«абай-дана,абай-дара» «№4 жоббм»



Дата11.04.2023
өлшемі13,56 Kb.
#174204
Байланысты:
АБАЙ.docx эссе


«АБАЙ-ДАНА,АБАЙ-ДАРА»
«№4 ЖОББМ»Семей қаласы,Абай облысы
КММ 10 сынып оқушысы Серикбаева Аружан
Жетекшісі:Муратова Маржан Сайлаубаевна

Абай... Қазақ аспанының көгіндегі қайталанбас жетіқарақшы.Қазақ жерінің биік шыңы-Хантәңірі болса,қазақ поэзиясының алып шыңы-Абай.Абай десе-қазақ,қазақ десе-Абайдың ойға оралатыны шындық.Сөз қаруын ышқына сілтей білген оның әдебиет сарайындағы алатын орны айрықша.Шахмат тақтасындағы жол бастаушы билердің үнемі жоғарыда тұратыны сияқты қазақтың Абайының орны-мәңгілік биікте.


Бұл ойға келуіме себеп болған- Абайдың туып-өскен жері-Жидебайға барған сапарым.Бір кездері он үш жасар Абайдың сағына,сарыла көрген Көкүйірімі,Буратигені,Тақырбұлағы мен Есембайы.Бәрі-бәрі көз алдымда...Абай шығармаларын оқу-жан дүниемді рухани азықтандырады.Өз көзіммен көрген бір басқа,түйгендерім бір басқа,енді соның бәрі шығармалары арқылы көз алдымнан тағы қайталанып,суретті сыр боп өтіп жатты.Абай өлеңдері арқылы адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынап,одан жирену,адами рухты сіңіріп өсу деген ойды түйдім.Абай өз халқының бақытсыз,ауыр өмірін білімсіздіктің себебінен дейді.Ненің жақсы,ненің жаман,дүниеде не дұрыс,не бұрыс,адамға не қажет,не зиян-осының бірін білімді адам толық біледі,өз өмірін нұрландырады,халқына пайдасы тиеді деген.Осыған орай:
Дүниеде өзі,мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Ықыласпен ерсеңіз-деп, өмір жолын тануды білімге,ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады.Бұл мәселе-бүгінгі күні де-өзекті.Қандай халық мәңгілік жасайды?Әрине,білім мен ғылымы дамыған халық Мәңгілік жасайды.Демек,бүгінгі күні сапалы білім алып,саналы азамат болып,білім мен ғылымды меңгеруіміз керек.
Абайдың есімі күллі әлемге таныс.Абай қазақ халқының ұлттық мақтанышы.Абай-аса дарынды,уақыт өлшеміне бағынбайтын данышпан ғой.Абайдың шығармалары терең астарымен жеткізе аударсақ,әлемдік кемел ой кемеңгерлерімен салыстырсақ,ешқайсысынан кем түспес еді.Абайдың даралығы,даналығы осында.Өзінің көрген,білгенін адамзат баласына ортақ философиялық ой өрбітті.
«Абай кемеңгерліктің кепілі еді»,-деп аса жоғары баға берген әдебиетші,ғалым Бейсенбай Кенжебаев.
Абай-қазақтың бас ақыны.Онан асқан қазақ даласында ақын болған жоқ.
Абай-ақын.Абай-компазитор.Абай-аудармашы.Абай-философ.
Абай өз халқының тапқырлығын,даналығын,шешендігін үйренді.Өз халқының қуаты мол құнарлы тілінің арқасында Абай «қара сөзге дес бермей,басқа шауып,төске өрледі»
Ақынның гуманисік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес,қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан.
Абайдың қара сөздеріндегі басты тақырыптардың бірі-адамгершілік,тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа он екінші,жиырма жетінші,отыз алтыншы,қырық төртінші сөздері кіреді.
Абайдың ойшылдығы,Абайдың данышпандығы ағартушылық көзқарастарынан бастау алады.
Бүгінде тәуелсіздігімізге отыз жыл толып,әлем алдындағы абырой-атағы енді аспандай бастаған тәуелсіз мемлекеттің бағыт-бағдарын,жүрер жолының қандай болу керектігін кеше де,бүгін де, ертең де Абайдан артық айтқан алып кемде-кем.Не іздесек те,бәрін Абайдан табамыз...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет