Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз!
Адамның бала күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни мамандығы болады. Ол өзін соған бағыттап, білім-білігін жұмсайды. Сондай мамандықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптың барлығы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себеп біріншіден, аяулы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табандылықтың кем болуы дер едік.
Осы тұрғыда ұлы ағартушы тұрғызған мектептің түлегі ретінде және сол бабамыздың биыл туғанына 176 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңырауы иесінің мектептер ашуы жайындағы аз-кем білгенімді оқырманмен бөліссем деп отырмын. Орынборда 1850 жылы алғаш ашылған қазақ-орыс мектебіне оқуға түскен Ы.Алтынсарин келе-келе Шығысты зерттеуші ғалым, профессор В.В.Григорьевтің көмегімен оның бай кітапханасынан сусындайды. Сол жерде туған халқының өнер-білімнен, оқу-ағарту ісінен кенде қалғанын біліп, алған ілімін халқына пайдалану ниетіне кіріседі. Бойында жоғары ағартушылық ынта туады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін мектеп ашу ұйғарылып, Ы.Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасының шешімімен Торғайға келіп, өзі армандаған мақсатты ісіне кірісуді бастайды. Әрине, бұл өте қиын шаруа болса да халқының болашағы үшін тәуекелге бел байлайды. Мектеп ашуға өкімет тарапынан қаражат кешіктіріледі. Жергілікті билік түрлі сылтау айтып, жәрдем көрсетуден бас тартады. Осындай қиындыққа кезіккен Ыбырай ұстаз ойынан қайтпайды. Тың жерден түрен тартып, дән сепкен диқандай қазақ даласына білімнің алғашқы нәрін себуге белсене кіріседі. Білімге сусаған қарапайым халық бұл маңызды бастаманы қуана қарсы алады. Торғайдағы нағашысы, әйгілі Шеген би әулетімен Ыбырай мақсатына қызмет етсе, игілікті іс бастаған немересіне қолдау білдірген Балқожа би де беретін көмегін аямайды. «Балаң мектептің іргетасын көтеріп жатыр», дегенді естіген ол кісі үйірлі жылқыны айдатып, 500 шақырымдай жердегі Аманқарағайдан бөренелер тиетіп жіберіп жатыпты дейді білетіндер. Әйтсе де мектептің құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп, ол 3-4 жылға созылады. Ұлы ұстаз мектеп үйінің әр кірпішін өз қолымен қалап, көп қиындықтардан соң мақсатына жетеді. Сөйтіп 1864 жылы Торғай қаласында алғашқы қазақ мектебі бой көтереді. Бұл білім ұясын Ыбырай баба сол кездегі озық педагогика үрдісі негізіне құра отырып, жаңа оқыту жүйесімен жұмыс істеуге талпыныс жасайды. Оқуды ана тілінде жүргізіп, оқыту әдістерін оқушының ынта мен қызығушылығына бағыттай отырып, тәрбиелей оқытуды жоспарлайды. Алғашқы оқулықты өзі құрастырып, өзі сабақ жүргізеді. Оның бірінші бетіне бәрімізге белгілі: