Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.
«Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» қара сөзін жатқа айтып көрейік
ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту
«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы. (Ауызша тіл, ой дамыту)
Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер қазір өзінтану сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.
Сүрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сүрау керек, не аққан терден сүрау керек.
Жер өртеп шығарған аттың несі мүрат?
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сүмдығын қоштағалы айтқан Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антүрған-ның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?
Енді Абай атамыздың бірнеше қара сөздеріне өз ойымызды білдіре кетейік. Мәселен:
Біз «Жиырма тоғызыншы» сөз арқылы Абайдың қазақ мақалдарының кейбіріне берген бағасымен, сынымен таныстық, өз ойымызды білдірдік. Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қара сөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен. Әсіресе «Отыз жетінші» қара сөздері осындай сөздерге бай. Енді біз де Абайша осы Абайдың өз сөздеріне пікірімізді білдіріп көрелік:
1-нұсқа
р/с
Абайдың сөзі
Сенің сының немесе пікірің
1.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
ІХ. Қорытынды:
Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіне керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Х. Бағалау
ХІ. Үйге тапсырма:
Эссе жазу.
«Абай даналығына түйген ойым» немесе Абай атаға хат.