Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі 1-топ 3-деңгей



бет4/5
Дата20.05.2020
өлшемі252 Kb.
#69930
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
бір сабақ бойынша рефл. есеп

Сергіту сәті.

Сабақтың ортасына таман оқушылардың шаршап, зерігіп жатқандарын байқадым. Сол себепті осы кезде оқушыларға шамалы серігіп алайық деген ұсыныс тастадым. Оқушылар бұл ұсынысқа оң көзқарас таныта білді. Интерактивтік тақтада «Қара жорға» қазақ биін қосып, қимыл – қозғалыстарын қайталаттырдым. Оқушылардың көңіл – күйлерінің көтерілгендігін бірден байқадым.

Жұмысымыздың келесі тапсырмасы «Сиқырлы сандықша» деп аталды. Бұл сабағымызды қорытындылауға арналған тапсырма болатын. Сабақ барысында өтілген тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар дайындалып, қорапшаға жасырылады. Әр оқушы кезек- кезек келіп, сұрақты таңдап оқиды, жауап береді. Бұл жерде оқушылар «Қолмен бағалау» әдісін қолданады. Егер оқушы сұраққа толық және нақты жауап берсе, онда оқушылар бас бармақтарын жоғары көтереді. Сұраққа жауап берілсе, бірақ ол жауап толық дұрыс болмаса, онда бас бармақтары жанына қарай түседі. Таңдалынған сұраққа мүлдем жауап болмаса, бас бармақтары төмен түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет