Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

 
 
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектептегі ұстаздардың 
алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге 
құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі 
жүктеліп отыр.
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл 
жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға 
айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы 
сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты 
дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты 
ояту. Оқушылар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра 
сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен 
тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе 
білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, 
балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына 
әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог 
түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. 
Г.А. Гарипова театралдық педагогиканың жетістіктерін оқу-тәрбие 
процесінде қолдана білудің болашағы зор деген пікір айтқан. Г.А. Гарипова 
«артистизм» деген ұғым үш маңызды қасиеттердің жүйесін құрайды деген: 
психофизикалық, 
эмоционалды-эстетикалық, 
көркемдік-логикалық 
[57]. 
Педагогикалық артистизм көптеген ғалымдардың пікірінше мұғалімнің ойлай, 
сөйлей, қозғала білу қабілеттеріне, оның интуициясына, фантазиясына 
байланысты болып келетінін сөз еткен. Педагогикалық шеберлікті 
қалыптастыруда актерлік қызметтен үйренуге болады. Мұғалім мен актердің 
қызметтерінде көптеген ұқсастықтар бар: олар өздерінің даусын, көңіл-күйін, 
денесін меңгере білулері керек, екі маман иелері де аудиториямен жұмыс 
істеуде аудиторияның назарын өздеріне аудара білулері қажет. Педагогикалық 
жұмыспен актерлік жұмыс арасында жалпы төмендегідей ұқсастықтар бар: 
-
мазмұндық ерекшелік– екі қызметте адамдардың дара ерекшеліктеріне 
қарай ынтымақтастық әрекеттесу арқылы өтеді. Сондықтан, мамандарға жақсы 
коммуникативтік қабілеттер қажет. Бұл ерекшеліктің іске асуында үш кезең 


50 
болады: дайындық, техникалық, болашақ істі ойластыру, жоспарлау, ойды іске 
асыру, орындау; 
-
мақсаттылық ерекшелік–басқа адамға ықпал жасауда, эмоционалдық 
күйзелістің болуы; 
-
инструменталдық ерекшелік–актердің психофизикалық табиғаты ықпал 
жасау инструменті ретінде; 
-
процессуалдық ерекшелік–шығармашылық көпшілік алдында өтеді, 
уақытқа шектеулі, нәтиже өзгермелі, уайым ортақ, шығармашылықтың 
ұжымдық сипатта өтуі; 
-
құрылымдық ерекшелік–материалды саралау, мәселені белгілеу, ойдың 
пайда болуы, оның іске асуы, нәтижені саралау, тузету еңгізу; 
-
концептуалдық ерекшелік–тәрбиешінің әлеуметтік функциясының іске 
асуында интуицияның, сезімнің, шабыттың кәсіби эмоциялардың болуы, 
автоматандырудың орын алмауы. 
Педагогикалық қызметте әзілдесудің де орны ерекше. 
Неміс философы И. Кант әзілдесе білу ол жақсы көңіл-күйде бола білу 
таланты деген. В.А. Сухомлинский тәрбиеде әзілдесу мәселесіне үлкен мән 
берген. Оның мектебі балаларға қуаныш сыйлайтын орта болған. Жақсы әзіл 
мұғаліммен оқушының арасында жақсы көңіл-күй тудырып, денсаулықты 
сақтауға ықпал жасап, стрестік жағдайды төмендетуге әсер етеді. Оқушымен 
абайлап сақтықпен қарым-қатынас жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана 
емес, талап қоя білуінен де байқалады. 
Педагогтың юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем 
беруіне, оң көңіл күйді ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, әзілдің 
теріс жақтары болмауы тиіс.
Педагогикалық шеберлікке жету жолында тәжірибеде педагогикалық 
артистизмнің тәсілдерін меңгерудің маңызы зор, себебі бұл екі мамандық 
өкілдері аудиториямен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. 
Педагогикалық артистизм негіздеріне үйрету үшін сатылы тұғырды 
қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет