Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық инвестицияның негізгі түрлерін атаңдар.
2. Мемлекеттің инвестициялық саясатының түсінігі.
3. ҚР-ң инвестициялық саясатының негізгі бағыты.
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар
1. Төмендегілердің қайсысы лизингтің белгілеріне жатады:
A) мәмілеге үшінші тараптың қатысуы
B) жалға алудың негізгі мерзімі ішінде шартты бұзудың мүмкін еместігі
C) лизингтік келісім неғұрлым ұзақ мерзімде болады
D) қаржылық лизинг кезіндегі келісім объектілері негізінен құнның жоғарылығымен ерекшеленеді
E) жоғарыда аталғандардың барлығы
2. Мерзімі машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзіміне сәйкес келетін лизингтің түрін атаңыз:
A) жанама
B) операциялық
C) нақты
D) қаржылық
E) экономикалық
3. Арендаға алған мүлік аренданың келісілген мерзімінде толық амортизацияланбайтын лизингтің түрі қалай аталады?
A) жанама
B) операциялық
C) нақты
D) қаржылық
E) экономикалық
4. Көбінесе лизингтік жалға беру қандай уақытқа созылады?
A) 1 айдан 1 жылға дейін
B) 1 жылдан 3 жылға дейін
C) 3 жылдан 5 жылға дейін
D) 5 – 8 жылдан астам
E) шексіз уақытқа
5. Банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы несиелік қатынастардың неше формасы бар?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
6. Лизингтік операция көбінесе немен тығыз байланысты болады?
A) ауыл шаруашылығымен
B) әлемдік нарықпен
C) банктермен
D) қоғаммен
E) мемлекеттік органдармен
7. Экономикаға лизинг сөзі қай тілден енген?
A) француз
B) орыс
C) неміс
D) ағылшын
E) латын
8. Қаржылық лизинг пен операциялық лизингтің арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз:
A) қаржылық лизинг ұзақ мерзімге беріледі, ал операциялық лизинг қысқа мерзімге беріледі
B) қаржылық лизингтің мерзімі машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзіміне сәйкес келеді, ал оперативтік лизингте арендаға алған мүлік аренданың келісілген мерзімінде толық амортизацияланбайды
C) қаржылық лизингте арендаға алған мүлік аренданың келісілген мерзімінде толық амортизацияланбайды, ал оперативтік лизингтің мерзімі машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзіміне сәйкес келеді
D) қаржылық лизинг тиімді, ал оперативтік лизинг тиімсіз болып табылады
E) дұрыс жауабы жоқ
9. Амортизациялық тозу дегеніміз не?
A) банктердің төлемқабілеттілігінің болмауы
B) экономикада болатын келеңсіз жағдайлар
C) елде импорт көбейіп, экспорттың өсуі
D) дұрыс жауабы жоқ
E) машиналар мен негізгі құрал-жабдықтардың тозуы
10. Лизинг ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
A) сатып алу
B) қаржылық талдау
C) сату
D) жалға беру
E) қарыз алу
Өз бетімен шешуге берілген есептер
Кәсіпорын 1 наурызда банктен 150 мың тг көлемінде несие алып, жылдың аяғында пайызбен қайтаруға уәде берді. Пайыздық қойылым жылына 26 %-ға тең, жылда 365 күн бар деп есептесе, жай пайыздарды есептеудің қай әдісі кәсіпорынға, қайсысы банккк тиімді?
10 жыл бойы әр жылдың аяғында шоттан 7 мың тенгені алып қайтарып отыру мүмкіндігіне ие болып және шотты толығымен босату үшін қандай соманы банкге жылына 32 % нноминалдық пайыз қойылымымен салу керек, егер банк мынадай күрделі пайыздарды қосатын болса: а) жыл сайын, ә) жарты жыл сайын, б) үзіліссіз?
Шектелмеген ұзақ мерзім бойы жыл сайын 80 мың тенгені 3 ай сайын бірдей үлеспен алып отыру үшін ) яғни 20 мың тенгеден) банкіге қандай соманы жылына 32% номиналдық қойылыммен салу керек егер банк күрделі пайызды қосатын болса: а) тоқсан сайын; б) үзіліссіз.
Қарыз алушы әр айдың соңында теңдей жедел төлем жасау арқылы өтеу шартымен 5 айға 6 млн тенге несие алды. Қарыз шамасына айлық қойылымы 12 % күрделі пайыз есептелінеді. Жедел төлем сомасын анықтаңыздар.
Кәсіпорын 5 жыл мерзім ішінде 800мың тг көлемінде даму қорын құруды көздейді. Осы мақсат үшін кәсіпорын әр жылда қандай соманы бөлу керек. Шарт бойынша банкке әр жылдың соңында салынған ақшаға күрделі пайыз қойылымы 24 % есептелінеді: а) әр жыл сайын; ә) әр ай сайын.
Глоссарий
Акция — акционерлік қоғам шығарған және иесіне сол акционерлік қоғамның пайдасынан белгілі бір табыс алуға және дауыс беру құқығын беретін белгілі қағаз.
Амортизациялық саясат — таңдалған қаржылық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін тез тозатын және аз құнды заттардың тозуын есептеу, негізгі қорлар мен материалдық емес активтер амортизациясының сай келетін әдісін таңдау.
Ашық факторинг - қарыз алушыға қарыз берушінің өзінің қарызын мердігер арқылы алатыны жөнінде қарыз алушыға ескертіп, ендігі жерде барлық қарыз мердігерге өтетінін жөніндегі факторинг түрі.
Бағалы қағаздар қоржыны - инвестициялық қызметке қатысу үшін инвестордың (заңды және жеке тұлға) қолындағы барлық құнды қағаздардың жиынтығы.
Банк кредиті – банкпен немесе арнайы кредит-қаржы мекемелерімен ақша түрінде берілетін кредит.
Банк несиесі-коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық мекемелердің ағымдығы немесе инвестициялық қызмет, тауарлы-материалдық, алтынвалюталық құндылықтар немесе құнды қағаздар беретін ақшалық қарыз міндеттемесі.
Банктiң инвестициялық жобаны қаржылық талдауы - инвестициялық жобаның экономикалық нәтижелігін және оның қаржыландыру көзін анықтау.
Банктік инвестиция операциялары – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Банктің инвестициялық жобаның өтелу мерзімі - оның тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi, яғни инвестициялық жобаның аяқталу кезінде дисконтталған таза табыстар сомасы банктiк салымдар (инвестициялар) сомамен бiрдей болып шығатын уақытша кесiндi.
Банктің лизинг операциялары-заңды, жеке тұлғаларға белгілі бір уақытқа, келісімде көрсетілген шартпен банктің өзінің сатып алған немесе өзіне тиесілі мүлікті, немесе құрал-жабдықты лизинг алушыға қолданысқа беру қызметі.
Банктің несие операциялары-өз атынан, өз есебінен қайтарымдылық, төлемақылық түрдегі ұсынылатын банк қызметі.
Банктің пайыздық табысы – несиелерден есептелінетін және түсетін пайыздар, оның шамасы келесі факторларға байланысты: банктің несие қоржынының көлемі, оның құрылымы, несие үшін қолданылатын пайыздық мөлшерлеме.
Белгіленген пайыздық мөлшерлеме – кредитор мен қарыз алушы жағынан қайта қарауына жатпайтын несиелік операция жүзеге асырылғанда оның барлық мерзіміне бекітіледі.
Брокер – «делдал», эмиссиялық бағалы қағаздарға байланысты мәмілені және басқалай қаржылық құралдарға қатысты мәмілені клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және оның мүддесі үшін орындайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Дисконтты(есептік)саясат–Орталық банктің есептік ставкасының өзгеруі,валюталық курсты реттеу мақсатындағы қысқа мерзімді капиталдың мемлекеттер арасындағы қозғалысы.
Дисконттық мөлшерлеме әдісі-қарыз алушы несие берушіден несие сомасын алғанда, көрсетілген пайыз бойынша, пайызды төлегенде жеңілдік алу мүмкіндігі.
Дилер - көбінесе өз атынан , немесе өз есебінен тауарларды қайта сататын делдал жеке адам немесе фирма.
Дивиденд — мүлік иесінің алатын таза кірісі.Таза кіріс акционерлердің жалпы жиналысында қаралып, анықталады.
Есептік мөлшерлеме саясаты - Орталық банктің коммерциялық банктерге берілетін қарыз бойынша пайыз көлемін реттеуі.
Жай пайыздар – несиені пайдаланудың мерзімі бойы ылғи бiр есептелген сомаға пайыз мөлшерлемесінің қолданылуы.
Инвестиция - күрделі қаржының әртүрлі түрлері, пайда табу мақсатында болашақта кіріс алу мақсатымен капиталды ақшалай, материалдық және материалдық емес түрінде кәсіпкерлік қызмет нысандарына салынатын күрделі қаржылық салым.
Инвестицияларды қаржыландыру – инвестициялық жобалар және бағдарламалардың iске асыруға арналған қаржы қорларын қолданудың әдiстері мен формалар таңдау процессi.
Инвестициялық банк-несие ұйымы ретінде ұзақ мерзімді ссудалық капиталды жұмылдырады, және оны қарыз алушыға облигацияны шығару және оны орналастыру негізінде береді.
Инвестициялық жоба- ірі инвестициялық мақсаттарды, мысалы құрылыс немесе басқа да ірі жобаларды, іске асыратын бағдарлама.
Инвестициялық қызмет-инвестицияны жүзеге асыру үшін қолданылатын қызмет.
Инвестициялық қоржын-мамндандырылған компанияның меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің жиынтығы.
Инвестициялық ресурс – инвестициялық қызметтің іске асуы үшін қолданатын барлық ақшалай және басқа да активтердің түрлері.
Инвестициялық саясат – қаржы саясатының стратегиялық аспектісін айқындайды, инвестициялық жобаларға қаржылық ресурстардың ұзақ мерзімді салымдарын салудың тиімді тәсілдерін таңдауда негізделген.
Инвесторлар-өзінің атынан, өз қаржысына бағалы қағаз сатып алушы :заңды тұлға немесе азамат.
Институционалдық инвестор-орташа және ұзақ инвесторлардың қаражатын тартатын инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында тартатын заңды тұлға.Түсіндірме. институционалдық инвесторлар бұл өздерінің меншікті қаражатын емес, өздеріне ұсақ және орташа инвесторлар сеніп тапсырған қаражатты құятын мамандандырылған кәсіпқой ұйымдар болып табылады.
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануы, бағаның өсуі,ақша айналымының ағымының шамадан тыс артумен байланысты жағымсыз құбылыс.
Инфляциялық тәуекел-инфляция жоғары болғанда құнды қағаздарданинвесторлар алатын табыс өскенімен салыстырғанда тезірек құнсызданады да,инвестор нақты залал шегеді.
Кәсіпорын активтері — табыс алу мақсатында қолданылатын, меншік түріндегі кәсіпорынның экономикалық ресурстары.
Кәсіпорын бюджеті — қызметтер түрі бойынша кіріс пен шығысты көрсететін, әдеттегідей бір жылға дейінгі аралықта жасалатын жедел қаржылық жоспар.
Кейнсианның ақша-несиені реттеу моделі - «несиені реттеу» атты қағиданы негізге ала отырып, нарық жүйесінің кемшіліктерін ,сонымен қоса еркін кәсіпкерлікті мемлекеттің фискалды және несие саясаты арқылы жоюды мақсат етеді.
Кепілгерлік - қарыз алушының қарыз берушіге қарызын міндетті түрде қайтарып беру міндетін өзіне алатын тапсырыс алушы қызметі.
Кепілзат - міндеттемелерді қамту әдісі, мүлік немесе басқа да құндылықтар несие алу кезінде кепіл зат ролін атқарады.
Кепілсалымдар нарығы – қаржылық міндеттемелер нарығы, қарыз алушы несиені қамтамасыз ету үшін өз меншiгiн кепілдікке беруі, яғни бұл қарыз берушіге берілетін жылжымайтын мүлiк кепiлдiгі туралы куәлiк.
Конверсионды операция – белгіленген курс пен белгілі бір мерзімде қолма-қол және қолма-қолсыз бір елдің валютасын, екінші елдің қолма-қол және қолма-қолсыз валютасымен сату сатып немесе сату келісімі.
Конверсия — қарыз тиімділігінің біржақты өзгерісі, яғни кредиторлаға мемлекетпен алынған қарыз бойынша тиімділіктің төмендеуін жариялауы.
Конкурс — тауар сатушы немесе қызмет көрсетушілердің арасынан мемлекеттік келісімшартты ең жақсы жағдаймен орындаушысын анықтау.
Коносомент-теңіз шарттарының талаптары баяндалған құжат.Тауарды бөлуге арналған, қолында осындай құжаты бар адам жүктің иесі ретінде танылуға құқығы бар екенін көрсетеді.
Консолидация-шетелге апарып комиссиондық формада сатылатын тауар.
Контокоррент – клиенттің өз қаражаты есебінен де, банктің кредиттері есебінен де жүргізілетін барлық операциялары есепке алынатын банкідегі шоты.
Корреспонденттік шот — бір кредиттік мекеменің бекітілген корреспонденттік келісім-шарты негізінде басқа кредиттік мекеменің тапсырмасы бойынша және соның есебінен жүргізілген есепайырысулары көрсетілген шот.
Көп валюталы стандарт - дүниежүзілік ақшалар ретінде: доллар, евро, фунт стерлинг т.б. қолдануын қадағалайтын дүниежүзілік жүйе.
Кредит — қайтару шартында және кәдуілгі пайыздарын төлеп бір тұлғалармен, шаруашылық субъектілермен, кәсіпкерлермен және мемлекетпен басқарылатын уақытша пайдалануға құнын тапсырғанда қалыптасатын экономикалық қатынас.
Кросс-курс-үшінші тараптағы валютаның қалған валютаны ығыстырғандағы екі валютаның арасындағы байланыс.
Күн көрістің ең төменгі деңгейі, күнелтудің төменгі шегі – адамның денсаулығына және тiршiлiк әрекетiн сақтау үшiн қажеттi азық-түлiк, азық-түлiкті емес тауарлар және қызметтердiң, сонымен бірге міндетті төлемдердің ең аз деген ақшалай мөлшері.
Күн ішіндегі несиелер – корреспонденттік шоттарда төлем құжаттарын төлейтін қаражат болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда, операциондық күн ішінде коммерциялық банктерге Халық Банкпен берілетін несие.
Күрделі пайыздар – алдыңғы мерзiмдегi пайыздардың сомасын есепке алуымен есептелiнеді.
Кірістілік – кіріс пен инвестицияның бастапқы сомасын немесе ағымдық бағамының қатынасын айқындайтын бағалы қағаздардың сандық мінездемесі.
Қаржылық активтер — ақша формасында және әр түрлі қаржылық құралдар формасында тараған меншік құндылықтарының бөлігі.
Қаржылық ресурстар балансы (Жиынтық қаржылық баланс) – Қазақстан территориясында толығымен немесе ҚР жеке субьектілерінде аймақтық деңгейде қаржылық және ақша кредит қатынасын сипаттайтын баланс.
Қаржылық реттеу – орнын толтырудың параметрлерiн түзету мақсатындағы қаражаттардың қолдануы бойынша мемлекетпен ұйымдастырылатын қызмет.
Қаржылық тәуекелден сақтандыру – сақтандыру оқиғасын жүзеге асыру нәтижесінде пайда (табыс ) жоғалту тәуекелі бар сақтандыру түрi.
Қор индексі-орташа немесе орта есеппен алынған нарықтық акция бағасы.
Құн өлшемі - нақты ақшаның баламасы, егер ақшаның нақты құны оның шынайы құнынан артық болса, құн өлшемі екі сыныпқа бөлінеді:қағаз ақшалар және кредиттік ақшалар.
Құн өлшемінің функциясы - ақшаның барлық тауарларға құн өлшеу қабілеттігі, бағаның анықтауында делдалдық қызмет көрсетедi.
Құнды қағаздардың сенімділігі – қолайсыз қор жағдаят (конъюнктура) кезінде өзінің құндылығын сақтайтын бағалы қағаздарға тән қасиет.
Қысқаша ашық валюталық ұстаным-белгілі бір шетел валютасына міндеттеме талаптан артқанда пайда болатын ашық валюталық ұстаным.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы — осы қағаздар шығарылған уақытпен жойылу уақыты аралығында айналыста болатын нарық.
Нарықтық емес бағалы қағаздар - екінші қор нарығы жоқ қор құралы; мемлекеттен инвесторлармен сатып алынатын және тек мемлекетке ғана сатылатын ақшалай міндеттеме.
Нарықтық құнды қағаздар – екінші нарықта алғашқы орналастырулардан кейiн еркiн айналыста болатын және алып-сатылатын бағалы қағаздар.
Несие берудiң ақылылығы - банк өз ресурстарын уақытша пайдалануға берудi өтемдiк сипат бiлдiретiн несие беру қағидасы.
Несие берудің қағидаттары – тез қайтарымдылығы, дифференциалдылық (сараушылық), қамтамасыз етілгендік және ақылық.
Несие берудің қазіргі әдістері – қарыз беруi туралы шешiмдер әрдайым жеке рет ретімен немесе қарызшыға банктiң алдын ала белгiленген несие беру лимиттің шегінде қабылдау әдістері банктік тәжірибеде қолданылады.
Облигация - мемлекетке немесе акционерлiк қоғамға қарызға берiлген номиналды құн және номиналдық соманы қайтаруына пайыз алу құқығын бекiтушi борышты эмиссиялық бағалы қағаз.
Облигация курсы-ұсыныс пен сұраныс арасындағы нарықтық баға.
Облигация өтімділігі- облигацияның иесіне тез арада облигацияның ақша-қаражатына айналуы.
Эмиссиялық саясат (кәсіпорынның) – қор нарығы арқылы акция, облигация, басқа да қаржы құралдарын шығару жолымен қаржы қорларын тарту бойынша кәсiпорынның саясаты.
Эмитент – айналысқа ақша, құнды қағаздар шығаратын кез келген орган: заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, мемлкеттік банк, несие-қаржы мекемелері.
Есептердің жауаптары
Тақырып 1.
Жауабы: 7.5 жыл;
Жауабы: 0,03445 жыл немесе 13 күнге жуық
Жауабы: 33,80%
Жауабы: 4 жылдан кейін 4,6 мың тг алған тиімдірек
Жауабы:17,71%
Тақырып 2.
Жауабы:а) 465259 тг, ә) 523384тг, б) 560441тг, в) 589160тг, г) 601224тг, ғ) 604421тг.
Жауабы: 912800 тг.
Жауабы: а) 29802 тг, ә) 16856тг.
Жауабы:24,47 %, 29,45%
Жауабы: а) 67,55%, ә)31 %
Тақырып 3.
Жауабы: а) 1534,803 мың тг, ә) 1556,661мың тг, және қойылым төмендеген кезде – 1518,772мың тг.
Жауабы: 607,441 мың тг
Жауабы: а) 144,166 мың тг немесе 144,606 мың тг, ә) 147,596 мың тг, б) 149,549 мың тг.
Жауабы: 2ші нұсқа тиімдірек «иә» қойылым 18,13%-дан кем болмағанда
Жауабы: 271058 тг
Тақырып 4.
Жауабы: 92213 тг
Жауабы: 1490000 тг
Жауабы: 7,5 жыл
Жауабы: 166 күнге жуық
Жауабы: 21,88%
Тақырып 5.
Жауабы: 30%, 27,12%
Жауабы: 17,71%
Жауабы: 46,41%
Жауабы: екінші
Жауабы: 598149 тг. 98 тиын.
Тақырып 6.
Жауабы: 11,97%.
Жауабы: 26630 тенге.
Жауабы: 15,27%, 23,10%.
Жауабы: 3855432 тенге.
Жауабы: Жоқ.
Тақырып 7.
Жауабы: 4804800тг
Жауабы: 30,78% өзгермейді.
Жауабы: 912800тг
Жауабы: 2965тг. 88 тиын.
Жауабы: а) 281,767 мың тг, ә) 331,843 мың тг, б) 346,940 мың тг.
Тақырып 8.
Жауабы: кәсіпорынға-182500т, банкқа-182043тенге.
Жауабы: а) 20,513 мың тг, ә) 19,214 мың тг, б) 17,805 мың тг.
Жауабы:а) 278,267 мың тг, ә) 250 мың тг, б) 240,133 мың тг.
Жауабы: 1385848 тг. 78 тиын.
Жауабы: а) 32,274 мың тг, ә) 35,279 мың тг
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті. 2007. – 160 б.
2 Шуленбаева Ф.А. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі: Оқу құралы. Астана, 2006.-130с.
3 Орлова, Е.Р. Инвестиции: учеб. пособие / Елена Роальдовна Орлова.- 4-е изд., испр. и доп.- М.: Омега-Л, 2007.- 231, [1] с.
4 Под ред. В.И. Колесникова, Банковское дело, М.: Финансы и статистика, 2001.
5 Под ред.. О.И. Лаврушина, Банковское дело, М.: Финансы и сатистика, 2003
6 Под ред..Г.С. Сейткасимова, Банковское дело, Алматы: Каржы-каражат, 1998.
7 Игонина Л. Л. Инвестиции: учеб. пособие. Под ред. д. э. н. проф. В. А. Слепова. – Москва: Экономист, 2005 г. – 478 б.
8 Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», от 31 августа 1995 (с учетом изменений и дополнений)
9 Халқымаұлы Х. Инвестициялық прогресс: Қазақстандағы проблемалар, дамыған елдердегі тенденциялар // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. - 2001. - №2. – Б.107-112.
10 Назарбекова Д.Б., Талдахметов Б.Ш., Иманбердиев С.А. Қазақстан Республикасындағы инвестициялаудың бүгіні мен ертеңі //«Экономика мен саяси бағыттағы трансформациялық процестер – Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру негізі» Республикалық ғылыми - практикалық конференция материалдары. – Шымкент, 2002. – Б.57 .
11Жармахан Г.Ә. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және оның дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік қабілеттілігі // «Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеті: жағдайы, мәселелері және даму артықшылығы». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. – Астана, 2005. – Б.362.
12 Закон РК «О рынке ценных бумаг», от 2 июля 2003г., №461-11
13 Закон РК «О государственной поддержке прямых инвестиций», от 28.02 1997г.
14 Закон РК « Об инвестициях» от 8.01.2003г.
15 «Стратегия индустриально- инновационного развития Казахстана до 2015 года».
16 Аньшин В,М, «Инвестиционный анализ». «Дело», 2000
17 «Банки Казахстана» // 2006-2009г.г.
18 Интернет-источники.
19 Статбюллетень НБРК 2006-2009 г.г.
Достарыңызбен бөлісу: |