А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Тараудың жалпы мақсаты: Экожүйенің құрамбөліктерімен танысу, су және құрлық экожүйесін салыстыра отырып талдау. Популяция құрылымын анықтау, 
ерекшеліктерін пайымдау. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін айқындау, ағзалар арасындағы оңтайлы, теріс қарым-қатынастарды жүйелеу, мысал 
келтіре отырып мәнін ашу 
№/ 
Сабақтың 
тақырыптары 
Оқытудың негізгі 
мақсаттары: 
Белсенді 
оқытуда 
қолданы-
латын жұмыс 
формалары 
/әдіс-тәсілдері 
Оқытудың нәтижесі 
       Бағалау критерийлері
 
Негізгі ресурстар 
1. 
 
 
 
 
 
2. 
Экожүйенің 
құрамбөліктері 
су және құрлық 
экожүйелері 
Популяция – 
оның 
экологиялық 
сипаттамасы 
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы 
мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау. 
Борт күнделігі 
Барлығы: 
Мәтінді оқып, мазмұнын 
түсінеді, экожүйеге анықтама 
береді, экожүйе құрылымын 
біледі. 
– Экожүйе бірлестік ұғымының 
мәнін ашады. Продуценттер, 
консументтер, редуценттерді 
құрайтын ағзаларды жүйелейді, 
олардың экожүйедегі қызметін 
нақтылайды. 
– Қоректік тізбекке мысал келтіре 
сипаттайды. 
– Су және құрлық экожүйелерін 
талдайды. 
– Экожүйе құраушыларының 
маңызына баға беру. 
Популяция, генофонд ұғымына 
түсінік береді. 
– Популяцияны сипаттайды, 
көрсеткіштерін талдайды. 
– Популяцияның өмір сүру 
стратегияларын анықтайды, 
негізгісін табады. 
– Стратегиялардың популяция үшін 
маңызына баға береді. 
 
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныпқа арналған 
оқулық.  
Оқыту әдістемесі. 
Ғаламтор желісі 
2. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Экожүйе құрылымын 
талдау. 
Экожүйеде міндетті түрде 
болатын түзуші, 
тұтынушы, ыдыратушы 
ағзаларды анықтау, 
қызметтерін зерделеу. 
Қоректік тізбекті 
құраушыларды талдау. 
Су және құрлық 
экожүйелерін сипаттау 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсілдері: 
«Түйінді 
сөздер»  
 
Көпшілігі: 
Экожүйеде міндетті түрде 
болатын түзуші, тұтынушы, 
ыдыратушыларды талдайды, 
қызметтерін зерделейді. 
Қоректік тізбекті 
құраушыларды анықтайды. 
Су және құрлық экожүйелерін 
зерделейді. 
Популяцияларды сипаттайды, 
популяция тығыздығы, өсімі, 
жыныстық құрамы, генофонды 
сияқты көрсеткіштерін 
талдайды. 
3. Ойланады /баға береді 
Экожүйе үшін 
редуценттер, 
продуценттер, 
консументтердің 
маңызына баға беру 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсілдері: 
«Суреттерді 
зерделеу»  
Кейбіреуі:  
Экожүйе үшін редуцент, 
продуцент, консументтердің 
маңызына баға беру. 
Популяциялардың өмір сүру 
стратегияларын  K- және r жан-
жақты пайымдайды. 
69

 
 
 
4. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Бейімделушілік, 
адаптация ұғымдарының 
мәнін ашу. 
Ағзалардың абиотикалық 
факторларға бейімделуін 
мысалдар арқылы талдау 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Жұптық 
тапсырма- 
лар 
«Фотогале-
рея» 
Көпшілігі: 
Ағзалардың абиотикалық 
факторларға бейімделуін 
талдайды. 
Ағзалардың абиотикалық 
факторларға бейімделуін 
мысалмен сипаттап береді. 
 
 
5. Ойланады /баға береді 
Бейімделу туралы 
Ж.Б.Ламарк пен 
Ч.Дарвиннің пікіріне баға 
береді. 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«Кесте 
толтыру» 
Кейбіреуі:  
Ж.Б.Ламарк пен Ч.Дарвиннің 
бейімделу туралы айтқан 
пікірлерін зерделеп, өздерінің 
көзқарсын білдіреді. 
2. 
Тірі ағзалардың 
өзара қарым-
қатынас түрлері 
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы 
мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау 
 
Барлығы: 
Мәтінді оқып, мазмұнын 
түсінеді, қарым-қатынастарды 
ағза үшін тиімділігіне 
байланысты жүйелейді. 
Ағзалар арасындағы қарым-
қатынастарды жіктеп жүйелейді. 
– Қарым-қатынастарға сипаттама 
береді. 
–  Қарым-қатынастарға мысал 
келтіре отырып, ерекшеліктеріне 
тоқталады. 
–  Қарым-қатынастардың маңызына 
баға береді. 
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныпқа арналған 
оқулық.  
Оқыту әдістемесі. 
Ғаламтор желісі 
2. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Ағзалар арасындағы 
қарым-қатынастар түрін 
ажырату, жүйелеу. 
Оңтайлы қарым-
қатынастарды талдау, 
әрқайсысын жеке 
қарастыру 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«Тірек сөздер» 
стратегиясы 
 
Көпшілігі: 
Қарым-қатынас түрлерін 
салыстырады, ажыратады. 
қарым-қатынастарды мысал 
келтіре отырып, талдайды. 
3. Ойланады /баға береді 
Оңтайлы қарым-
қатынастардың тіршілік 
үшін маңызына баға беру 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«Синквейн» 
Кейбіреуі:  
Тіршілік үшін оңтайлы қарым-
қатынастың маңызына баға 
береді. 
3. 
Тірі ағзалардың 
бір-біріне 
жағымсыз 
әсерлері 
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы 
мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау 
Барлығы: 
Мәтінді оқып, мазмұнын 
түсінеді,  қарым-қатынастың 
оңтайлы, теріс жақтарын біледі. 
Теріс қарым-қатынастарды 
жүйелейді. 
– Туу себептерін анықтайды. 
– Теріс қарым-қатынастарға мысал 
келтіре алады.   
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныпқа арналған 
70

 
2. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Ағзалар арасындағы теріс 
қарым-қатынастарды 
жүйелеу. 
Теріс қарым-
қатынастардың туу 
себептерін анықтау 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Кластер құру. 
Бононың алты 
қалпағы 
Көпшілігі: 
Теріс қарым-қатынастарды 
жүйелейді, салыстырады, бір-
бірінен ажыратады. 
Теріс қарым-қатынасты 
жүйелейді. 
– Экожүйенің тұрақтылығын 
сақтаудағы теріс қарым-қатынастың 
маңызына баға береді. 
оқулық.  
Оқыту әдістемесі. 
Ғаламтор желісі 
3. Ойланады /баға 
береді. 
Теріс қарым-
қатынастарды мысалмен 
дәлелдеу 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«Автобус 
аялдамасы» 
стратегиясы 
Кейбіреуі:  
Экожүйенің тұрақтылығын 
сақтаудағы теріс қарым-
қатынастың маңызына баға 
береді. 
4. 
Тірі ағзалардың 
қоршаған орта 
жағдайларына 
бейімделуі 
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы негізгі 
ойды анықтау 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау 
Барлығы: 
Мәтіннің мазмұнын толық 
түсінеді, тірі ағзалардың 
қоршаған ортаға бейімделуі – 
эволюция нәтижесінің бірі 
екендігін біледі, терминдердің 
мәнін ашады. 
Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты 
таба алады. 
– Бейімделушілік, адаптация 
ұғымын біледі. 
– Ағзалардың температура, ылғалға 
байланысты бейімделушілігін мысал 
арқылы дәлелдейді. 
– Бейімделушіліктің ағза өмірін 
сақтап қалудағы маңызын 
болжайды. 
– Ч.Дарвин мен Ж.Ламарктің  
бейімделу туралы пікірлеріне баға 
береді. 
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныптарға арналған 
оқулық.  
Әдістемелік нұсқау.  
Ғаламтор желісі 
 
