Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.
Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.
- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.
Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».
Достарыңызбен бөлісу: |