Әрбір тақырып бойынша Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып өтейік
V. Абай әндерінің бәрі – қазіргі нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты өлең - әні бар.
Абайдың қандай өлеңдерін білеміз ?
«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қор болды жаным», «Алыстан сермеп», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Сен мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш»
Абай тек қана әнші, ақын ғана емес, күйші
Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
VІ. Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, Пушкин, Лермонтов Крыловтармен таласа отырып, өз ақындық қуатын, қарымын танытқан, қазақ өлеңінің шоқтығын көтерген ақын.