А.Қайсанова,
Шығыс Қазақстан облысы
Қатонқарағай ауданы
С.Түкібаев атындағы
Еңбек орта мектебі
Сараптама (Рецензия)
Жалпы бұл мақала жаңа педагогикалық технология туралы. Мақалада айтылғандай «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарында толыққанды сапалы білім алтан, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Сондықтан әрбір оқушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологиялардың мәні зор.
"Технология" ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан.
Автор жаңа технологияның ерекшеліктеріне баса назар аударып, оның түрлеріне жан жақты талдау жасаған.
Мақалада жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, зияткерлік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкелетіндігі баяндалған.
Жалпы мақалада жаңа технологияның түрлері туралы мәліметтер толығымен қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |