Абай жолы (роман)


Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман - эпопеясы



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі473,58 Kb.
#27627
1   2

Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман - эпопеясы


Жарияланды 16-02-2013, 11:35 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Ұлы деген ұғымда шек жоқ. Әсіресе, Абай жөнінде. Неге десеңіз, Абай – қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үздік құбылыс.


М. Қаратаев

Сабақтың тақырыбы: Абайды тану - мұрат,


Абай шыққан биікке талпыну – парыз.

Сабақтың түрі: Оқушылардың ғылыми қоғамындағы ғылыми кеңес отырысы (жобаларды қорғау)


Сабақтың типі: теориялық қорытындылау жұмысы (байқау)
Сабақтың әдіс – тәсілі: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Миға шабуыл, жоба қорғау, болжам – пікір.
Сабақтың мақсаты:
«Абай жолы» роман – эпопеясындағы образдар галереясы, эпопеяның алтын діңгегі Абаймен бірлестікте алынуы туралы түсінік беру. Эпопеяның өн бойындағы Абай дәстүрі, ұлылар үндестігі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушыларды ғылыми ізденіске жұмылдыру.
«Абай жолы» роман – эпопеясынан алған білімдерін жинақтау, қайталау, іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
Оқушылардың өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
Адамзат әдебиеті, мәдениеті, өнері, рухани байлығын іздену, оны құрметтеуге баулу. Әдемілік, сұлулықты қабылдауға тәрбиелеу. Ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың құрал - жабдығы: интерактивті тақта, слайд, презентациялар, ғылыми жоба, бейнефильмдер, т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - күй, қазақ тілі.

Сабақтың өтілу барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ мақсаты мен кезеңдері және шарттарымен таныстыру.
Мұғалім сөзі:
Абай – атаның баласы емес, халық баласы. Адамзаттың Абайы. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңаң бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Балалар сендер осы күнге дейін Абайды ақын ретінде танып біліп келсеңдер, ал енді М. Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясын оқығалы оны тарихи тұлға екенін білдіңдер.
Балалар Н. Ә. Назарбаев «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды» деген. Абайды оқып, таныған сайын оның жаңа сырларына қанық боласыңдар. Бірақ Абайдың шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс. Ал ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз.
Ауылдарға(топқа) бөлу.
1. Абай ауылы
2. Мұхтар ауылы
3. Шәкәрім ауылы
4. Құнанбай ауылы

І кезең
«Мен жас кезімде Қазақстанның даласында тұрдым да, сол кездегі көшпенді қазақтарды көп көрдім, алайда тек М. Әуезов қана өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы білімімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самалы ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін» - деген екен К. Федрин


Оқушылардың ғылыми қоғамындағы кеңес отырысы (жобаларды қорғау. 40 минут)

І жоба «Мәңгілік жұмбақ құбылыс».


ІІ жоба «Абайдың педагогикалық мұрасы».
ІІІ жоба «Абайдың ақындық мектебі»
ІҮ жоба «Құнанбайды кім деп білеміз?»

ІІ кезең
М. Әуезовтің «Абай жолы» романының «Шытырманда» тарауына сатылай кешенді талдау.(5 минут)


1. Авторы – М. Әуезов – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңғар биігі, академик – ғалым, ұлы драматург, көрнекті аудармашы, атақты ұстаз – тәлімгер, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың иегері, классик жазушы.

2. Тақырып – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі жазушының суреттейін деп отырған ойының негізгі арқауы.


«Шытырманда» тарауының тақырыбы – бірнеше.
Біріншісі – Абайдың кітап оқуға құмарлығы, көп білуге деген құлшынысы.
Екіншісі – әке тапсырмасымен ел басқару, дау шешу жұмыстарына араласуы.
Үшіншісі – алғашқы рет тұтанған махаббат оты, ғашықтық сезім.

3. Әдеби жанр. Эпос – бұл өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып, жан - жақты танытатын күрделі жанр.

4. Эпикалық жанр түрі:
Кең көлемді эпикалық түр.
Роман – ойдан өрбітіп баяндалған тарихи дәуір ұғымын білдіреді.
Романның көлемі үлкен, мазмұны қат – қабат, сюжеті мен
композициясы орасан күрделі.

5. Шығарманың негізгі идеясы – тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, сол арқылы өз мақсат, мүдделі арманын білдіру. «Шытырманда» тарауының негізгі идеясы – Абайдың Шығыс поэзиясын оқуға, ел ішіндегі тарихи, аңыз әңгімелерді құмартып тыңдаудағы талпынысын жеткізу.


Әке тапсырмасын орындаудағы аса ұқыптылығы мен жауапкершілігі, өзінің күннен – күнге толысып, өсіп (рухани жағынан) келе жатқандығын таныту.
Тоғжанға деген алғашқы табиғи сезімінің шынайылығын, бар жанымен құлай табынған сұлулықтың жас жүрегіне шоқ салғанын оқырманға Абайша сезіндіру.

6. Шығарманың композициялық құрылысы – сюжеттік дамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі. Шығарманың композициялық бөлімі бес кезеңнен тұрады. «Шытырманда» тарауы – көлемді – көлемді үш бөлімнен тұрады.


І бөлім «Кітап әлемінде»
Абайды қызықтырған Шығыстың хикая – дастандары.
Абай да, әжесі де әңгіме айтудың хас шебері.

Әке тапсырмасы.


Жұмбақ сезім.
ІІ бөлім. «Есейген Абай»
Күңкенің үйіндегі жиын
Байдалы мен Құнанбай арасындағы қырғи қабақтық қатынас.
Абайдың кісілік келбеті
ІІІ бөлім. «Баталы іс»
Ән қанатында
Анасының ұзақ әңгімесі
Бөжей асы мен жер дауы
Екі түн, бір күнгі тәтті ұйқы.
6. 1. Сюжеттің басталуы – әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым - қатынасқа көшпес бұрынғы хал - жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі.
І бөлім. Абайдың Шығыстың хикая - дастандарын оқуға құмарлығынан басталады.
ІІ бөлім. Ел аралап, жер танып, адам танып есейіп қалған Абай Күңкенің үйіндегі игі жақсылар бас қосқан үлкен жиынның үстінен түсуінен басталады.
ІІІ бөлім. Қарқаралыдан ешкім естімеген бірнеше жаңа әндерді Абайдың орындауынан басталады.
6. 2. Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартылыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
І бөлім. Абайдың әке әмірімен Құлыншаққа байланысты тапсырманы орындауы;
ІІ бөлім. Абайдың әкесінен, әжесі мен шешесінен сұрануы;
ІІІ бөлім. Анасының ел арасындағы қым - қуыт әңгімелерін естуі, ұзақ ойға кетуі.
6. 3. Шиеленісуі – оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.
1 бөлім. Абай әкесі Құнанбайдың әмірімен Қрабас екеуі Сүйіндік ауылына жер дауына байланысты аттанады.
ІІ бөлім. Абай тағы да әкесінің әмірімен Қарабас екеуі Байдалы қыстауына барады.
ІІІ бөлім. Абай Байдалының жауабы мен жуан, төрелер арасындағы бітпес дауды салмақты да, салиқалы түрде шешеді.
6. 4. Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл – әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
І бөлім. Абай Сүйіндіктің қызы Тоғжанға ғашық болады.

ІІІ кезең


«Абай жолы» эпопеясы тарихи және көркем шындық (сахналық көрініс 25 минут)
Абай сағынышы
Құнанбай жолы
Абайым бір төбе
Ұлы Абай ұлағаты

ІҮ кезең
«Миға шабуыл» сұрақтары (тест. 10 минут)

Ү кезең
Бағалау, қорытындылау.(5 минут)

І. Қызығушылықты ояту сатысы

Ой шақыру

Абай - ел кегінің жоқшысы, халық ұлы.

АБАЙ-тарихи тұлға

II. Мағынаны тану сатысы

ДЖИГСО-1

                  1-топ  “Абай-азамат”           /1-кітабы/

                  2-топ  “Абай – ағартушы-демократ” /2-кітабы/

                 3-топ  “Абай – жастарды жаңалыққа бастаушысы»                                                  /3-кітабы/

                4-топ    “Абай-қоғам қайраткері” /4-кітабы/

Абай-азамат



  1. Барластың батасы

  2. Жұттағы ауыр жағдай

  3. Бөжейдің асы

  4. Әке мен бала

  5. Абайдың азаматтық жолы

Абай – ағартушы-демократ

  1. Абай – ақын

  2. Абайдың орыс достары

  3. Ағартушы-демократ

Абай-жастарды жаңалыққа бастаушы

  1. Абай және Әбіш

  2. Дәркембай мен Абай

  3. Дәрмен мен Абай

  4. Жастарды ақындыққа баулушы ақын

Абай-қоғам қайраткері

  1. Оба ауруына  қарсы күресі

  2. Жер дауы

  3. Абай қоғам қайраткері ретінде

АБАЙ-әдеби тұлға

Абай жолы-халық жолы

М.Әуезов шығармасындағы Абайдың  таңдаған жолы

Абай жолы



  1. Өнер жолы

  2. Әділет жолы

  3. Даму жолы

  4. Адам ұлының жолы

  5. Халық үшін күрес жолы

  6. Ұлы орыс халқымен достық жолы

III. Ой толғаныс сатысы

Қазақ үшін Әуезов – екінші Абай.



  1. Абай бейнесін сомдаудағы шеберлік.

  2. Абай бейнесін жасауда жазушы жеткен биіктік  /ойтолғау/

Ұлы ақын

Ағартушы-

демократ

Ұстаз


Жазба

әдебиетінің

өкілі

Сыншыл-


реалист

Сазгер


Азамат

Ағартушы демократ



Жастар бастаушысы

Қоғам қайраткері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет