Ақан сері Қорамсаұлы Психологиялық даярлық



Дата10.04.2017
өлшемі7,3 Kb.
#13681

Қайырлы күн, балалар!

  • Бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңдер!

Ақан сері Қорамсаұлы

Психологиялық даярлық:

  • Мен әдебиет сабағында отырмын
  • Мен зейінді оқушымын
  • Мен мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдаймын
  • Өз білімімді бүгінгі сабақта қолданамын

Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1.”Талант табиғатқа тарта туады” деген мәтел бар. Осы мәтелдің Ақан серіге қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
  • 2.Ақан қайдан, қандай білім, тәрбие алған?
  • 3.Ақанның бойында қандай өнерлері тоғысқан?
  • 4.Ақан шығармашылығына Шығыс және Батыс әдебиетінің қатысы болды ма?
  • 5.Ақан өнері бүгінде жалғасын тапты ма?
  • 6.Ақан туралы қандай әдеби шығарма, өнер туындыларын білесіңдер?

“Ақын жыры арналады асылға” Кестені аталған тақырыптар бойынша толтырыңдар:

  • Саятшылық, аңшылық
  • Сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары
  • Табиғат құбылыстары

“Сұлу сөздің сырын аш!”

  • Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
  • Алдымнан сен бір қашқан маралдағы.
  • Қараймын томағамды ашып- жауып,
  • Тауыңның ақиықша Оралдағы.
  • Ертістің құба талы секілденіп,
  • Алдымнан майысып шық бұралдағы.
  • Тал бойың Құлагердің сағағындай,
  • Тамағың піскен алма сабағындай.
  • Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз,
  • Иегің ителгінің тамағындай.
  • Ішінде өз жұртыңнан еркелейсің,
  • Айдынның ақ қайраңы, шабағындай.

“Ұйқасын тап!” Нүктенің орнына лайықты сөздерін тауып, орнына қойып, өлеңнің ұйқасын келтіру.

  • Қазылып қалушы еді шапқан ...
  • Сүйсініп тұрушы еді қосқан ...
  • Атығай, Қарауылға олжа ...
  • Бота тірсек, қыл сағақ, ...
  • Бай, бай, бай, ...
  • Бай, бай, керім – ай, ...
  • “елің”, “салған”, “бөрім- ай”, “жерің”, “сандалкерім”, “уай”
  • Көкжендет, сені салдым дабыл ...
  • Мойныңа әшекейлеп тұмар ...
  • Қолда өскен кішкентайдан, ...
  • Көз жаздым қарап жүріп сенен ...?
  • “тағып”, “Көкжендетім”, “неғып”, “қағып”

“Қай өлеңінен алынған үзінді?”

  • 2 топ бір-біріңе өлең үзінділерінен 1 шумақтан мәнерлеп оқисыңдар,
  • 2 – топ тауып, өлеңнің атын атау керек.

“Естеліктер сыр шертеді”

  • 1- топ:
  • Ақан сері туралы М.Жұмабаев “Оның өмірі ертегідей әдемі, сұлу өмір”дейді. Ақан өміріндегі осы әдемілік, сұлулық әлемін сендер қалай түсінесіңдер?
  • 2- топ:
  • І.Жансүгіровтің
  • “Тұсында сері болсын, пері болсын,
  • Ұнайды өмірімен Ақан маған ”
  • деуі Ақан туралы шындыққа жанаса ма?

“Әнді сүйсең, менше сүй!”

  • 1- топ:
  • Ақан серінің сазгерлігі туралы не білесіңдер?
  • 2- топ:
  • Ақанның әнші – орындаушылығы туралы не білесіңдер?

Ақанның 7 қазынасы

“Ақан нені өсиет етті?”

Үйге: Реферат: “Ақан өлеңдерінің шығу тарихы” Шығарма: “Ақан және Құлагер”

Әрқашанда білімді болыңдар!

  • Сабақ аяқталды.
  • Сау болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет