Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

 


37 
 
Сурет 2 - Педагогикалық артистизм элементтерін қалыптастыру моделі 
МАҚСАТЫ 
мұғалім бойында педагогикалық артистизм 
элементтерін қалыптастыру 
МІНДЕТІ 
мұғалімнің эмоционалды-бейнелік сферасын, шығармашылық қабілеттерін 
дамыту, өзінің психофизикалық аппарат жүйесін басқара алуды үйрену 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРТИСТИЗМДІ МЕҢГЕРУ САТЫЛАРЫ
2-саты: педагогикалық 
шынайылық 
материалдарына 
негізделген түрлі 
тапсырмаларды 
орындау 
3-саты: 
тапсырмаларды 
импровизация және 
артистизм 
элеменеттері арқылы 
өздігінен орындау 
1-саты: педагогикалық 
артистизмнің 
негізгі 
ерекшеліктерін, 
театралдық педагогика 
элементтерін меңгеру 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРТИСТИЗМДІ МЕҢГЕРУДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ 
ӘДІСТЕРІ
Шығармашылық 
модельдеу әдісі 
М
ҰҒАЛІ
М
ДЕ
Р
ОҚ
У
Ш
Ы
ЛАР
Оқыту, ынталандыру 
және мотивациялау 
әдістері 
Тарихи параллель 
әдісі 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРТИСТИЗМ МЕҢГЕРУ НӘТИЖЕСІ
Әртістік жүріс-тұрыстың табиғилығы және еркіндігі; педагогикалық шешім 
мен іс-әрекет ерекшелігінің жарқын көрінісі; іс-әрекетке жылдам қосылуы, 
реакциялардың тереңдігі; міндеттерді қою мен оларды шеше алу қабілеті, 
педагогикалық режиссураны іске асыру; қарым-қатынаста кері байланысты орната 
білу; импровизацияға дайындық; тілдік және жесттер байлығы; өзін-өзі жетілдіруге 
және ішкі, сыртқы көріністердің үйлесімділігіне ұмтылу 


38 
В.А. Штроффқа сәйкес, модель–бұл «зерттеу объектісін толығымен 
ауыстыра алатын және модельді зерттеу объект туралы көптеген мәлімет 
беретін ойша бейнеленген немесе материалды іске асқан жүйе» [51]. 
Е.А. Ямбург пікірінше, «модель» бірнеше мағынада түсіндіріледі: білім 
беру феномені түсінігін іске асыратын теоретикалық модель; теория негізінде 
құрылған практикалық іс-әрекеттің нұсқасы; білім беру ісін құрастыру үлгісі 
[52]. 
Зерттеу барысында «модельдеу» түсінігіне назар аударамыз. Модельдеу 
зерттеу әдісі ретінде қазіргі уақытта түрлі ғылыми бағыттар мен облыстарда кең 
таралған. 
У.Э. Эшби бойынша модельдеу зерттеу әдісі ретінде-бұл қарапайымдау 
логикасы [34]. Д. Хорафас модельдеуді динамикалық аналогия деп анықтады. 
А.А. Братко модельдеу–зерттеу пәнінің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, 
түрлі жүйелердің моделін зерттеудің ғылыми әдісі деп түсіндіреді [53]. 
Модельдеу әдісі–ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың 
модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің 
пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен 
құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, 
себептерге және т.б. байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, 
жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді [36].Осымен, 
модельді зерттеу жүйесінің орнын басушы ретінде қолдануға болады. Модель 
құру–шынайылық пен теоретикалық бүтінділікті тексерудің құралы. 
Біздің зерттеуімізде модельді құрау үшін келесі кезекпен жұмыс істедік: 
1.
Дайындық жұмысы: модельдеу объектісін талдау; модель формасын 
таңдау; 
модельдеудің 
теоретикалық 
негіздемесі; 
әдістемелік 
қамтамасыздандырылу; 
кеңістіктік-уақыттық 
қамтамасыздандырылу; 
мәліметтік-техникалық 
қамтамасыздандырылу; 
модельдеудің 
құқықтық 
қамтамасыздандырылуы. 
2.
Модельді құрау: жүйе құраушы факторды таңдау; компоненттер 
арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтау; құжатты жазу. 
3.
Модель сапасын тексеру: модельді теоретикалық эксперименттен 
өткізу; эксперттік бағалау; түзету; қолдану туралы шешім қабылдау. 
Модель зерттелініп жатқан құбылысты тұтастай барлық жағынан ашып 
көрсетеді. 
Педагогикалық артистизм негіздерін меңгеру үшін болашақ мұғалімнің 
ең басты міндетін үйренуден бастау керек, ол-өз мамандығы мен балаларға 
деген қатынасы. Біздің моделіміздің мақсаты–мұғалім бойында педагогикалық 
артистизм элементтерін қалыптастыру. Міндеті–мұғалімнің эмоционалды-
бейнелік 
сферасын, 
шығармашылық 
қабілеттерін 
дамыту, 
өзінің 
психофизикалық аппарат жүйесін басқара алуды үйрену. 
Педагогикалық артистизм негіздеріне үйрету үшін сатылы тұғырды 
қолдану керек. 
Бірінші саты:
педагогикалық артистизмнің негізгі ерекшеліктерін, 
педагогикалық техника және шеберліктің компоненті–театралды педагогика 


39 
элементтерін меңгеру. Теотерикалық ақпаратты меңгеру үшін шығармашылық 
ізденіске итермелейтін эвристикалық әдісті қолданған дұрыс. Осы арқылы 
шығармашылық іс-әрекет, ойлардың генерациясы, шығармашылық қиял, 
шығармашылық рефлексия және т.б. дамиды. 
Екінші саты:
педагогикалық шынайылық негізінде құрастырылған түрлі 
тапсырмаларды меңгеру жүреді. Сонымен қоса, педагогикалық іс-әрекетке 
бейімделген театралды педагогика саласынан да тапсырмаларды орындау 
жүреді. Меңгерілген білім, білік, дағдыны жұмыста қолдануға үйрету үшін 
әдістемелер оқытылады. Педагогқа қажетті коммуникативті және әртістілік 
сапалар дамиды. Бұл сатыда тәжірибе жүзінде адам педагогикалық жағдайларда 
өзін байқап көрумен сипатталады. 
Үшінші саты:
іс-әрекет шығармашылық түрде өтеді. Тапсырманы 
орындау барысында, оларды өздігінен, жағдайға сай келетін импровизация 
және артистизм элементтері арқылы шешеді. 
Педагогикалық артистизм негіздерімен танысу үдерісі 
шығармашылық 
модельдеу әдісін 
қолдану арқылы тиімді жүреді. Біріншіден, адам өз ойында 
мінсіз мұғалім (өзіне керекті үлгі) кейпін «бейнелейді», екіншіден, оқыту мен 
тәрбиелеудің (микросабақ, микроәңгімелесу және т.б.) миниатюрлы 
жағдайларын ойнату формасында жүреді. Модельдеудің маңызды шарты 
теоретикалық білімге сүйену керек. 
Педагогикалық артистизмді меңгеруді оңтайландыру үшін қолданылатын 
тағы бір әдіс–
оқыту, ынталандыру және мотивациялау әдісі. 
Педагогикалық 
мәліметтер негізінде құрастырылған сан алуан жаттығуларды, іскерлік, рөлдік, 
эвристикалық 
ойындарды, 
актерлік 
тренингті, 
драматизация, 
дәріс 
элементтерін, қиял, интуиция, эмпатия, байқағыштық қабілеттерін дамытуға 
арналған семинарлық сабақтарды қолдану, мәселелік театралды-педагогикалық 
жағдайларды шешу, өмірлік жағдайларды талдау арқылы педагогикалық 
артистизм элементтерін меңгеру жеңіл жүреді. 
Мысалы, эмпатияның дамуы үшін түрлі формада осы құбылыс көрініс 
табатын балалық шағындағы сезімдер туралы шығармалар жазуға болады. 
Мәселелік жағдайды эмпатия арқылы шешуге тырысу керек. Жұмыстың бұндай 
әдістері педагогикалық білім мен дағдыны ғана емес, сонымен бірге педагогтың 
кәсіби және моралды сапаларын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Сезім логикасын актуализациялауға 
тарихи параллельдер әдісін
қолдану 
ықпал етеді. Оның ерекшелігі көрнісітерді эмоционалды-логикалық салыстыру 
болып саналады, мысалы, түрлі тарихи дәуірге тән жақсы және жаман 
мұғалімдерді 
салыстыру. 
Мұндай 
салыстыру 
барасында 
мұғалім 
мамандығының рухани-адамгершілік болмысын терең түсіну пайда болады. 
Мысалы, түрлі көркем шығармалардан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынасты 
көрсететін 
эмоционалды 
сезімталдылық 
қолданылған, 
психологиялық толғанысты көркем бейне амалдарымен күшейтілген 
үзінділерді, педагогикалық теория мен тәжірибенің арнайы тезистерін алып
оларды рөлдерге бөліп ойнауға болады. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы 
қарым-қатынастың сан алуан екенін көрсетеді, нақты жағдайда қолдануға 


40 
болатын 
педагогикалық 
қарым-қатынастың 
моделін 
құрастыруға, 
педагогикалық мүмкіндіктерге адамгершілік-этикалық тұрғыдан баға беруге 
болады. 
Осының 
көмегімен 
рационалдылық 
пен 
сезімталдылықтың 
үйлесімділігіне, жоғары эмоционалдық толғанысқа қол жеткізуге мүмкіндік 
туады. Біз ұсынған модель арқылы педагогикалық артистизм элементтерін 
меңгеру барысында бұл жұмыстар шығармашыл болып келеді, өйткені бір 
типті жаттығуларды орындау барысында әр адам ол жағдайды әр түрлі шешеді. 
Мұндай жаттығуларға артикуляционды, иілгіштік, мимикалық және басқа да 
операцияларды орындайтын тапсырмалар кірмейді, өйткені бұл жаттығуларды 
адамдар бірдей орындайды. Жаттығуларды орындау барысында, адам 
максималды түрде өзін еркін ұстауы керек, мысалы біреу меннен жақсы 
жасайды деген ойлар, өзін ыңғайсыз сезіну болмауы керек. Досшыл атмосфера 
әрбіреуінің индивидуалды қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, жағымды 
психологиялық климат жұмыстың сәтті орындалуының кепілі, ол барлық 
сабақтарда маңызды болып келеді. Бірақ еркін ұстау барысында адамдар 
арасындағы өзара қарым-қатынастың мәдени нормалары шегінен шықпауы 
тиіс. 
Педагогикалық артистизм элементтерін тиімді үйренудің тағы бір шарты 
жаттығуларды орындау барысындағы индивидуалды кәсіби стильді сақтап 
қалу; дұрыс және дұрыс емес деп есептелмейтін, нақты бір адамға тиесілі 
қайталанбас тұлғалық компоненттің индивидуалды көрінісі; тыңдаушылар 
жағынан 
теріс 
реакциялардың 
болмауы; 
жағымды 
психологиялық 
атмосфераның 
қалыптасуы. 
Жағымды 
психологилық 
атмосфераны 
қалыптастыру үшін өз-өзімен жұмыс істеу барысынды жаңашылдықты іздену 
керек; тыңдаушыларды атымен атау керек, қызығушылық таныту, жұмыстың 
сәттілігіне сенімділік арту қажет; жұмысты орындау мен нәтижесі барысында 
туындауы мүмкін сәтсіздікке дайын болған жақсы; ортаны эстетизациялау, яғни 
музыкалық үзінділер мен фотосуреттер, картиналар, иллюстрацияларды 
қолдану. Сонымен қоса, педагогикалық артистизм элементтерін үйрену 
барысында өзіндік аудиториядан тыс жұмыстар ұсынуға болады, мысалы: 
-
сабаққа қажетті өзінің шығармашылық аппаратын «жұмыс істету» үшін 
психотехниканың индивидуалды тренингін қолдану; 
-
кемшіліктерін жоюға көмек көрсететін өзін-өзі ұстау тренингі (мінез, 
әдеттер, мәнер, жүріс, сөйлеу, дене бітімін тік ұстау); 
-
өмірлік құбылыстарды бақылау (сабақтарда өмірлік жағдайларды айту 
және талдау); 
-
шығармашылық күнделікті толтыру (өзінің шығармашылық сезімін 
талдау, өзіндік қабылдау, рефлексия). 
Педагогикалық артистизмді меңгеру нәтижесінде әртістік жүріс-
тұрыстың табиғилығы және еркіндігі; педагогикалық шешім мен іс-әрекет 
ерекшелігінің жарқын көрінісі; іс-әрекетке жылдам қосылуы, реакциялардың 
тереңдігі; міндеттерді қою мен оларды шеше алу қабілеті, педагогикалық 
режиссураны іске асыру; шығармашылық барысындағы жағымсыз жақтарына 
төтеп бере алу; қарым-қатынаста кері байланысты орната білу; импровизацияға 


41 
дайындық; іс-әрекеттің ішкі және сыртқы ритм, темп сезімінің дамуы; тілдік 
және жесттер байлығы; жеке және кәсіби сапаларға объективті баға беруге 
қабілеттілік; өзін-өзі жетілдіруге және ішкі, сыртқы көріністердің 
үйлесімділігіне ұмтылу туындайды. Біз құрастырған модель арқылы 
педагогикалық артистизм элементтерін меңгеруден кейін шығармашылық есеп 
ретінде келесі тапсырмаларды орындауға болады: 
1.
Арнайы педагогикалық тақырыпқа үш минуттық әңгіме айту, 
педагогикалық міндеттерді қою, мысал мен өлеңдерді, прозаикалық 
туындыларды драматизациялау; аудиториямен ойын өткізу. Бұл өзін өзі басқара 
алуының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
2.
Педагогикалық міндеттерді шешу және сабақ үзіндісін дайындау. 
Талдау барысында өзара қатынастың белсенділігіне, сендіру және иландыру 
қабілетіне, педагог позициясындағы авторитарлықтың болмауына назар 
аударылады. Бұл қарым-қатынасты басқару шеберлігінің қалыптасу деңгейін 
білуге мүмкіндік береді. 
3.
Сабақ үзіндісін өткізу, оқушылармен бірге ұжымдық шығармашылық 
жұмысты ұйымдастыру. Оларды орындау арқылы мұғалімнің оқу-тәрбие 
үдерісін басқаруға дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет