніміз не? 
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді ата. 
Өсімдіктерді жүйелеуде қандай таксондар қолданады? 
 
104

 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сыныпты «зең саңырауқұлақтары», «қалпақшалы 
саңырауқұлақтар» топтарына туған күндері, тақ сан және 
жұп сан бойынша топтарға  бөлу. Топ атына байланысты 
топтар өз аттарына түсінік береді. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
 
Амансың ба, Алтын Күн! 
Амансың ба, Көк Аспан! 
Амансың ба, достарым! 
Сендерді көрсем қуанам! 
 
Ортасы 
I. Оқулықпен жұмыс.  
«Қазына іздеу» әдісі 
Оқушылар үстелде жатқан анықтамалықтарды ашып, 
алдындағы оқулықтан мәтінді оқып, тақтадағы сөздерді 
анықтамалықтардан, оқулықтан іздеп тауып, топта 
талдайды. Жауабын береді. 
  Таныс емес сөздермен жұмыс істейді. 
Таныс емес сөздер: 
–  Микология 
–  Зең саңырауқұлақтары 
–  Мукор 
–  Ашытқы саңырауқұлағы 
–  Бүршіктену 
–  Қалпақшалы саңырауқұлақтар 
–  Жемісті дене 
–  Жіпшумақ 
–  Түбіртек 
–  Қалпақша 
 
Дескрипторлар: 
– Саңырауқұлақ топтарын жүйелейді. 
– Саңырауқұлақтардың тіршілік ерекшеліктерін, 
құрылысын талдайды. 
Сергіту жаттығулары: 
«От шашу» 
 
ІІ.  «Жұбын тап» әдісі 
 Әр  топқа  не  жауабы  бар,  не  сұрағы  бар  қағаздар 
таратылады.  Оқушылар  топ  ішінде    сәйкес  сұрақ  пен 
жауапты  іздейді. 
Қағаз ішіндегі  берілетін сөйлемдер: 
–   Саңырауқұлақтың жіпшумағы... 
–  Жемісті дене..... тұрады 
–  Түбіртекпен, қалпақшадан 
–  Жер астында жатады. 
–  Өсімдікке ұқсас белгісі: 
Оқулық 
 
105

 
–  Өмір бойы өсе береді 
–  Көмірсуы– 
–  Гликоген 
–  Зең саңырауқұлақ өкілі 
–  Мукор 
–  Бүріскі 
–  Қалпақшалы саңырауқұлаққа жатады. 
–  Зең саңырауқұлақтарынан 
–  Антибиотиктер алынады 
–  Ағаштармен селбесіп 
–  Микориза түзеді 
Дескрипторлар: 
–  Саңырауқұлақтардың  өсімдікке  және  жануарларға 
ұқсас белгілерін анықтайды. 
– Саңырауқұлақтарды топтарға бөліп, жүйелейді. 
Рефлексия: «Бір сөзбен» 
Оқушылар  өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің  
ішінен 3 сөзді таңдайды: 
 
•  Тынышсыздану 
•  Ашулану 
•  Қуаныш 
•  Селқостық  
•  Қанағаттану 
•  Күш жинау 
•  Іш пысу 
•  Қорқыныш 
•  Тыныш 
•  Сенімділік 
•  Сенімсіздік 
•  Қуану 
Аяқталуы 
Жуан сұрақтар: 
–  Саңырауқұлақтардың рөліне баға беріңдер. 
 
тамақ өнеркәсібінде 
 
медицинада 
 
шаруашылықта 
 
зат айналымында 
–  Неге саңырауқұлақтар кейбір ағаштардың діңінде 
өседі? Жауабыңды дәлелде. 
Дескрипторлар: 
– Саңырауқұлақтардың маңызына жан-жақты баға 
береді. 
– Саңырауқұлақтардың ерекше патшалыққа жату себебін 
дәлелдейді. 
 
 
Қосымша ақпарат.  Қалпақшалы саңырауқұлақтарда болады:  
– қалпақша 
– қалпақша асты 
– белдеуше сақина 
– түбiртек 
– түбiртек жiпшесi 
– жiпшумақ 
– жiпше 
106

 
 
 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Қалпақшалы саңырауқұлақтар, ашытқы 
саңырауқұлағы қалай көбейеді? 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Қалпақшалы саңырауқұлақтардың 
барлығының жемісті денесі жер бетінде 
өсе ме? Жауабыңды негізде. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Кері байланыс:  
Бас бармақ  
  Оқушылардың бас бармақтарын 
көрсету арқылы олардың ұғу деңгейі 
тексеріледі. 
  Бас бармақ жоғарыға қарай = Мен 
түсінемін. 
  Бас бармақ көлденең = Мен 
түсінгендеймін.   
  Бас бармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. 
Қорытынды бағамдау 
 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу. 
 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
107

 
САБАҚ:  § 8. Даражарнақты 
және қосжарнақты өсімдіктер 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.1.3 – даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне 
қарай ажырату. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, гүлді өсімдіктердің ашықтұқым-
дылардан ерекшелігін біледі, гүлді өсімдіктердің кластарын 
анықтайды. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың құрылыс ерекшеліктерін 
талдайды, суретке қарап екі класс өкілдерін жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Жабықтұқымдылардың екі класы өкілдерінің тіршілік 
формаларының әртүрлі болу себептерін болжайды. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады. 
– Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың құрылыс ерекшеліктерін 
/тұқымының құрылысы, гүлі, тамыры, жапырақтың жүйкеленуі мен 
типтерін/ анықтайды, өкілдерін қарастырады, жүйелейді. 
Тілдік мақсат 
 
бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу  
дағдылары) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Гүлді өсімдіктер, жабықтұқымдылар, даражарнақтылар, қосжарнақтылар, 
камбий, тіршілік формалары 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Орманда өсетін шөптекті өсімдік қарғакөздің жапырағы торлы жүйкелі 
болса да ол – даражарнақты өсімдік, ал жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді 
жүйкеленеді, тамыры шашақ, бірақ ол қосжарнақты. Неге екендігін 
талқылаңдар, жауаптарыңды негіздеңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Пальмадан басқа даражарнақтылардың барлығы шөптесін, кейде бұталы 
өсімдіктер. Неліктен даражарнақтылар тек шөптесін немесе бұталы екенін 
айта аласыз ба? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Салыстыру кестесін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Сұрақтар стратегиясы» 
Әр топ сұрақтар беріп, жауап қайтару арқылы өткен сабақты пысықтайды. 
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (микология ХIХ ғ.) 
2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы  
(гликоген) 
3. Талшығы бар спораның атауы (зооспора) 
4. Споралар түзiлетiн орын (спорангий) 
5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ (қантты) 
6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы (пеницилл) 
108

 
7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ (аспергилл) 
8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады? (қалпақ, 
түбiртек) 
9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi (микориза) 
10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ  (шыбынжұт) 
11. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi 
(жiпшумақ, жiпше) 
12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, улы емес пе? (улы емес) 
13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ (қастауыш) 
14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ (қаракүйе) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет