ЖІӨ есептеу әдістері: 1) Өндірістік - өндіріс кезеңінде ЖІӨ есептеу.
2) Бөлу әдісі - табыстар негізінде есептелінеді.
3) Ақырғы тұтыну әдісі.
Салааралық баланс - макродеңгейде өндіріс және бөлу шоттарының құндық және табиғи көрсеткіштерінің өзара байланысы схемасы.
Қайталап есептеуді болдырмау үшін, ЖҰӨ - ге кірмейтіндер.
1) Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ - ге нан пісіретін өндірістегі ақтық тауарларды алу үшін қажетті дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер біз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ - нің құнын үстемеленген құнның мөлшеріне дейін өсіретін едік.
а) Төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
2) Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар. Оларға жататындар:
а) Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
ә) Ұсталған заттарды сатып алу.