Сынып: 8 
14-бөлім. Адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсері 
Бөлімдегі сағат саны: 2 
Сабақтың мақсаттары: 8.3.2.1 - биологиялық әртүрлілікті сақтау және қолдау қажеттіліктерінің себептерін негіздеу 
8.3.2.2 - Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау 
8.3.2.3 - Қазақстан  аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру 
Тараудың жалпы мақсаты: Адамның табиғаттағы рөлін айқындау, оның табиғатқа тигізетін әсерін зерделеу. Дүниежүзілік тұқым қоры туралы ақпарат беру. 
Биоалуантүрлілікті сақтап қалу шараларын қарастыру. Қазақстанның экологиялық проблемаларын жүйелеу. Туу себептерін айқындау, сақтап қалу шараларын ұсыну 
№/ 
Сабақтың 
тақырыптары 
Оқытудың негізгі 
мақсаттары: 
Белсенді 
оқытуда 
қолданы-
латын жұмыс 
формалары 
/әдіс-тәсілдері 
Оқытудың нәтижесі 
       Бағалау критерийлері
 
Негізгі ресурстар 
71

 
1. 
Адамның 
табиғаттағы рөлі       
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы 
мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау, 
«Кемпір-
қосақ» 
Барлығы: 
Мәтінді оқып, мазмұнын 
түсінеді, адамның табиғатқа 
тигізетін әсерін біледі. 
Адамның іс-әрекетінің табиғатқа 
тигізетін әсерін талдайды. 
– Табиғатқа тигізетін әсер себебінен 
болатын проблемаларды жүйелейді. 
– Табиғатты сақтаудың жолдарын 
қарастырады. 
– Дүниежүзілік тұқым қорының 
ұйымдастырылуының себебін 
болжайды. 
–Табиғат ресурстарын тиімді 
қолданудың маңызына баға береді. 
 
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныпқа арналған 
оқулық.  
Оқыту әдістемесі. 
Ғаламтор желісі 
2. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Адамның табиғатқа 
тигізетін әсерін жан-
жақты талдау. 
Адам әсерінен болатын 
табиғаттағы өзгерістерді 
жүйелеу, себептерін 
анықтау. 
Биологиялық 
алуантүрлілікті сақтап 
қалу үшін жасалып 
жатқан жұмыстарды 
талдау. 
Дүниежүзілік тұқым қоры 
туралы оқушыларға 
мәлімет беру, оның 
мақсатын түсіндіру 
Оқытудың 
әдіс-тәсілдері: 
«Кесте 
толтыру»  
 
Көпшілігі: 
Адам әсерінен болатын 
табиғаттағы өзгерістерді 
жүйелейді, себептерін 
анықтайды. 
Биологиялық алуантүрлілікті 
сақтау жолдарын қарастыру, 
жасалып жатқан жұмыстарды 
зерделеу. 
Дүниежүзілік тұқым қоры 
туралы талдау 
3. Ойланады /баға 
береді. 
 Табиғат ресурстарын 
үнемді қолданудың 
маңызына баға беру 
Оқытудың 
әдіс-тәсілдері: 
«Эссе жазу»  
Кейбіреуі:  
Табиғат ресурстарын үнемді 
пайдаланудың маңызына баға 
беру 
2. 
Қазақстанның 
экологиялық 
мәселелері 
1. Білу және түсіну 
Тірек сөздер мен жетекші 
сұрақтар арқылы 
мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау 
 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
Ойқозғау  
Барлығы: 
Мәтінді оқып, Қазақстанның 
экологиялық проблемаларымен 
танысады. 
–  Қазақстан Республикасының 
экологиялық проблемаларын 
анықтайды, олардың туындау 
себептерін талдай отырып, 
жүйелейді. 
– Экологиялық проблемаларды 
Кембридж 
бағдарламасы бойынша 
мұғалімге арналған 
нұсқаулық. 
8-сыныпқа арналған 
оқулық.  
72

 
2. Қолданады, талдайды, 
синтез жасай алады  
Қазақстан 
Республикасының 
экологиялық 
проблемаларын талдау. 
Экологиялық апат 
аймақтарын анықтау, 
себептерін зерделеу 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«Фотогале- 
рея». 
Картамен 
жұмыс 
Көпшілігі: 
Қазақстанның экологиялық 
апат аймақтарының картасын 
талдайды, ауқымын анықтайды, 
себептерін зерделейді. 
Экологиялық апат аймақтардың 
тигізетін әсерін болжайды. 
шешу жолдарын қарастырады. 
– Қазақстанның болашағын 
болжайды. 
 
Оқыту әдістемесі. 
Ғаламтор желісі 
3. Ойланады /баға 
береді. 
Экологиялық 
проблемаларды шешу 
жолдарын қарастыру 
Оқытудың 
әдіс-тәсіл-
дері: 
«РАФТ» 
Кейбіреуі:  
Экологиялық проблемаларды 
шешу жолдарын қарастырады. 
 
 
 
73

 
Сабақтардың қысқамерзімді жоспары 
 
САБАҚ:  §1. Прокариот және 
эукариот жасушаларының 
құрылысы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8  
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар 
саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
 
8.4.2.2 – прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Прокариот және эукариоттарды біледі, айырмашылықтарын 
ажыратады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Прокариоттар мен эукариоттарды салыстырады, ерекшеліктерін 
айқындайды. 
 
Прокариоттар мен эукариоттар органоидтерінің құрылысы мен 
қызметін талдайды, жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Жасуша үшін жасуша мембранасы мен цитоплазманың рөліне баға 
береді. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Жасуша, прокариот, эукариот, анцит, цитология, органоид терминдеріне 
анықтама бере алады. 
– Прокариоттардың эукариоттардан ерекшеліктерін ажырата алады. 
– Прокариот жасушасының органоидтерінің жіктейді, қызметін негіздейді. 
– Эукариоттарға, прокариоттарға  жататын ағзаларды жүйелейді. 
– Эукариоттардың органоидтерін, олардың қызметін нақтылайды. 
– Прокариоттар мен эукариоттарды салыстыра алады. 
– Жасуша үшін органоидтердің маңызына баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптаcтырылады 
(мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды 
талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Прокариот, эукариот, анциттер, цианобактериялар, ядро 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Эукариоттарда ядродағы хромосомалар тұқымқуалаушылықты сақтап, 
оны ұрпаққа беріп отыратыны белгілі, ал прокариоттарда ядро жоқ. 
Сонда    тұқымқуалаушылық қалай берілетінін талдаңдар. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен эволюция барысында прокариоттарға жататын бактериялар мен 
көк-жасыл балдырлар эукариоттарға айналып кеткен жоқ? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Прокариоттар мен эукариоттардың салыстырмалы кестесі 
Алдыңғы оқу 
Жасуша дегеніміз – тірі ағзалардың қызметтік, құрылымдық бірлігі. 
74

 
Жасушаның атқаратын қызметіне қарай пішіндері мен мөлшері әртүрлі 
болады. 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сыныпты «Прокариоттар», «Эукариоттар» топтарына  
«Тобыңды тап» стратегиясы бойынша бөлу.  
Қарапайымдар:  
Бактериялар: 
Топ атына байланысты топтар жасуша, прокариоттар, 
эукариоттар  туралы білімдерін еске түсіреді. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Күннің нұры керемет!!! /күнді бейнелеу/ қолды 
шапалақтау 
Желдің соққаны керемет!!! /желдің бағытымен қолды 
қозғалту/ қолды шапалақтау 
Достармен бірге жүрген керемет!!!  /аяқпен қадам жасау/ 
қолды шапалақтау 
Анаңды құшақтаған керемет!!! /өзін құшақтайды/ қолды 
шапалақтау 
Туған жердің төсінде оның ауасымен тыныс алған 
керемет!!! /қолды кең жаяды/ қолды шапалақтау 
Өз үйіңде өмір сүрген керемет!!! /үйді қолмен 
бейнелейді/ қолды шапалақтау 
Билеп дөңгеленген керемет!!! /айналады/ қолды 
шапалақтау 
Қазақстандық болғаным керемет!!! /бас бармағын 
көрсетеді/ Қолды шапалақтау 
 
 
 
 
 
Ортасы 
1.  Біз тірі ағзалардың барлығы жасушадан тұратынын 
білеміз. Ендеше дәптердің бір бетіне жасуша туралы 
білетін білімдеріңді тезис түрінде жазып шығыңдар. 
2.  Жұппен жұмыс: Параққа жазылған жасуша туралы 
тезистеріңді көршіңмен ауыстыр, ақпаратпен алмас. 
Парақты сабақтың аяғына дейін сақта, сабақтың аяғында 
жаңа алған мәліметті жаз. 
Оқулықпен жұмыс.  
Терминдер кестесі 
Тақырып бойынша топтарға  5 негізгі терминдерді 
жазып, оны кестеге түрлендіруді ұсыну 
№1 
термин 
№2 
термин 
№3 
термин 
№4 
термин 
№5 
термин 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтіндегі терминдердің мәнін ашады. 
– Терминдерді прокариоттар мен эукариоттарға орынды 
қолдана біледі. 
 
 
 
 
Оқулық 
 
75

 
Рефлексия: Сәттілік тірегі 
 
Сергіту жаттығулары: 
«От шашу» 
Салыстыру кестесі: 
Салыстыру  
Прокариоттар 
Эукариоттар 
Құрылысы 
 
 
Органоидтері 
 
 
Тіршілік 
әрекеттері 
 
 
 
Дескрипторлар: 
–  Прокариоттар мен эукариоттарды салыстырады. 
–  Ерекшеліктерін айқындайды. 
–  Тіршілік әрекеттерін сипаттайды. 
Рефлексия: Өзін-өзі талдау кестесі 
 
Аяқталуы 
«Ашық микрофон» әдісі 
Прокариоттар ежелгі топ болып есептеледі. Эволюция 
барысында өзгеріс болды ма? 
Прокариот ағзаларға не жатады, оларға сипаттама бер. 
Эукариот ағзаларды атап шық. 
Эукариот пен прокариот ағзалардағы органоидтердің 
қызметіне баға бер. 
Дескрипторлар: 
– Эукариоттарға, прокариоттарға  жататын ағзаларды 
жүйелейді. 
– Прокариоттар мен эукариоттар органоидтерінің 
қызметіне баға береді. 
 
 
Қосымша ақпарат. Жасуша препаратын микроскоппен қарағанда ең алдымен айқын 
көрінетіні – жасуша қабықшасы. Барлық өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының сыртын 
өте нәзік май тәрізді заттар мен нәруыздан тұратын жарғақша немесе қабықша қаптайды, 
нақтырақ айтсақ, оны плазмалық жарғақша (плазмалемма) дейміз. 
76

 
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық 
жарғақшасы (мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасұнықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, 
серпімді қабықша қаптайды (мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Бұл 
қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан 
жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа 
жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы 
зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап, тірек қызметін атқарады. Жасұнық (клечатка немесе 
целлюлоза) – ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Ол тек өте күшті тұз 
қышқылы мен күкірт қышқылында қантқа айналады. Сондықтан жасұнықтан қағаз, жасанды 
жібек, пластмасса, кинопленка, лак жасалады.  
Плазмалық жарғақшаның атқаратын қызметі: 
1) жасушаны қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады; 
2) қабықша ішке қарай барлық қоректік заттарды, яғни су мен газдарды (оттегі, азот, 
көмірқышқыл газы) өткізіп, ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз қалдықтарын сыртқа 
шығарып, жасуша мен қоршаған орта арасында ұдайы зат алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша 
ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрамын реттейді; 
3) ішке қарай зиянды, улы заттарды өткізбейді, тек кейбір заттарды ғана талғап өткізеді; 
4) әртүрлі қосылыстар екінші жасушаға өтіп отырғандықтан плазмалық жарғақша 
тасымалдаушы қызметін де атқарады; 
5) цитоплазмаға енген түрлі заттардың қосылысын, орын ауыстыруын реттейді. 
Жасуша қабықшасы мөлдір, түссіз болғандықтан күн сәулесін жақсы өткізеді, дегенмен ылғи 
да бірқалыпты болмай әртүрлі өзгеріске ұшырайды, оның түрлі себептері бар. 
Жасуша қабықшасының өзгеріске ұшырау себептері: 
1. Ағаштану. Жасуша қабықшасына лигнин (көмірсусыз компонент) сіңгендіктен қаншалықты 
қалыңдап ағаштанса да зат алмасу тоқтамайды. Қаттылық, беріктілік қасиет беретіндіктен 
ағаштар өте биік болып, жапырақтары қалың, жемістері көп болып өседі. 
2. Тозаңдану. Қабықша жасұнығы өзгеріп, су мен газ ішке қарай өте алмай, цитоплазма кеуіп 
кетеді. Жабын ұлпалар тозаңданған өлі жасушалардан тұрады. Сондықтан зиянды 
микроағзамен зақымданбайды және өсімдікті қурап қалудан сақтайды. Түрлі тығындар 
қабықшасы тозаңданған өлі жасушалардан жасалады. 
3. Өңездену (кутикулану). Қабықшаның сыртқы қабатына май тәрізді заттар көбірек 
сіңетіндіктен су мен газ ішке қарай өте алмайды. Орамжапырақ, алхоры, жүзім, алма 
жемістерінің сыртын балауызды ақшыл өңез қаптайды, қолмен сүртсе тез кетеді. Өңез 
өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. 
4. Сілемейлену. Жасұнықтың өзгеруінен жасуша қабықшасына су тигенде ісініп көлемін 
ұлғайтады. Ол әсіресе зығыр, қарбыз тұқымдарын суға жібіткенде байқалады. Жібітілген 
тұқымдарды қолға ұстағанда созылмалы шұбатылған сілемейлі зат бөлінгені сезіледі. 
5. Минералдану. Қабықшаға кремний, көмірқышқыл, кальций т.б. минералды тұздар көп 
жиналғандықтан кейбір өсімдіктердің (қамыс, қырықбуын) жапырақтары, сабақтары мен 
бидай, арпа, сұлы масақтарының ұзын қылтанақтары қатайып өте берік болады. Тіпті қамыс 
жапырағы жиегінің өткірлігі пышақтың жүзіндей қолды кесіп кетеді. Минералданудың өсімдік 
тіршілігі үшін пайдасы зор, көбінесе малға жем болудан қорғайды. Ол қоршаған орта 
жағдайына бейімделудің бір түрі болып есептеледі. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын 
жасұнықты қалың қабықша өсімдіктің сыртқы қаңқасы болумен қатар, өте нәзік мүшелеріне 
беріктік, қаттылық, серпімділік, иілгіштік қасиет беріп, қоршаған ортаның қолайсыз 
жағдайларынан қорғайды. 
 
Цитоплазма – құрамында 60–90% су, 10–20% нәруыз, 2–3% май, көмірсулар, иондар, 1% 
минералды қосылыстары бар мөлдір, желімтек, созылмалы қоймалжың сұйықтық. 
Цитоплазманың сыртын жұқа жарғақша – плазмалемма қаптап жатады. Ал вакуольден шектеп 
тұратын жарғақшаны тонопласт дейді. Тонопласт пен плазмалемма бір-бірімен эндоплазмалық 
тор арқылы байланысады. Жасушадағы зат алмасу процестері цитоплазма арқылы жүзеге 
77

 
асатындықтан ұдайы қозғалыста болады. Кейде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (өте 
төменгі температура, оттек пен жарықтың жетіспеушілігінен т.б.) қозғалысы баяулап немесе 
мүлде тоқтап қалады. Цитоплазма екі түрлі бағытта қозғалады: 1) айнымалы; 2) ағынды. 
Айнымалы қозғалу кезінде жасуша қабықшасын жанай, бір бағытта айналады, бұл кезде ядро, 
хлоропластар мен басқа да органоидтер бірге қозғалады (кейде ядро қозғалмайды). 
Ағынды қозғалуда цитоплазма қабықшадан орталыққа қарай немесе керісінше бағытталады. 
Плазмалемма мен тонопласт қозғалыссыз күйде қалады. Цитоплазма да ұдайы жүз мыңдаған 
түрлі химиялық заттар түзіліп, қайта ыдырап жатады. Осының нәтижесінде жасуша 
цитоплазма арқылы энергиямен қамтамасыз етіледі. Сонымен, жасушада жүретін көптеген 
реакциялар тек цитоплазманың қатысуымен жүзеге асады. 
Ядро (латынша «нуклеус», грекше «карион») – цитоплазма сияқты жасушаның ең негізгі 
бөлімі. Оны өсімдік жасушасынан алғаш рет 1831 жылы ағылшын ботанигі Роберт Броун 
ашқан. Әдетте жасушада бір ядро болады, әйтсе де екі, үш және көп ядролы жасушалар да бар. 
Жасыл балдырлар мен саңырауқұлақтарда көп ядролар кездеседі. 
Жас жасушаның ядросы ірі, дәл ортасында, ал ересек жасушада ол шетінде (қабыққа жақын) 
орналасады, себебі жасуша вакуолі ұлғайып көп орын алып жатады. Ядроның сыртын екі қабат 
қабықша қаптайды. Сыртқы қабықшада көптеген саңылаулар арқылы цитоплазмадағы 
эндплазмалық тормен тығыз байланысады, ішін ядро шырыны (кариоплазма немесе 
нуклеоплазма), хроматин жіпшелері мен ядрошық толтырып тұрады. Ядроның құрамында 
нуклеин қышқылдары, нәруыз, минералды заттардың иондары, май заттары бар. Ядро – 
ағзаның белгілерін анықтайтын тұқым қуалау орталығы, көбеюге қатысады. Ол жасушада 
болатын барлық процестің орталығы болып табылады. 
Пластидтер тек өсімдіктерге ғана тән, бірақ ол өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақ, бактерия, 
көк-жасыл балдырлардың жасушаларында кездеспейді. Қалған жасыл өсімдіктердің 
жасушаларының цитоплазмасында шашырап жатады. Бір жасушалыларда олардың саны 1-ден 
10-ға дейін болады. Цитоплазмаға қарағанда тығыз болғандықтан жарық микроскобының 
көмегімен ғана көрінеді. 
Пластидтер 3-ке бөлінеді: 1) хлоропластар (жасыл түсті); 2) хромопластар (сары, қызғылт 
сары, қызыл түсті); 3) лейкопластар (түссіз). Балдырлардың жасушасындағы пластидтерді 
хромотофор дейді, олардың пішіндері таспа, таяқша, таға, тостаған тәрізді. 
Хлоропластар (грекше – хлорос» жасыл) жасыл өсімдіктердің жасушаларында кездеседі, 
пішіні сопақша, сыртын қос жарғақша қаптайды, ішкі жағынан стромасы (негізі) бірінің үстіне 
бірін қалаған, тиын тәрізді орналасқан. Ішіндегі хлорофилл дәндері белгілі ретпен 
текшеленеді. Жасыл пигмент – хлорофилл басым болғандықтан өсімдікке жасыл түс береді. 
Хлорофилл өсімдіктерде темір, магний элементтерінің қатысуымен тек жарықта ғана түзіледі. 
Қараңғыда өсірілген өсімдіктер хлорофилдің түзілуімен түссіз болады. Егер оны жарық жерге 
шығарса біртіндеп түске енеді. Жасыл пигмент – хлорофилді өсімдіктен алғаш рет француз 
ғалымы Ж.Пельтье мен И.Каванту 1818 жылы бөліп алған. 
Табиғатта жасыл өсімдіктердің хлорофилінде күн энергиясы, көмірқышқыл газы, су 
қатысуымен күрделі түрлі органикалық зат (көмірсулар, майлар, нәруыздар) түзіледі. 
Фотосинтез процесінің нәтижесінде өсімдіктер жарық энергиясын химиялық энергияға 
айналдырады. Фотосинтезге керекті суды тамыры арқылы топырақтан, ал көмірқышқыл газын 
ауадан жапырақтың тыныс тесіктері (устьице) арқылы сіңіреді. 
Хромопластар пішіні дөңгелек, үшбұрышты, ине тәрізді, құрамындағы пигменттеріне 
байланысты сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр т.б. түсті. Жемістердің (қызанақ, қызыл бұрыш, 
итмұрын жемісі, долана, алма, шетен, шие, өрік, мандарин, апельсин) кейбір жемтамырлардың 
(сәбіз, ас қызылшасы), гүл күлтелерінің (сары түсті лалагүл, қызыл түсті қызғалдақ, қалампыр 
т.б.) алуантүрлілігі жасушаларындағы хромопластардың әсері. 
Түрлі түсті пигменттерге каротин мен ксантофилл жатады. Каротин сәбіз тамырында, 
қарбыздың жұмсақ етінде, алма қабығында, итмұрын, шетен мен сарыөрік жемісінде көп 
болса, ксантофилл әртүрлі гүл күлтелерінде көп. Жасыл хлоропластарда жасыл пигменттер 
басым болғандықтан басқа пигменттер (сары, қызыл т.б.) көбіне онша білінбейді. Тек күзде 
78

 
хлорофилдер жойылған кезде ғана айқындала бастайды. Оған мысал ретінде жасыл 
жапырақтың күзде сарғаюы, қызаруы, қоңырқай түске енуі, жемістер піскен кезде алуан түске 
боялуын алуға болады. Хлоропластар хромопластқа, ал хромопластар хлоропластқа айнала 
береді (сәбіз жемтамырының топыраққа көмілмей ашық қалған жерінің жасыл түсті болуы). 
Хромопластар өсімдік гүлдеріне, жемістеріне алуан түс беретіндіктен ұсақ жәндіктер (ара, 
шыбын, қоңыз, көбелек т.б.) ашық реңді гүлдерге қонып, гүлдерді тозаңдандыруға себепші 
болса, құстар мен аңдар жемістермен, жидектермен қоректеніп, тұқымдарын алысқа таратуға 
көмектеседі. 
Лейкопластар өсімдіктің барлық мүшелерінде болады. Пішіндері дөңгелек немесе таяқша 
тәрізді, басқа пластидтерден ұсақтау. Мысалы, көктемде бүршік алғаш жарылып, одан нәзік, 
түссіз өркен дамиды, алғашында жасушаларында лейкопластар көп болса, жарық түсе 
бастағанда лейкопластар хлоропластқа айналып жапырақтары жасыл түске айналады. 
Тостағанша жапырақшаның ішінде бітеу гүлдің күлтелері түссіз (көкнәр гүлін еске түсіріңіз), 
ал гүл ашылған кезде қызыл, сары т.б. түске боялады, яғни лейкопласт хромопластқа айналады. 
Лейкопластар жарық түспейтін жасушаларда сақталады, оның қызметі нәруыз, крахмал, май 
заттарын қорға жинау. Лейкопластта крахмал қорға жиналады да қабығы созылып барып 
жарылып, крахмал дәндерінің сыртында тек жұқа қабықшасының қалыңдығы ғана сақталып 
қалады. 
Хлоропластарда фиотосинтез (органикалық заттардың түзілуі) процесі жүрсе, хромопластар – 
жемістер мен гүлдерге жануарларды еліктіретін алуан түрлі рең береді. Лейкопластар түрлі 
органикалық заттарды қорға жинауға қатысады, жануарлардан негізгі айырмашылығы да 
осында. 
Вакуоль – іші көмірсулар, тұздар, органикалық қышқылдардың ерітіндісіне толы жасуша 
ішіндегі кеңістік. Ол сыртындағы қабықшасы арқылы (тонопласт) цитоплазмадан оқшауланып 
тұрады. Қабықшасының жартылай өткізгіштік (талғап өткізу) қасиеті бар, сондықтан 
цитоплазмадан өтетін заттарды бақылайды. Вакуоль жаңа түзіле бастаған жас жасушаларда өте 
ұсақ болады. Жасуша өскен сайын майда вакуольдер бір-бірімен қосылып ұлғайып, іріленіп, 
цитоплазманы қабықшаға қарай ығыстырып, жасушаның дәл орталық бөліміне орналасады. 
Вакуольдің ішін шырын, қант, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, 
витаминдер, иісті заттар, алколоидтер, минералды тұздардың судағы ерітіндісі толтырып 
тұрады. Бұл заттардың барлығы – жасуша тіршілігінің өнімдері. Оның бірі қор заты ретінде 
сақталып қажет болған жағдайда қайтадан цитоплазмаға өтіп жасуша тіршілігіне жұмсалады. 
Енді бірі зат алмасудың керексіз өнімдері ретінде цитоплазмадан шығарылған қалдық түрінде 
сақталып, күзде жапырақ түскен қалдық зат есебінде шығарылады. 
Жасушада вакуольдың атқаратын қызметі: 
1. Жасуша ішіндегі сулы ортаны қалыптастырып, су мен тұздың алмасуын реттейді. 
2. Жасушадағы сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болуын сақтайды. 
3. Вакуольде көптеген органикалық заттар қорға жиналып, өсімдікке қажет болғанда 
жұмсалады. 
4. Керексіз зиянды улы заттар жиынтығы вакуоль арқылы сыртқа шығарылады. 
5. Вакуоль улы заттарды ерітіп ыдыратады, мұндай вакуольді лизосома дейді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет