Байланысты: Әміранұлы Досхан презнтация экономика негіздері
4.ЖІӨ есептеу әдістері ЖІӨ анықтауындағы «жалпы» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.
Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады.
ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар:
- қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс);
- шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);
- табыстар бойынша (бөлу, үлестіру әдісі).
ЖІӨ өндірістік әдіспен есептегенде соңғы өнім өндірісінің әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді.