Қабылданған: Даханова Жеңіскүл Орындаған: Шалдар Байболсын Тобы: ЗҚТ-111f Жоспар: Әкімшілік жаза ұғымы



Дата12.12.2023
өлшемі125,18 Kb.
#196677
Байланысты:
шалдар әкімшілік




Тақырыбы: Ә
кімшілік жазалар
Қабылданған: Даханова Жеңіскүл
Орындаған: Шалдар Байболсын
Тобы:ЗҚТ-111f


Жоспар:

  1. Әкімшілік жаза ұғымы

  2. Әкімшілік жазалардың түрлері

  3. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері

  4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

  5. Пайдаланылған әдебиеттер:

Әкімшілік жаза

1.ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты — жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған.


Әкімшілік құқық бұзушылық, жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оның мәні осындай құқық бұзушылық жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыруда немесе оларды шектеуде; әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдардың талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ жаңа құқық бұзушылық жасауынын алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

Ескерту жасау;


Әкімшілік айыппұл салу;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
Арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
Әкімшілік қамауға алу;
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
3.Əкімшілік жазаларды қолдану ережелері.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 61-бабына сəйкес əкімшілік құқық
бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мəн-жайларға мыналар жатады;
- кінəлі адамның шын өкінуі;
- кінəлі адамның залалды өз еркімен өтеуі немесе, келтірілген зиянды жоюы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты кəмелетке толмаған адамның жасауы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан күйзелісінің нəтижесінде немесе
отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасауы:
- əкімшілік құқық бұзушылықты күш колдану немесс мəжбүрлеу арқылы жасау;
- əкімшілік құқық бұзушылықты жүкті əйелдің немесе 31 жасқа дейінгі баласы бар
адамның жасауы;
- əкімшілік құқық бұзушылықты құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған
адамды ұстау, қажетті қорғану шарттарын бұзған, бұйрықты не өкімді орындау
барысында жасау.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстіц 65-бабына сəйкес əкімшілік
жазалардың мерзімі жылдармен, айлармен нмесе күнтізбелік күндермен есептеледі.
Əкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы əкмшілік жаза қолдануға болмайды, ал əкімшілік құқық бұзушылықты қоршаған
ортаны қорғау саласында жасаса – 6 айдан кейін, салық салу саласында жасаса - үш жыл
өткен соң əкімшілік жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгіленген.
Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлерін
белгілейді:
1 ) əкімшілік жаза беру туралы;
2) іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;
3) істі жазаның басқа түрін немесе мөлшерін белгілеуге құқығы бар судьяның,
органның қарауына беру туралы;
4) айыппұл салу туралы қаулыны мəжбүрлеп орындату
Өзіне қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы дайындалған
адам, сонымен қатар жəбірленуші, қаулыға шағым келтіруге құқылы. Өкілетті органның
қаулысына шағым не жоғары тұрған органға, не сотқа беріледі. Əкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулы шыққан күннен бастап 10 күн
ішінде беріледі. Шағымды немесе наразылықты қараған орган, шығарылған қаулының
заңдылығын жəне дəлелділігін тексергеннен кейін мынадай шешімдердің бірін
қабылдауға құқылы:
1) қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көзделген мəнжайлар дəлелденбесе – қаулыны бұзу жəне істі қысқарту туралы;
4) қаулыны бұзу жəне іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы;
5) егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулыны өкілеттік берілмеген судья,
орган шығарғандығы анықталса, онда қаулыны бұзу жəне істі тиісті ведомстваның
қарауына жіберу туралы.
4.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі).Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:

  1. Жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау;

  2. Сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.

Жиынтықты құрайтын қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау ҚК-тің 58-бабының маңызды талабы, одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза тағайындаудың мұндай тәртібі сотталғаннан кейін айыпкерге қылмыстың әрбір нақты түрі бойынша рахымшылық немесе кешірім жасауды қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі кассациялық немесе қоғамдық тәртіпте қараған жағдайда әрбір бөлек қылмыс үшін тағайындалған жазаны, егер негіз болса, жеңілдетуге немесе үкімнен тіптен алып тастауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар кейбір қылмыс үшін жаза тағайындай отырып заң оның құқыктық салдарын қарастырған. Мысалы, қылмыстың қайталанғандығының орын алғандығын анықтау (ҚК-тің 13-бабы), бас бостандығынан айырғанда колонияның нысанын белгілеу (ҚК-тің 48-бабы), т.б.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс бойынша тағайындалған жазаларды жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу принципі бойынша жүргізіледі.
5.Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі; «Административное право» Ибрагимов Х. Алматы 2000ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет