Абулкасова Д. Б. (қолы) (аты-жөні)



бет4/6
Дата07.05.2017
өлшемі1,14 Mb.
#15912
1   2   3   4   5   6

6 дәріс


Тақырып: X- XV ғ.ғ. Ирак, Сирия, Египет.

Дәріс мазмұны: ҮІІ-ІХ ғ. ортасына дейінгі Египет. Фатимидтер халифаты. Фатимидтер кезіндегі Египет экономикасы. Фатимидтер халифатының құлауы. Салах-ад-дин және Айубилер династиясы. Сирия және крест жорықтары. Моңғолдардын Иран мен Сирияға жорығы. ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Египеттегі феодалдық жер меншігі. Шаруалар жағдайы. Египет мамлюктері. Аллепо шайқасы. Египет мамлюктер билігі тұсында. Мемлекеттік құрылым. Х-ХҮ ғ.ғ. Сирия және Египет мәдениеті.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:андалусия, магриб,реконкиста.

ІХ ғ. 60 ж. Египет әмірі Ахмед ибн-Тулун өз билігін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрды. Х ғ. басынан бастап Египет Магрибте күшейген, өз бастауын Мұхаммедтің қызы – Фатимадан алған шиитік династияның тартылу объектісіне айналды. 969 ж. бірнеше ондаған жылғы күрестен кейін фатимид әскерлері Египет астанасы Фустатты, ал одан кейін барлық Египетті иеленді. Фатимид әскерлерінің бас қолбасшысы Джаухар бұнымен тоқтамай, әскерлерін бұл кезде Ихшидидтер династиясы үстемдік еткен Сирияны басып алуға аттандырды.

1037 ж. Фатимидтер бірнеше жыл бойы мұсылман иелегіне жиі шабуылдар жасап тұрған византия империясымен келісімге келді. Осы келісімді пайдаланған Фатимидтер Халебты (Алеппо) иеленді, бұл оларға византиялықтар иеленген Антиохиядан басқа барлық Сирияны бағындыруға мүмкіндік берді. ХІ ғ. басында Фатимидтер мемлекетінің құрамына Египет, қазіргі Ливия, Сирия, Палестина, Батыс Аравия, Мальта, Сицилия, Сардиния және Корсика аралдары кірді. Фатимид билеушілері Х ғ. басында халиф титулын қабылдады.

Осылайша, Шығыста екі халиф болды. Олардың әрқайсысы өз мүдделерін ғана заңды деп есептеді. Екі халиф те бірін бірі еретиктер деп жариялады. Фатимид халифы Муыыз (953-975 ж.ж.) «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген формуладан кейін «Али Алланың досы» деген сөзді қосты, ал өз атын Алидің мұрагері ретінде бес уақыт намаз кезінде айтуды бұйырды. Фатимидтің діни беделі Хорасанға дейін танылды.

Жаңа халифаттың орталығы Египет болды. Фатимидтер билігі өндіргіш күштерінің және елде шаруашылық саланың барлық жақтарының айтарлықтай даму кезеңімен сәйкес келді.

Фатимид мемлекетінің саяси құрылысы Таяу Шығыстың басқа федалдық мемлекеттерінің құрылыснан еш ерекшеленген жоқ. Жоғарғы билік – халиф. Мемлекеттегі екінші тұлға – уәзір. Фатимидтер кезінде қаржы ведоствасы ерекше дамыды. Жеке монеталары шығарылды. Монета сарайлары Каирде, Мисрада, Александрияда, Дамаск, Аскалон, Тиннис, Тирда.

Жоғарғы сот билігін бас кадий, жергілікті жерлерде – қарапайым судьялар – жүзеге асырды. Мемлекеттік дін – шиизм деп жарияланды, бірақ империя халқының көпшілігі, әсіресе Египетте, исламның сунниттік бағытын ұстанды. ХІ ғ. ІІ жартысында фатимид халифтерінің құдытреттілігі әлсіреді. 12 жылда 35 везир ауысты. Өз қызметінде тек бір ғана болған везирлер де болды.

ХІ ғ. 60 Фатимидтер империясы өмір сүруін тоқтатты. Сирияда өзара күрестер орын алды. Йемен және Мекке қайтадан Аббасидтерге бағынды. Византиялықтар Египетке соғыс жариялады. ХІ ғ. ортасында Багдадта селжұқтардың пайда болуы Сириядағы фатимид иеліктерне қауіп төндірді.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. ІХ ғ. 60 ж. Египетте қандай мемлекет құрылды?

  2. ХІ ғ. басында Фатимидтер мемлекетінің құрамына қандай территориялар енді?

  3. Фатимид мемлекетінің саяси құрылыс туралы не айта аласыз?

  4. Фатимидтер мемлекетіндегі мемлекеттік дін?

  5. Қашан Фатимидтер мемлекеті өмір сүруін тоқтатты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение.М.,1980 г.

7 дәріс

Тақырып: XVI-XVIIІ ғ.ғ. Арабтық Шығыс.

Дәріс мазмұны: Түріктердің араб жерлерін жаулауы және үстемдігі. Араб елдерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Осман үстемдігі кезеңіндегі араб қалалары. Сепаратизмнің өсу себептері. Ирак және Сирия елдері. Палестина мен Ливан елдерінің саяси, экономикалық дамуы, қозғалыстардың күшейуі.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:крестшілер, гулямдар.

1171ж. Египеттегі өкімет билігі Айюби әулетінің негізін қалаушы Салах-ад-диннің қолына көшті. Ол курд еді. Айюбилер билігі кезінде (1171-1250) жердің көп бөлігі ихтаға айналды. Айюби сұлтандары сарайда мамлюктерден жасақталған ұлан ұстады. 1217-1221 жылдары Айюбилер кресшілердің Египетте шабуылына тойтарыс берді.

1250 жылы өкімет билігі мамлюктердің қолына көшті. 1260-1277 жылдары Египетте мамлюк сұлтаны шыққан тегі жағынан қыпшақ Бейбарыс билік құрды. Таққа отырған жылы ол қыпшақ Кетбұқа басқарған Алтын Орданың әскерін жеңіп, Египеттің тәуелсіздігін сақтап қалды.

ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Египет біршама өркендеді. Ол Еуропа және Үнді мұхиты елдерімен сауда байланысын жандандырды. 15 ғасырдың басында Әмір Темірдің шабуылына тойтарыс бере білген Египет 1517 жылы түріктерден жеңіліп, Осман империясының қол астына көшті.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. 1171 ж. Египеттегі өкімет билігі кімнің қолына көшті?

  2. Айюбилер Египетте қай жылдары билік жүргізді?

  3. Қай жылы Египетте өкімет билігі мамлюктердің қолына көшті?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение.М.,1980 г.

8 дәріс

Тақырып: XVIІІ ғ. II жартысы - XIX ғ. басындағы Азиялық Араб елдері.

Дәріс мазмұны: ХҮІІІ ғ. – ХІХ ғ. басындағы Аравия. Азияның Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Араб тайпаларының біріктірушілік қозғалыстары. Ваххабиттердің діни ілімі. Басқа княздықтарды біріктіру үшін Саудидтер династтиясының күресі. ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басындағы Ирак және Левант елдері және олардың Осман езгісінен азаттығы үшін күрес. Шаруалардың антифеодалдық қозғалысы. Аравиядағы ағылшын және француз отаршылдарының экспаниясы. Түрік бақылауын қалпына келтіру әрекеттері.

Дәріс мақсаты:XI- XV ғ.ғ. көрсетілген уақыт арасындағы халықаралық жағдайдағы араб елдерінің орынын түсіндіру.

Негізгі түсініктер:бахрейлік мамлюктер, джихат, реконкиста

Аравия түбегі араб әлемінің неғұрлым артта қалған аймағы болды. Феодалдық қатынастар мұнда алғашқы қауымдық құрылыс және неғұрлым кеңінен таралған құлдықпен қатар жүрді. ХҮІ ғ. өзінде-ақ зор маңызға ие болған, негізінен арабтар қоныстанған: Сирия, Ливан, Палестина, Ирак, Хиджаз, Йемен, Египет, Триполи, Алжир, Тунис және т.б. Осман империясының құрамында болды. Араб облыстарынан тек Марокко, сонымен қатар Аравияның оңтүстік-шығыс бөлігі және ішкі бөлігі ғана түріктердің үстемдігін мойындаған жоқ. Түрік басқыншылығының феодалдық езгісі араб қалаларының қарсылығын туғызды. Каир, Дамаск, Багдад, Бейруттың араб көпестері мен қолөнершілері түрік пашалары тарапынан тонауға ұшырады. Бұл кезде Батыс Европа елдерінде мануфактураға, ал мануфактурадан фабрикаға өту аяқталса, араб елдерінде мануфактура бастапқы жағдайында болды; өнеркәсіп өндірісінің маңызды формасы ортағасырлық цехтық қолөнер болды. Қолөнер өнеркәсібінің неғұрлым ірі орталықтары Сириядағы Дамаск және Алеппо, Ирактағы Багдад және Мосул, Египетте Каир, Солтүстік Африкада Тунис, Алжир, Тлемсен, Фес, Марракеш болды.

Орта және жаңа дәуірдің тоғысқан тұсында араб қалалары өздерінің қолөнер бұйымдарын – жібек маталарымен, мақта және шұға, кілемдерімен, қару-жарақтарымен, мыс ыдыс-аяқтарымен, сәндік бұйымдарымен аты шықты.

Осман басқыншылығының және олардың араб вассалдарының езгісі Осман империясының араб халқының сансыз көп көтерілісін туғызды. Араб феллахтары ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ. басында Осман империясын қамтыған шаруалар соғысына белсенді қатынасты. Арабтардың партизан отрядтары түріктермен Сирия және Иракта шайқасты. ХҮІІІ ғ. Сирия, Ливан және Ирактағы түріктерге қарсы бірқатар күшті көтерілістермен ерекшеленді. Төменгі және Ортаңғы Ефрат аңғарын қамтыған арабтардың мунтифак тайпаларының көтеріліс 11 жылға (1690-1701 ж.ж.) созылды.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. араб халқының түрік езгісіне қарсы азаттық қозғалысы олардың тәуелсіздікке ұмтылысын бейнеледі. Балкан және Закавказье халықтарының азаттық қозғалысымен бірге олар Осман империясын шайқалтып, түрік феодалдық жүйесінің дағдарысын шиеленістірді.

Түріктерге қарсы күресте Орталық Аравияда ХҮІІІ ғ. 40 ж.ж. пайда болған ваххабиттер қозғалысы ерекше роль атқарды. Бұл қозғалыс өз атауын ваххабизмнің негізін салушы Мұхаммед ибн Абд аль-Ваххаб (1703-1787 ж.ж.) есімінен алады. Формасы жағынан ваххабиттік қозғалыс – діни қозғалыс болды. Мұхаммед ибн Абд аль-Ваххаб бірқұдайлыққа сенуді жақтап, исламды сырттан енулерден тазарту, идолдарға сенуге қарсы шықты. Мұхаммед пайғамбарды жоққа шығарып, Мекке және Медина сияқты қасиетті орындарға табынуды жақтаған жоқ. Ваххабиттер идеологиясында маңызды орынды «қасиетті соғыс» - джихад идеясы алды. Ваххабизмнің түріктерге қарсы бағытының негізгі мақсаты түріктерді Аравиядан қуу және біртұтас араб мемлекетін құру болды.

1786 ж. ваххабизм Неджда (Орталық Аравияда) толық жеңіске жетті, мұнда Саудидтер династиясының басшылығымен салыстырмалы ірі феодалдық мемлекет құрылды. Мұхаммед ибн Абд аль-Ваххаб өлімінен кейін бұл мемлекет теократиялық сипат алды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында Араб елдері қай елдің құрамында болды?

  2. ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейі қандай болды?

  3. Араб елдеріндегі Осман езгісіне қарсы көтерілісі қандай сипат алды?

  4. ХҮІІІ ғ. 40 ж.ж. пайда болған Орталық Аравиядағы қозғалыс?

  5. Ваххабизмнің негізін салушы?

  6. Ваххабиттер идеологиясында маңызды орынды қандай идея алды?

  7. Ваххабиттер қандай аймақтарға таралды?

  8. Мұхаммед ибн Абд аль-Ваххаб өлімінен кейін оның мемлекеті қандай сипат алды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стран Азии и Африки в средние века Част 1;2 М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение. М.,1980 г.


9 дәріс

Тақырып: ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басындағы Африканың Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Египеттегі саяси жағдай. Аграрлық қатынастар. Египеттің мамлюк билерінің түрік үстемдігіне қарсы күресі. Египетке Н.Бонапарт экспедициясы және француз басқыншыларына қарсы Египет халқының күресі. Мұхаммед Алидің билікке келуі. Осман империясымен әскери шиеленіс. Египет дағдарысына европалық державалардың араласуы.

Тунис. Хусейнидтер династиясы – Османдық Порта вассалы. Тунис үшін ағылшын-француз қарама-қайшылығы. Тунистің жартылай отарға айналуы.

Марокко. Түрік-османдарға бағынбаған жалғыз ел. Сұлтан Мулай Исмаил (1672-1727 ж.ж.) кезіндегі Марокконың орталықтандырылуы. Франк-мароккан шиеленісі.

Алжир. Алжирдегі Осман сұлтандары билігінің әлсіздігі. Францияның басып алуы. Абд Аль-Кадир жетекшілігімен болған азаттық күрес.

Ливия. Осман империясы құрамындағы Ливия. 1830 ж. Франциямен тең емес келісім, оның салдарлары. Танзимат принциптеріне негізделген реформалар.

Негізгі түсініктер:

XVІ ғ. басында Араб елдері Түрік басқыншыларына тап боды. Месопатамияны жаулап алғаннан кейін Селим І мамлюк сұлианының қолындағы Сирия, Ливия және т. б. араб территорияларын басып алуға кірісті. Барлық аудандарда дерлік антитүріктік қозғалыстар өрістейді. 1517 ж. Түрік әскерлері Каир қаласын басып алады. Египеттің жаулануымен оған бағынышты Хиджаз ауданына сұлтан билігіне қарайды. Сөйтіп Түркия әскері Иракқа қарай бет алады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. ХҮІ ғ. түрік сұлтаны басып алған территориялар?

  2. Түрік билеушілері кезінде Сирия неше провинцияға бөлінді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение.М.,1980 г.

История Востока .Рыбаков. М,.1994
10 дәріс.

Тақырып: ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Азияның Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Азияның Араб елдері – Ирак,Сирия, Ливан, Палестинаның ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы саяси және экономикалық дамуы. Иракпен салыстырғанда Левант елдерінің қолайлы жағдайы. Түркия территориясы арқылы Германияның Бағдад теміржолын салуы. Германияның Сирия, Ирак және Палестинаны отарлауы. Саудидтер мемлекетінің Египет және Түркиямен күресі. Оңтүстік Аравия – Йемен (Саба, Химьярит мемлекеті) Осман империясы билігінде. Аравия түбегіндегі Англияның отарлық агрессиясы. Оман – Аравияның шығысындағы мемлекет. Маскат (Оман сұлтандығы) және және Шартты Омандағы (қазіргі БАӘ) Англия позициясының нығаюы. ХҮІІІ ғ. оратсындағы Кувейт шахтарының Осман империясынан тәуелсіздігі. Ағылшын бақылауының орнатылуы.

Дәріс мақсаты: Елде қалыптасқан саяси жағдайды сипаттай отырып сепаратистік қозғалыстардың өрістеуінің себебін ашып көрсету.

Негізгі түсініктер:

Түрік жаулаушылығы елде қалыптасқан әлеуметтік экономикалық қатынастарға айтарлықтай өзгерістер енгізген жоқ. Тек елдегі саяси билік мамлюктер қолынан түрік билеушілерінің қолына көшті. Египет пашалық болып жарияланып жартылай тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрді. Араб елдерінде жоғарғы билікті Стамбулдан тағайындалатын паша атқарды. Ол мемлекеттік билікті диван арқылы жүргізіп отырды.Жергілікті басқару билігін мамлюктік әмірлер мен бейлер өз қолдарында сақтады.

Адамзат тарихының қазіргі заман тарихы басталуы кезеңінде Африканың араб елдері Англияның (Египет, Судан), Францияның (Алжир, Тунис, Марокко), Испанияның (Марокконың бір бөлігі) отарлары болды. Батыс Азияның араб елдері Осман империясының құрамына қосылды. Арабтарды өз жағына тартуға ұмтылған Англия І д.ж. соғыс кезінде де соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекеттерін құруға уәдесін береді. Алайда өз уәделерін орындамай, 1916 ж. мамырда құпия ағылшын-француз келісіміне қол қойылып, ол бойынша Ирак (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда – Францияның үстемдігі орнатылады. Палестина Антанта елдерінің бірігіп басқарылуына беріледі. І д.ж. соғыс Осман империясының толықтай құлдырауына алып келеді, бірақ дербес тәуелсіз мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде қалыптасады. І д.ж. соғыс яақталғаннан кейін империалистер Араб елдерінде де өз үстемдіктеріннығайту үшін Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесін пайдаланады: Ирак, Трансиордания, Палестина Англияның иеліктеріне, Сирия және Ливан – Францияның иеліктеріне айналады. Англия Аравия түбегінің бірқатар князьдықтарына бақылауын күшейтеді. Палестина Англияның мандаттық территориясы деп жарияланғанымен палестинаның барлық мемлекеттік саясаты 1917 ж. 2 қарашадағы Палестинада “еврей халқы үшін ұлттық ошағын” құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы Бальфур декларациясы арқылы анықталады. Бальфур декларациясына Ақш, Франция және Италия үкіметтері қосылады. Англия Палестинаға еврей капиталының енуіне және еврейлердің иммиграциялануына кең түрде қолдау көрсетіп отырады.

Империалистік державалардың үстемдігінің орнатылуы арабтардың бостандық және тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтата алмады. 1919 жылы наурызда Египеттің жұмысшылардың, студенттердің, феллахтардың көтерілісі басталады. Әсіресе Каирдағы желтоқсан көтерілісі өте қауіпті болды. Сирия халқының ұлт-азаттық күресі 1925-1927 ж.ж. ең шырқау шегіне жетеді. Қозғалыстың басталуына 1925 жылы шілдеде Джебель-Друз таулы облысындағы шаруалар көтерілісі себеп болады.

ІІ д.ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды.

Дүниежүзілік тарихтың жаңа кезеңі қарсаңында Осман империясы Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінен қоғамдық даму деңгейі бойынша әлдеқайда артта қалды. Англия, Голландия және басқа да европалық мемлекеттерде буржуазиялық тәртіп орнаған мезгілде, Осман қоғамында феодалдық қатынастар одан әрі нығайа түсті. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Осман империясындағы экономикалық жағдайдың маңызды бөлігі қаржылық қиыншылықтардың өсуімен байланысты болды. Ол бірқатар себептермен, оның ішінде қазынаға салық мөлшерінің аз түсуімен сипатталды. ХҮІІІ ғ. ортасында орыс дипломаттарының есептеуінше, мемлекеттік қазына жылына оған тиесілі салықтың 1/5 – бөлігін ғана алған. Мемлекеттік түсімнің қысқаруы бағалы металдардың жетіспеуіне алып келді. 1652 жылы бюджет дефициті 120 млн. акчені, 1661 жылы – 175 млн. акчені құрады. ХҮІІ ғ. аяғында үкімет шығыны түсімнен 1,5 есе асып түсіп, ал бюджет дефициті 200 млн. акчені құрады.

ХҮІІІ ғ. Осман империясының әскери-экономикалық жағынан әлсіздігі оның халықаралық жағдайын қиындатты. Порта европалық мемлекеттердің ықпалына түсе отырып, біртіндеп сыртқы саясатындағы өзінің дербестігінен айырыла бастайды. Сол кезде Портаға Англия мен Франция өкілдерінің позициясы неғұрлым жоғары болды. Терең қарама-қайшылықтарға қарамастан, екі держава да Стамбулда сұлтан үкіметін Ресей саясатына қарсы қою мақсатында бірдей қызмет атқарды. Осман империясының көптеген билеушілері соғыс ішкі мәселелерді шешеді деп есептеп, европалық дипломаттармен келісімге келіп отырды.

1768-1774 ж.ж. орыс-түрік соғысы империяның сыртқы саясатының тұрақсыздығының және ішкі саясатының әлсіздігінің жарқын көрінісі болды. Францияның қолдауымен Порта Польшаның ішкі істеріне аралысып, үлкен мөлшерде армиясын мобилизациялады. Соғыстың аяқталуына байланысты жасалған Күшік-Қайнаржар бейбіт келісімі (1774 ж.) Осман империясына сияқты Ресей үшін де зор маңызға ие болды. Бұл келісім бойынша Россияға Қара теңізде сауда кемелерін жүргізуге және орыс саудагерлеріне сауда жасауға жеңілідктер берілді. Қырым Стамбулдан тәуелсіз деп жарияланды. Порта тұңғыш рет мұсылмандар қоныстанған территориялардан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар Осман империясының әскери әлсіздігіне байланысты түріктерді Европа территориясынан толықтай қуу және «осман иеліктерін» бөлу туралы мәселе қойылды. Бұл жоспарларды ұсынушы Ресей императрицасы Екатерина ІІ болды. Англия, Франция және басқа да европалық державалар Осман империясының «біртұтастығын және қол сұғылмауын» жақтап, Россияның құдіреттілігінің жылдам өсуінен және оның Балканға және Жерорта теңізінен 70ж. саяси дағдарыс. Түрік буржуазиясының даму ерекшеліктері. Македония, Албания, Иеменде ұлт-азаттық күрестердің күшеюі. 1907 ж. Париж съезі. Италия-Түркия және Балкан соғыстары. Герман-түрік қатынастары және І дүниежүзілік соғысқа Түркияның қатысуы. Соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар. Шығыс және Батыс майдан. Түрік армиясының жеңіліске ұшырауы. Мудрос келісімі.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында Азияның Араб елдері қандай империалистік державалар арасында бөліске түсті?

  2. Аталған аймақтардағы басқару жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Аравия түбегіндегі Англияның отарлық агрессиясы туралы не айтасыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение.М.,1980 г.

История Востока .Рыбаков. М,.1994
11 дәріс.

Тақырып: Африканың Араб елдерін отарлау.

Дәріс мазмұны: Египетте европалық қаржы бақылауының орнатылуы. Араби-паша көтерілісі қарсаңындағы Египет. Ахмед Араби-паша жетекшілігімен болған азаттық көтеріліс. Египет экономикасына шетелдік монополистік капитал үстемдігі. Судандағы Махдистер көтерілісі және Англияның Суданды басып алуы. Итальян агрессиясына қарсы Ливия халқының күресі. Лозанн келісімінің шарттарын мойындаудан Ливияның бас тартуы. Францияның Тунисті басып алуы. Мемлекеттік отарлық құрылымының құрылуы. 1883 ж. франк-тунис конвенциясы. Протекторат режимінің қалыптасуы. ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1870-1871 ж.ж. француз революциясының алжирлік ұлт-азаттық қозғалысқа ықпалы. 1871 ж. Алжирдегі ұлт-азаттық көтеріліс. Француз империализмінің езгісіндегі Алжир. ХІХ ғ. 60 ж.ж. Марокконың формальды тәуелсіздігі. 1880 ж. Мадридтегі марокко мәселесі бойынша халықаралық конференция. Марокконы Францияның басып алуы. 1907-1912 ж.ж. Мароккодағы көтеріліс.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер: Порта, сепаратизм, регенство,деградация.

ХҮІІ ғ. Портаның араб провинциялары құлдырау кезеңіне аяқ басты. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. көптеген араб елдерінде тәуелсіз феодалдық діни мемлекеттік құрлымдар пайда болды. Солтүстік Африкаға қатысты европалық құжаттарда оларды регенстволар деп атаған. Олардың ішінде мамлюктік Египет эмиратын, дейлік алжирді, Хиджаз шерифатын, Ирактағы мамлюктік Хасанидтер мемлекетін, зейдтер имаматын атап көрсетуге болады. ХХ ғ. басында отарлар мен жартылай отарлардағы ұзаққа созылған отаршылдық, езілген халықты аяусыз тонау Шығыс елдерінің экономикасын айтарлықтай тұралатты. Империализмге тәуелді Шығыстың барлық елдері артта қалған, аграрлы, көп салалы ел болды.

ХХ ғ. басында халық шаруашылығының басты саласы - жер шаруашылығы болды. Ауылшаруашылық өнімінің үлесі 90 пайызды құрады. Азия және Африка елдерінде жер шаруашылығымен халықтың 85-90 пайыздан астамы айналысты. ХХ ғ. басында империалистік державалар Африкада барлық территорияның 90,4 пайызын, Поинезияда - 98,9, Азияда - 56,6, Америкада - 27,2 пайызын иеленді. Азияда тек Қытай, Түркия, Парсы, Ауғанстан ғана отаршылдылық тәуелділікке түспесе, Африкада - Эфиопия, Египет тәуелсіздіктерін сақтағанмен олар да отаршыл державаларға тәуелді болды. 1914 ж. Отарлардың жалпы көлемі - 74,9 млн. км.2 , халқы - 568,7 млн. адамды құрады. ХХ ғ. басындағы империалистік қарама-қайшылықтардың шиеленсіуі бірқатар соғыс ошақтарының пайда болуына алып келді. Өткен ғасырдың 80-90 ж. Бастап-ақ герман империализмі Африкадағы белсеенділігін күшейтті. Африка континентінің батысында герман империализмі 1905-1906 жж. Камерунды, бір жылдан кейін Тогоны отарлауын аяқтады. Германия, ал ХХ басында Италия "бұрынғы" отарлық державалар - Англия мен Францияның басты қарсыласына айналды. Империалистік қарама-қайшылықтар көптеген отаршылдық соғыстардың себебіне айналды. 1898 ж. Американ-испан соғысының нәтижесінде АҚШ Испанияны жеңіліске ұшыратып, Филиппинді, Пуэрто-Риконы, Гуамды басып алып, Кубаға, Гавай аралдарына үстемдігін орнатады. 1899 ж. АҚШ Германиямен бірге Самао аралын бөлісіп алады. 1905 ж. Патшалы Ресейдің жеңілісімен аяқталған орыс-жапон соғысы оны Кореядан және Солтүстік-Шығыс Қытайдан айырды. Ақырында, империалистік қарама-қайшылықтар 1914-1918 жж. Дүниежүзілік соғысқа алып келеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Араб провинциялары қаншалықты орталық билікке тәуелді болды?

  2. Египетте тәуелсіз мамлюктер мемлекеті қашан пайда болды?

  3. 1957ж. дейін іс жүзінде тәуелсіздігін сақтап келген магрибтік монархия?

  4. Африканың Араб елдері қандай империалистік державалар арасында бөліске түсті?

Ұсынылатын әдебиеттер:

О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

История стран Азии и Африки в средние века М.,1968 г.275-289беттер.

Средневековой Восток: история, культура источника-ведение.М.,1980 г.

История Востока .Рыбаков. М,.1994

Арабские страны. Турция, Иран, Афганистан. М.,1973.

Губер А.А. Новая история Азии и Африки.М.,1979.

Новая история стран Азии иАфрики XVI-XIX века под ред. Родригеса..М.,ч 1,2,3.2004г.


12 Дәріс

Тақырып: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Таяу Шығыстың Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Осман империясының араб территориясын соғыстан кейінгі бөлуі. Ирактағы британ отаршылдарының саясаты және ирак халқының азаттық күресі. Трансиорданияның құрылуы. Палестинаның британ отарына айналуы. Сауд Аравиясының құрылуы.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

Адамзат тарихының қазіргі заман тарихы басталуы кезеңінде Африканың араб елдері Англияның (Египет, Судан), Францияның (Алжир, Тунис, Марокко), Испанияның (Марокконың бір бөлігі) отарлары болды. Батыс Азияның араб елдері Осман империясының құрамына қосылды. Арабтарды өз жағына тартуға ұмтылған Англия І д.ж. соғыс кезінде де соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекеттерін құруға уәдесін береді. Алайда өз уәделерін орындамай, 1916 ж. мамырда құпия ағылшын-француз келісіміне қол қойылып, ол бойынша Ирак (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда – Францияның үстемдігі орнатылады. Палестина Антанта елдерінің бірігіп басқарылуына беріледі. І д.ж. соғыс Осман империясының толықтай құлдырауына алып келеді, бірақ дербес тәуелсіз мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде қалыптасады. І д.ж. соғыс яақталғаннан кейін империалистер Араб елдерінде де өз үстемдіктерін нығайту үшін Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесін пайдаланады: Ирак, Трансиордания, Палестина Англияның иеліктеріне, Сирия және Ливан – Францияның иеліктеріне айналады. Англия Аравия түбегінің бірқатар князьдықтарына бақылауын күшейтеді. Палестина Англияның мандаттық территориясы деп жарияланғанымен палестинаның барлық мемлекеттік саясаты 1917 ж. 2 қарашадағы Палестинада “еврей халқы үшін ұлттық ошағын” құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы Бальфур декларациясы арқылы анықталады. Бальфур декларациясына АҚШ, Франция және Италия үкіметтері қосылады. Англия Палестинаға еврей капиталының енуіне және еврейлердің иммиграциялануына кең түрде қолдау көрсетіп отырады.

Империалистік державалардың үстемдігінің орнатылуы арабтардың бостандық және тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтата алмады. 1919 жылы наурызда Египеттің жұмысшылардың, студенттердің, феллахтардың көтерілісі басталады. Әсіресе Каирдағы желтоқсан көтерілісі өте қауіпті болды. Сирия халқының ұлт-азаттық күресі 1925-1927 ж.ж. ең шырқау шегіне жетеді. Қозғалыстың басталуына 1925 жылы шілдеде Джебель-Друз таулы облысындағы шаруалар көтерілісі себеп болады.

ІІ д.ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың бірінші кезеңінде әсіресе Францияның жеңілісінен кейін, отарларда антиимпериалистік қозғалыстар кеңінен жүреді. Мысалы, 1940 жылдың ІІ жартысында Египетте офицерлер арасында қарсылықтар күшейсе, 1941 жылы сәуірде Иракта ағылшындарға қарсы офицерлер төңкеріс жасайды. Сирия соғысқа Францияның мандаттық территориясы ретінде араласады. 1939 жылы 2 қыркүйекте ол «әскери аймақ» деп жарияланады. 1941 жылы шілдеде Сирияны одақтастар әскері басып алады. Генерал де Голль Сирияны басқаруды ағылшын бақылауына беруге келісімін береді. 1941 жылы 27-қыркүйекте Сирияның тәуелсіздігі жарияланып, бірақ бұл тәуелсіздік «соғыс кезеңіндегі талаптарға» байланысты шектеулі болатындығы айтылады. 1944-1945 ж.ж. Араб елдері Лигасы құрылады. 1945 жылы ақпанда Египет формальды түрде Германия мен Жапонияға соғыс жариялайды, бұл оған 1945 жылы мамыр-маусым айларындағы БҰҰ құрған конференцияға қатысуға құқық береді.

ІІ д.ж. соғыс аяқталғаннан кейінгі елдің ішкі және сыртқы саясаты жаңа, мұнай, факторының ықпалымен анықталды. Бірнеше жылдың ішінде ғана кедей корольдік қуатты мұнай экспорттаушы елге айналады. 1945 жылдың аяғында АРАМКО (Араб-американ компаниясы) мұнай өнеркәсібінің төрт ірі орнын – Даммамада, Абу-Хадриде, Абкайкада және Эль-Катифта ашады. 1951 жылы мамыр айында Парсы шығанағындағы құрлықтық шельфтегі ірі мұнайлы резервуар – Сафания табылады. 1950 жылы д.ж. ең ірі құрлықтағы мұнай кен орны – ұзындығы шамамен 240 км., ені 35 км. Гавар ашылады.

1953 жылы 9 қарашада Эт-Таифте король Абдаль азиз ибн Сауд қайтыс болады. Ол өз өмірінде бірнеше ондаған заңды әйелге ие болып, өзінен кейін 34 ұрпақ қалдырады. Монархтың тікелей ұрпақтарының жалпы саны 300 адамнан асты. Қаралы күнге жиналған жүздеген мұрагерлері Саудқа король ретінде және Фейсалға тақтың мұрагері ретінде ант береді. Жаңа король Фейсалға премьер-министр орынбасары және сыртқы істер министрі қызметін береді. Туыстас ағайындар арасындағы билік үшін күрес Абдальазиз ибн Сауд өлімінен кейін де жалғасып, өмір бойы жалғасып келеді. Король Сауд иьн Абдульазиз әкесі сияқты тлантты болған жоқ. Мемлекеттік аппаратта парақорлық кең өріс алып, ел экономикалық дағдарыс шегінде тұрды.

Ағылшын-француз-израиль агрессиясы кезеңінде Эр-Рияд Каирдіқолдады және жеңілуші жаққа әскери көмек көрсететуге дайындығы туралы жариялайды. Сауд Ұлыбритания және Франциямен дипломатиялық қатынастарын үзіп, өзінің бұрынға батыстық одақтастарына мұнай жіберуін тоқтатады және Египетке көмек ретінде үлкен көлемде сумма жібереді.

1958-1964 ж.ж. Сауд Аравиясының билеуші топтары дағдарысқа тап болады. Саудидтер тобының бір бөлігі және жетекші улемдер сарай төңкеріс жасау қажеттілігіне мүдделі болды. 1958 жылы 24 наурызда Фахд ибн Абдульазиз бастаған бір топ корольге билікті Фейсалға беру, қазынаны тонаудан қорғау туралы ультиматумдытапсырады. Король еш қарсылық танытпай, Фейсал өзінің қолына барлық әкімшілік билікті шоғырландырып, премьер-министр болады.

Билік үшін созылған өзара күресте саяси аренада Саудидтер әулетінен шыққан басында ханзада Таляль ибн Абдульазиз болған насерлік бағыттағы жас «еркін әмірлер» тобының пайда болуы шешуші роль атқарды. 1960 жылы 21 желтоқсанда король Фейсалды биліктен шеттетіп, өзіне кабинет басшысы міндеттерін алады және ханзада Теляль мен оның жақтастарын маңызды министрлік қызметтерге тағайындайды. Сауд Аравиясының билеуші тобында билік үшін күресте қарсыласушы үш орталық пайда болады.

1962 жылы наурыз айында монархтың денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ол ресми түрде Фейсалды қайтадан үкімет басшысы етіп тағайындайды. Таляль және оның жақтастары Каирге эмиграциялануға мәжбүр болады.

1962 жылы қазан айында Фейсал БҰҰ-ның саудтық делегациясын бастап Нью-Йоркке барады. Ақ үйге сапары барысында АҚШ-ның қолдауына арқа сүйейді. 31 қазанда ол жаңа үкімет құрып, феодалдық режимнің сақталуы және нығайтылуын қарастырған бағдарламаны жариялайды. 1962 жылы 7 қарашада арнайы декрет арқылы құлдық жойылады.

1963 жылы 1 қаңтарда Фейсал үкіметі елде әскери жағдай енгізіп, реформистік бағыттағы опппозицияны жазалауды бастайды. Сәуір айында Европадан емделіп келген Сауд оқшауланып қалады. Монархтың 39 жақын туыстары оған ультиматум жариялайды. Барлық билікті Фейсалға беруді талап етіп, Сауд тағы да номинальды түрде король атана отырып, елді тастап кетеді. Король кеткеннен кейін Фейсал оның балаларын үкіметтік қызметтерден босатып, оларды өзінің үш інілері – Халид, Фахд және Султанмен алмастырады.

1964 жылдың басында Эр-Риядқа оралған Сауд мемлекетке бақылау орнатуды өзіне қайтару үшін бірқатар әрекеттер жасайды. 29 наурызда улемдер барлық билікті Фейсалға беру туралы шешімді қолдайды. Осыдан кейін Министрлер Кеңесі Ұлттық (корольдік) гвардияға монархтың бақылауын шектейді. 68 ханзада билікті Фейсалға беру туралы өтінішке қол қояды. 2 қарашада үкімет Фейсалды король деп жариялаған шешімге қол қояды. 4 қарашада Сауд тақтан бас тартып, 1965 жылы қаңтар айында түпкілікті елді тастап кетеді.

1967 жылғы маусым айындағы соғыстағы Египеттің жеңілісі Сауд Аравиясының араб әлеміндегі позициясын күшейтті. 31 тамызда Хартумдағы араб елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында король Фейсал Израиль әрекетінен неғұрлым жапа шеккен елдер ретінде Египет пен Иорданияға 50 млн ф. стерл. көлемінде көмек көрсетуге келіседі.

1970 жылғы 28 қыркүйектегі Г.А.Насер өлімі Фейсалды араб әлеміндегі жетекшілік үшін күресін жандандыруға мәжбүр етті. Өз тарапынан Египеттің жаңа президенті А.Садат Сауд Аравиясымен көзқарастарын жақындастыруға мүдделі екендігін танытады. 1971 жылғы маусым айындағы корольдің Египетке сапарынан кейін Сауд Аравиясы Каирге 30 млн ф. стерл. Көлемінде көмек көрсетіп, жыл сайынғы қаржылай көмек көлемін арттыруға уәде береді.

1973 жылы 6 қазанда басталған араб-израиль соғысы барысында Сауд Аравиясы басшылығы израильге қарсы бағыт ұстану қажеттілігінен бас тарта алмайды. 9 қазанда сауд үкіметі армияны әскери дайындық жағдайына әкеліп, 14 қазанда әскери бөлімді Сирияға көмекке аттандырады. 17 қазанда мұнай өндіруге бес пайыздық эмбарго енгізу және АҚШ-на мұнай жеткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

1975 жылы 25 наурызда мұсылман мейрамын өткізу кезінде король Фейсал өзінің Америка университетінде білім алған жиені Фейсал ибн Мусаид қолынан қаза табады. Бұл өлімнің себептері әлі де ашылмаған күйінде қалып отыр. Король тағын бір мезгілде министрлер кабинетінің басшысы болған Халид иеленеді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған мұрагер ханзада Фахд анықтайды. Корольдіктегі үшінші тұлға Ұлттық гвардияны басқарушы Абдалла ибн Абдальазиз болды.

Эр-Рияд өзінің сыртқы одақтастарына қатысты саясатында тұрақты позицияны иеленуге тырысады. 1975 жылы Ливанда соғыс басталған кезеңде билеуші әулет оңшыл христиандық құрылым мен Палестиналық қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетіп, екі жақты позиция ұстанады. Алайда Египет президенті Израильмен сепараттық келісім жасау бағытын ұстанып, 1977 жылы 19 қарашада оккупацияланған Иерусалимге баруы, ал 1979 жылы 26 наурызда Кэмп-Дэвид бейбіт келісіміне қол қойуы кезінде Эр-Рияд бірінші болып Каирмен дипломатиялық қатынастарын үзеді және оған қаржылай көмек көрсетуін тоқтатады.

1977 жылы король Халид пен президент Форд арасында жасалған келісім американ-сауд қатынастарын нығайтады. Сауд Аравиясы 1984 жылға дейін мұнай бағасын 5 пайыздан артық көтермеуге міндеттенеді. АҚШ, өз кезегінде, корольдікке сыртқы агрессия жағдайында әскери көмек көрсетуге кепілдік береді. 1980 жылы Эр-Рияд АҚШ-нан 22 млрд. долларға қару-жараққа тапсырыс береді, ал 1981-1982 ж.ж. елдің әскери бюджеті 25 млрд. долларға жетеді.

1981 жылы 4 ақпанда Сауд Аравиясы астанасындағы кездесуде Парсы шығанағының араб елдерінің ынтымақтастық Кеңесін (ССАГПЗ) құру туралы шешім қабылданады. Оның құрамына Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман және Сауд Аравиясы кіреді. Кеңес мүшелері соғысушы Иракқа қаржылай көмек, саяси және моральдық қолдау көрсетеді.

Бесінші таяушығыс соғысы – Израиль әскерлерінің Оңтүстік Ливанға енуі кезінде (1982 жылы, маусым) Сауд Аравиясы бейтараптылық позициясын ұстанады.

1970 ж. ортасында Сауд корольдігінің мемлекеттік билік құрылымы қазіргі кезге дейін өзгермеген сипат алады. Ел үкіметі негізінен король отбасы мүшелерінен қалыптасады. Оның жанында король тағайындаған 50-70 мүшеден тұратын Кеңесуші (Консультативтік) Кеңес болды.

1982 жылы 13 маусымда Халид өлімінен кейін Сауд Аравиясының королі болып Фахд ибн Абдальазиз ас-Сауд жарияланады. Мұрагер ханзада Абдалла ибн Абдальазиз ас-Сауд болды.

Сауд Аравиясының мұнайдан түсетін табысы 1973 жылы 4,3 млрд долларды құрады. 1970 жылғы мұнай бүлігі есебінен 1981 жылы 118 млрд долларға жетеді.

1981 жылы басталған мұнайға д.ж. сұраныстың және бағаның төмендеуі Сауд Аравиясы мұнайының өндірілуінің 1980 жылғы рекордтық 9 баррельден 1985 жылы 2,3 баррельге дейін қысқаруына алып келді. Мұнай экспортынан түскен табыс сәйкесінше 101 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін қысқарды. 1982-1985 ж.ж. валюта қоры 40 млрд. долларға азайды. Корольдікте дағдарыс ретінде анықталған бұл экономикалық құлдырау көптеген ішкі саяси, әлеуметтік және этноконфессиональдық қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

1980 ж. аяғы – 1990 ж. басында экономикалық дағдарыстың салдарлары толығымен жойылған жоқ, бірақ ішкі қиыншылықтар сыртқы қауіпке жол беруі тиіс болды. 1990 жылы 2 тамызда Кувейт территориясына ирак әскерлерінің енуіне байланысты «шығанақтағы соғыс» басталады. Оккупация қаупі Сауд Аравиясына да төнеді. Король Фахд АҚШ-нан көмек сұрайды. Сол кезде С.Хуссейнге қарсы араб коалициясын құру үшін достық араб елдерімен байланыстар жандандырылады.

Иракпен соғыс ел экономикасына да әсер етпей қоймайды. Жалпы алғанда, мамандардың бағалауы бойынша, бұл соғыс елге шамамен 70 млрд доллар шығын әкелген. Мүмкін осыған байланысты аймақта қауіпті жағдай сақталған. Сауд Аравиясы 1996 жылы өз бюджетін 13,2 млрд долларға, ал қарулы күштерінің санын – 105,5 мың адамға дейін арттырады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесі қай елдерге орнатылды?

  2. Бальфур декларациясының мәні неде?

  3. Араб елдеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің жүру барысы туралы не айта аласыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Зарин.В.А. Запад и Восток в мировой истории. М.,1991.

Зеленеев.Е.И. Египет:средние века и новое время. М.,1999.

Национально-освободительное движение в Азии и Африки.М.,1967.

Левин.З.И. РАзвитие обшественной мысли на Востоке (XIX-XX)

М.,1993.


Новая история стран Азии и Африки. М.,1998.

Л.С.Васильев. История Востока. М.,1998-2000.


13 Дәріс

Тақырып: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Солтүстік Африканың Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Египеттің Ұлыбританияның жартылай отарына айналуы. 1919-1921 ж.ж. Египет көтерілісі. Вафд партиясы. Британ протекторатының жойылуы және Египеттің формальды тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі. 1922 ж. конституция. Тәуелсіздік туралы Декларация. 1923 ж. парламент сайлауы. Судан үшін ағылшын-египет қарама-қайшылығы. Англиямен жаңа одақтық келісім. Саад партиясы. Мемлекеттік төңкеріс. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Египет.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

Басқару формасы мен территорлық құрылымы: Джамахирия (елде классикалық басқару формалары қалыптаспаған, заң шығару құқығы мүшелері барлық ер жеткен ел тұрғындары болып табылатын алғашқы Халықтық жиналыстар). 25 муниципалитеттен тұратын унитарлы мемлекет. Мемлекет басшысы – Революциялық басқарма хатшысы. Заң шығарушы орган – Халықтық конгресс. Астанасы – Триполи (2,0 млн. адам).

643 жылдан бастап елді арабтар жаулап алады, содан соң қазіргі Ливия территориясы Оттоман империясының бөлігіне айналады. 1911 жылдан – Италия отары. 1943 жылы ел Франция мен Ұлыбританияның біріккен басқаруына көшеді. 1951 жылы 24 желтоқсанда Ливияның тәуелсіздігі жарияланады.



Географиялық орналасуы: Солтүстік Африканың орталық бөлігі. Атлант мұхитының жағалауы. Алжирмен, Тунис, Нигер, Чад, Судан және Египетпен шектеседі.

Жер көлемі: 1 759,5 мың км2.

Халқы: 5,8 (9,2) млн. адам. Ливиялықтар (арабтар мен берберлердің ұрпақтары) - 97%, гректер, итальяндықтар.Тығыздығы: 3 адам/км2.

Мемлекеттік тілі: араб, итальян, ағылшын тілдері де қолданылады.

Ақша бірлігі: ливиялық дирхем. 1 евроға 1,6.

Итальян-герман әскерилерінің Солтүстік Африкадағы жеңілісінің нәтижесінде Ливия территориясы ағылшын және француз әскери билеушілерінің бақылауына көшеді. Британдықтар әрқайсысында оккупациялық әкімшілік орныққан Киренаика мен Триполитанияны «дербес» провинцияларға айналдырады. Ағылшындықтар Ливия провинцияларын бір-біріне оқшаулауға ұмтылады. Феццанда француздық әкімшілік орнығады. Әскери қимылдар нәтижесінде онсыз да әлсіз Ливия экономикасы құлдырауға ұшырайды.

Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар толқыны Ливияға да жетеді. 1945 жылы Триполиде ондаған мың ливиялықтардың қатысуымен бірнеше демонстрациялар өтеді. Кейіннен партияға айналған бірнеше астыртын саяси ұйымдар пайда болады. Мысалы, 1946 жылы Біріккен ұлттық майдан (БҰМ), Ұлттық партия, Еркін ұлттық блок, Египеттік-Триполитандық одақ және т.б. пайда болады. 1947 жылы «лейбористік партия», бір жылдан кейін «либеральдық партия» пайда болады. Алайда олар халықтың қалың тобымен кең түрде байланыс жасамайды, оларда билік үшін жетекшілік қарама-қайшылығы орын алады.

Сонымен қатар ағылшындықтар Киренаикада ағылшындық бағыттағы ұйымдардың құрылуына қолдау көрсетеді. 1947 жылы билікке Идрис ас-Сенуси келеді. Ол барлық саяси ұйымдарды таратып, оның орнына діни-тайпалық топтың мүддесін қорғаған Киренаиканың Ұлттық конгресін құрады. Одан әрі ағылшындықтардың негізгі күші сыртқы тәуелсіз мемлекеттік құрылымды қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде Киренаиканың өзіндік басқару құрылымы қалыптасады: басында Идрис ас-Сенуси болған үкімет құрылып, конституция қабылданады, парламент құрылады және сепараттық азаматтылық туралы заң қабылданады.

Кейіннен Англия үлгісімен Феццанды бөлу және жанама басқару жүйесіне көшуге бағытталған шараларды Франция жүзеге асырады. 1950 жылы 13 ақпанда Феццанда «Уақытша режим туралы ереже» күшіне енеді, ол бойынша жетекшісі жергілікті аристократиялық шейх Ахмед Сейф ан-Насер болған Феццан автономиялық үкіметі құрылады.

1947 жылғы бейбіт келісім шарттары бойынша Италия Ливияға орнатылған барлық құқықтарынан бас тартып, бұрынғы итальян отарының тағдыры БҰҰ қарауына беріледі. 1949 жылы 21 қарашада Бас Ассамблияның ІҮ сессиясы Ливияға тәуелсіздігінің берілуі туралы шешім шығарып, оның территориясынан шетелдік әскерилерді шығауды жүргізіп, 1952 жылдың 1 қаңтарына дейін шетелдік әскери базаларды жою міндетін қояды.

1921 жылы 24 желтоқсанда Ливия басында сенуситтердің діни орденінің жетекшісі король Идрис болған федеративті корольдік типіндегі тәуелсіз мемлекет деп жарияланады. Федерацияға үш провинция кіреді: Триполитания, Киренаика және Феццан, олардың әрқайсысының өз үкіметі болды. Мемлекет формасы бойынша конституциялық монархия. Парламент екі палатадан тұрды: өкілдер палатасы және сенат. Заң шығарушылық жетекшілік парламентке де, корольге де тиесілі болды. Король вето құқығын иеленді және өз қарауы бойынша парламентті тарата алды.

1950 ж.ж. ІІ жартысында елдің қоғамдық өмірі үшін үлкен із қалдырған оқиғалар болады. Ливия территориясынан мұнай мен газдың бай кен орындары табылады. Жоғары сапалы кен орындарын өңдеумен шетелдік, ең алдымен американдық компаниялар айналысты. Сегіз жыл ішінде (1961-1969 ж.ж.) мұнай өндіру 0,6 млн.-нан 180 млн. т. артып, нәтижесінде Ливия мұнай өндіру бойынша дүние жүзінде бесінші орынға шығады. 1961 жылы мұнайдан түскен мемлекеттік табыс 3 млн. долларды құраса, ал 1969 жылы 1175 млн. долларға жетеді.

Мұнай өндіру өнеркәсібінің есебінен ҰІӨ 1962 жылдан 1968 жылға дейін 458% өседі. Мұнай өндірудің және онымен байланысты салалардың тез дамуы Ливияның әлеуметтік-экономикалық өміріне түпкілікті өзгерістер енгізеді. Ауыл халқының қалаға және мұнай өндірісіне миграциялануы тездейді.

1969 ж. 1 қыркүйекте 1964 жылдан бастап «Еркін офицерлер – юнионистер-социалистер» (СОЮС) ұйымына біріккен ливия армиясының офицерлерінің бас көтеруі нәтижесінде король І Идрис режимі құлатылады. 6 қыркүйекте бұрынға ливиялық монарх ресми түрде тақтан бас тартады. Билік 12 кіші офицерлерден тұратын революциялық басшылық Кеңесінің (СРК) қолына өтеді. Оны 29 жастағы капитан Муамар Каддафи басқарды.

«1 қыркүйек революциясы» монархиялық режимнің елдің алдында қалыптасқан күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмауының жарқын көрінісі болды.

1969 ж. 11 желтоқсанда РБК (СРК) уақытша Конституциялық декларация мәтінін жариялайды, оған сәйкес Ливия Ливиялық араб республикасы деп жарияланды. РБК барлық заң шығарушылық билікті иеленді. Министрлер кеңесін РБК тағайындады және оған есеп беретін болды. Конституциялық декларация социалистік бастамаларға негізделген қоғам құру мақсатын қойды. Тегін білім алуға, «әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар» өткізуге кепілдік берілді.

Бұдан кейін жаңа басшылық тең емес келісімдерді қайта қарауға және АҚШ мен Ұлыбританияның әскери базаларын жою үшін күрес жүргізді. 1970 жылы наурызда ағылшын, ал маусым айында американ әскерлерінің шығарылуы аяқталды.

1971 жылы РБК жаппай саяси ұйым – Араб социалистік одағын (АСС) құру туралы декрет шығарады. Ол халықтың қоғамды революциялық қайта құру ісіне кең түрде тартылуын, революциялық режимнің әлеуметтік базасының кеңейтілуін, елдегі жағдайдың тұрақталуын қамтамасыз етуге тиіс болды. АСО (АСС) тыс кез-келген саяси қызметке тиым салынды. АСО (АСС) төрағасы М.Каддафи болды.

1970 жылдардың І жартысында Ливияда әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды кеңейту және тереңдетуге бағытталған шаралар жалғастырылды; жұмысшылар тобының өнеркәсіпті басқаруға және қоғамдық мәселелерді шешуге араласуы кеңейтілді; американдық мұнай компаниялары ұлттандырылды. Сыртқы саясат саласында «қосылмаушылық және позитивті бейтараптылық» тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл кезеңде сонымен қатар Ливияның экономикалық, саяси және әскери салада социалистік елдермен ынтымақтастығы кеңейтілді.

Ливиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың идеялық-теориялық негізі алғаш рет М.Каддафи 1973 жылы мамырда жасап шығарған, ал содан кейін оның «Жасыл кітабынан» (1976-1979 ж.ж.) көрініс тапқан «үшінші әлем теориясы» болды. Автордың айтуы бойынша, бұл теория «нағыз революциялық ислам және арабтық ұлтшылдық» принципіне негізделеді. Ішкі жоспарында ол «халық тобының қоғамын» құруды, халық ешқандай делдалсыз (партия, парламент) барлық мемлекеттік істерді басқаруға тиісті «тікелей халық билігі - джамахирия» құруды көздейді. Идеологиялық тұрғысынан Каддафи теориясы адамды адамның қанауына негізделген капитализмнен де, тұлғаны мемлекетке бағындыратын коммунизмнен де бас тартады. Тарихтың басты қозғаушы күші ұлтшылдық және дін деп негіздей отырып, «үшінші әлем теориясы» әлеуметтік әділеттілік принциптері Құранда сақталған және ол барлық жұмысшылардың өнеркәсіпті тікелей басқару жүйесіне қатысу жолымен жандандырылуы тиіс деп көрсетеді.

Сыртқы саясатында джамахирия (республика) жүйесін құру негізінде арабтардың бірлігіне қол жеткізу міндеті қойылды. Ал «үшінші әлем теориясы» дамушы елдердің мәселелерін шешу үшін қолайлы жалғыз жол ретінде сипатталды.

«Үшінші әлем теориясының» талаптарына және халықтық революция бағдарламаларына сәйкес елде қызмет етуші заңдық актілерді қайта қарау процесі жандандырылды. 1947 жылы күзде Революциялық Басқару Комитеті (СРК) дәстүрлі мұсылман құқықтарының нормаларына - шариатқа негізделген бірқатар заңдар жүйесін шығарды. Алайда М.Каддафи тұжырымдамалары іс жүзінде жүзеге асырылу барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болады.

1975 жылы маусымда әскери шеру кезінде үкімет трибунасын атуға бағытталған сәтсіз әрекет жасалады. Тамыз айында РБК мүшесі О.Мохейши бастаған офицерлер тобы төңкеріс жасауға ұмтылады. Жоспарларының сәтсіздікке ұшырауынан кейін оның жетекшілері шетелге қашып кетеді.

Оппозицияның белсенділігіне қарамастан М.Каддафи «халықтық революция» шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруды жалғастыра берді. РБК-нің 1975 ж. 18 қарашадағы Декретіне сай джамахирия органдары жүйесін – халықтық комитеттер мен кәсіподақтарды қалыптастыру аяқталды. 1976 жылы қаңтар айында Араб социалистік одағының орнына келген Жалпыхалықтық конгрестің өтуі маңызды оқиға болды. Конгрестің бас хатшысы болып М.Каддафидің жақын жақтастарының бірі үкімет басшысы А.С.Джеллуд тағайындалды.

Ішкі саяси маңызды оқиңалар 1977 жылы күзде өтеді. 2 наурызда Себхада Жалпыхалықтық Конгрестің төтенше съезі өтіп, «тікелей халық билігі» жүйесін орнатқан Декларация қабылданады. Құран «қоғам заңы» деп жарияланып, 1969 ж. Конституциялық декларация қызметін тоқтатады. РБК таратылып, Жалпыхалықтық конгрестің Бас хатшысы болып М.Каддафи сайланады. Ливия үкіметі Жоғарғы халық комитеті (ЖХК), ал министрліктер - секретариаттар деп аталды. Елдің халықтық үкіметінің басшысы болып А.Обейди сайланды. Елдің бұрынғы Ливия Араб Республикасы атауы – Социалистік Халықтық Ливиялық Арабтық Джамахирия деп өзгертілді. «Джамахирия» араб тілінің неологизмі, «джамахир» (топ - массы) сөзінен құрылған, айналымға М.Каддафи енгізген. Сөздің дәл аудармасы «тікелей халықтық өзін-өзі басқару» дегенді білдіреді.

1977 жылы күзде Ливияда алғаш рет «революциялық комитеттердің» құрылуы туралы жарияланады. Оның құрамына «революция бағытына» сенімді және М.Каддафиге берілген тұлғалар кірді.

1979 жылы 1-2 наурызда Ливияның мемлекеттік құрылымына жаңа өзгерістер енгізіледі. Елдің ішкі саяси жағдайының дамуы үшін ливия басшылығының сыртқы, халықаралық жағдайы да үлкен әсер етеді. 1977 жылы 2-5 желтоқсанда М.Каддафи басшылығымен Триполиде Ливия, Алжир, Йемен Халық Демократиялық Республикасы және Палестинаны Азат ету ұйымы жетекшілерінің кеңесі өтеді. Бұл кездесудің нәтижесі беріктік және қарсы әрекеттік Ұлттық майданның құрылуы болды. АҚШ әкімшілігі Ливияны Таяу Шығыс пен Африкадағы өзінің «стратегиялық қарсыласы» ретінде қарастырады. 1986 жылы 15 сәуірде АҚШ әуе күштері Ливия территориясындағы бірқатар объектілерді бомбалайды.

1990 ж. жаңа геосаяси жағдай Ливияға да әсер етпей қоймайды. АҚШ және оның одақтастары елге және оның үкіметіне қатысты басқыншылық саясатын одан әрі жалғастыра береді. 1991 жылы қараша айында АҚШ, Ұлыбритания және Франция Ливияны 1988-1989 ж.ж. американдық және француздық азаматтық авиалайнерлерді жаруға қатысты деп айыптайды. 1992 жылы қаңтар айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Қызметі Ливияны осы шараны зерттеуде ынтымақтастыққа шақырған резолюция қабылдайды. Ал 1992 жылы наурызда елге қарсы бірқатар санкцияларды енгізу туралы жаңа резолюцияны қолдайды. Соған қарамастан, елдің экономикалық жағдайы тұрақты күйінде қала берді. Қабылданған санкцияларға қарамастан, бірқатар елдер (Италия, Жапония, Оңтүстік Корея) 1998 жылы 16,7 млрд долларды құраған Ливия сыртқы саудасының басты серіктестері болып табылады. Ливияның экспорттық табыстарының қысқартылуына қарамастан, оның валюталық-қаржы жағдайы тұрақты. Алтын валюталық резерві 7 млрд доллар деп бағаланады. Қазіргі Ливия мемлекетінің негізін бұрынғысынша мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіп құрайды, оның үлесіне ІҰӨ-нің 32 пайызы және экспорттан түскен 95 пайыздан астам өнім құрайды. Мұнай қоры 4 млрд т. деп бағаланады, сондай-ақ темір рудасы мен газдың да өнеркәсіптік қоры бар.

Мұнай өндіруші өнеркәсіптен кейін ІІ орында өңдеуші өнеркәсіп (ІҰӨ 8 пайызына жуық). Оның ірі объектісі Мисураттағы металлургия кешені болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Африканың Араб елдерінің даму ерекшеліктері қандай?

  2. Ливия мемлекетінің саяси құрылымында қандай өзгерістер болды?

  3. 1921 ж. жарияланған федерация құрамына қандай үш провинция кірді?

14 Дәріс



Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Таяу Шығыстың Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Араб елдері халқының азаттық қозғалысы. Араб елдерінің жалпы сипаттамасы. Араб елдері Лигасының құрылуы. Араб ұлтшылдық идеясы. Сирия мен Ливанның тәуелсіздігін жариялауы. Таяу және Орта Шығыстағы батыс елдерінің саясаты. Израиль мемлекетінің құрылуы. Таяу Шығыс дағдарысы. Араб-израиль соғыстары. Йемендегі азамат соғысы. Оңтүстік Йемен Халық Республикасының құрылуы. А.Ф.Исмаил. Солтүстік Йемендегі мемлекеттік төңкеріс. Революциялық басқару Кеңесі. Йемен Араб Республикасының құрылуы. Монархиятер мен республикашылар арасындағы соғыс. Шығыс шығанағының Араб елдері. 1971 ж. Біріккен Араб Әмірлігінің құрылуы. Катар, Бахрейн, Кувейттің тәуелсіздігін жариялауы. Аравия монархиясы саясаты. Ислам ұйымы қызметі.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – Таяу Шығыс мәселесі болды. ІІ д.ж. соғыс аяқталғаннан кейін Таяу Шығыста басталған шиеленістің басты орталығы – тәуелсіз палестина мемлекетін құру кезінде қалыптасады. Бұл мәселені екі тәуелсіз – еврей және палестина - мемлекеттерін құру жолымен шешу қарастырылады. Егер Израиль мемлекеті үлгісіндегі еврей мемлекеті 1948ж. құрылса, палестиналықтарға мұндай құқық берілмейді. ІІ д.ж. соғыстан кейін ұлт-азаттық күрестердің өрістеуі жағдайында Англия Палестинаға орнатылған мандаттық жүйеден бас тартып, бұл елдің болашақ тағдыры туралы мәселені БҰҰ-на беруге мәжбүр болады. Бұл мәселені шешу жолындағы ортақ келісімнің болмауы бірнеше араб-израиль соғыстарының басталуына алып келеді. 1948-1949 ж.ж. І араб-израиль соғысында арабтар жеңіліске ұшырайды. АҚШ-ның және басқа империалистік державалардың саяси, дипломатиялық, қаржы-экономикалық көмегінің нәтижесінде халықаралық сионизм БҰҰ-ның Бас Ассамблиясының шешімі бойынша палестиналық араб мемлекетінің құрамына кіруге тиіс Палестина территориясының үлкен бөлігін басып алады. 1956 жылы қазан-қараша айларындағы Египетке қарсы үш жақты – ағылшын-француз-израиль агрессиясы арабтардың ұлт-азаттық қозғалысына соққы беру және Египеттегі прогрессивті режимді жоюды мақсат етеді. 1967 жылы 5 маусымдағы Израиль және араб елдері арасындағы соғыс Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның рөлін бәсеңдетеді.

Израильдің аннексиялық саясаты, Палестина арабтарының заңдық құқықтарын мойындауға тиым салу Таяу Шығыс мәселесін саяси реттеуге басты кедергі болып отыр. Израиль шиеленісті шешуге бағытталған барлық шаралардан бас тартып, Суэцк каналының шығыс жағалауына және Голан қыраттарына әскерлерін шоғырландыруды жалғастырады. Осындай жағдайда 1973 жылы 6 қазанда ІҮ араб-израиль соғысы басталады. Бұл соғыста Израиль әскери күші және техникасы жағынан үлкен шығындарға тап болады.

1973 жылы желтоқсанда Женевада КСРО мен АҚШ-тың жетекшілігімен Таяу Шығыс мәселесі бойынша конференция шақырылады. 1974 жылы қарашада Бас Ассамблияның ХХІХ сессиясында алғаш рет «Палестина туралы мәселе» қойылады. Израиль мен Египет арасындағы бейбіт келісімге үш ел басшыларының (Бегин, Садат, Картер) Кэмп-Дэвид қаласындағы (АҚШ, 1978 жылы қыркүйекте) кездесуде қол жеткізіледі, ал келісімге 1979 жылы наурызда Вашингтонда қол қойылады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай жағдайға байланысты екінші д.ж. соғыстан кейін Таяу Шығыс мәселесі шиеленісе түседі?

  2. БҰҰ-ның Таяу Шығыс мәселесіне әсері?

  3. І араб-израиль соғысы қашан болды, нәтижелері қандай?

  4. Ең алғаш рет қашан және қайда «Палестина мәселесі туралы» тұңғыш рет айтылады?

  5. Кэмп-Дэвид келісіміне қашан және қайда қол қойылды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Родригеса. М.,2001. Ч.ІІ.

  2. История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч.ІІ М.,1979.

  3. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Розалиева Н. М.,1988.

  4. Хрестоматия по новейшей истории. Ч.ІІ. М.,1969.

15 Дәріс



Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Солтүстік Африканың Араб елдері.

Дәріс мазмұны: Египеттегі 1952 ж. революция. Республиканың жариялануы. Г.А.Насер үкіметінің саясаты. Экономиканы «египеттендіру» саясаты. Араб социалистік одағы. БАР-ның құлау себептері. 1964 ж. конституция. Суэц дағдарысы. Г.А.Насер өлімінен кейінгі билік үшін күрес. А.Садаттың билікке келуі. «Ашық есік» саясаты (иттифах). 1976 ж. сайлау. ЕАР-ның араб ұйымдарынан шығуы. Президент Х.Мубарак. Қазіргі араб әлеміндегі Египеттің рөлі мен орны. Ирактағы араб ұлтшылдық идеясы. Баас партиясы. Республиканың жариялануы. А.К.Касем. С.Хусейн тоталитарлық режимі жылдарындағы Ирак. Ирак дағдарысы. Соғыстан кейінгі жылдардағы Сирия. 1970 ж. әскери төңкеріс. Х.Асад. Х.Асадтың 37-жылдық билеуінен кейінгі Сирия. 1975 ж. Ливандағы азамат соғысы. «Амаль» қозғалысы. 1982 ж. израиль әскерлерінің енуі. Алжир Халық-Демократиялық Республикасының құрылуы. А.Бен Белла. 1965 ж. әскери төңкеріс. Х.Бумедьен. 1976 ж. Конституция. Көппартиялық жүйеге көшу. 1969 ж. Ливиядағы мемлекеттік төңкеріс. Монархияның құлауы. Еркін офицерлер. М.Кадцафи. Араб социалистік одағы. «Жасыл кітап». Каддафидің «Үшінші әлем теориясы». «Джамахирия» принциптері.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

ІІ д.ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың бірінші кезеңінде әсіресе Францияның жеңілісінен кейін, отарларда антиимпериалистік қозғалыстар кеңінен жүреді. Мысалы, 1940 жылдың ІІ жартысында Египетте офицерлер арасында қарсылықтар күшейсе, 1941 жылы сәуірде Иракта ағылшындарға қарсы офицерлер төңкеріс жасайды. Сирия соғысқа Францияның мандаттық территориясы ретінде араласады. 1939 жылы 2 қыркүйекте ол «әскери аймақ» деп жарияланады. 1941 жылы шілдеде Сирияны одақтастар әскері басып алады. Генерал де Голль Сирияны басқаруды ағылшын бақылауына беруге келісімін береді. 1941 жылы 27-қыркүйекте Сирияның тәуелсіздігі жарияланып, бірақ бұл тәуелсіздік «соғыс кезеңіндегі талаптарға» байланысты шектеулі болатындығы айтылады. 1944-1945 ж.ж. Араб елдері Лигасы құрылады. 1945 жылы ақпанда Египет формальды түрде Германия мен Жапонияға соғыс жариялайды, бұл оған 1945 жылы мамыр-маусым айларындағы БҰҰ құрған конференцияға қатысуға құқық береді.



Басқару формасы мен территориялық құрылымы. Президенттік республика, 26 мухафаздан (губернаторлықтар) тұратын унитарлы мемлекет.

Заң шығарушы органы – екі палаталы (Халықтық жиналыс және Кеңесуші жиналыс) паарламент.

Астанасы – Каир (11 млн.адам).

Географиялық орналасуы. Африканың солтүстік-шығысы және Азияда Синай түбегі. Ливиямен, Израильмен, Иорданиямен, Сауд Аравиясымен, Суданмен шектеседі. Жерорта және Қызыл теңіз сулары шайып жатыр. Ел территориясынан Суэц каналы өтіп жатыр.

Жер көлемі: 1 001,5 мың шаршы шақырым. (Саха республикасынан 3 есе кіші).

Халқы: 77,5 млн.адам. Араб-египеттіктер – 98%, тығыздығы – 77 адам/шаршы шақырымға.

Мемлекеттік тілі: араб, ағылшын тілі де қолданылады.

Ақша бірлігі: египеттік фунт (1 евроға 7,6).

1914 ж. бастап Ұлыбритания протектораты. 1951 ж. Египет тәуелсіздігін алады.

Египеттегі соғыстан кейінгі алғашқы жылдар әлеуметтік қарама-қайшылықтардың күрт шиеленісуімен ерекшеленді. Елдегі саяси жағдайды анықтаушы фактор – ел тәуелсіздігі үшін Египет халқының ерлік күресі болды. Азаттық қозғалысының өрлеу кезеңінде (1946 ж. ақпан-шілде) демократиялық кәсіподақтар ұйымы Египет жұмысшыларының кәсіподақтарының Конгресіне бірігеді. Шілде айының басында Конгресс барлық патриоттарға 11 шілдеде Египетте ағылшын үстемдігінің орнатылуына 64 жыл толуы күні жалпыхалықтық ереуіл ұйымдастыру туралы үндеу тастайды. Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі Англияны Египет үкіметімен келісім жасауға мәжбүр етеді, бұл Сидки-Бевин келісімінің жасалуымен аяқталады. Алайда келісім Египетте күшті халық толқуы басталғандықтан толығымен аяқталмайды.

1950 ж. қаңтарда Египетте Вафд партиясына жеңіс әкелген парламент сайлауы өткізіледі. Партия жетекшісі Мустафа Наххас кабинетті құрады. Сайлаудан кейін басты мазмұны тәуелсіздікті талап еткен жаңа демократиялық қозғалыс өрлейді. Алайда вафдистер үкіметі елдің Англия үстемдігінен азат етілуі келіссөздер арқылы жүзеге асуы тиіс деп есептейді. 16 айға созылған келіссөздер сәтсіз аяқталады; оған қоса Судан мәселесі де шиеленісіп кетеді. 1951 ж. қазан айында Судан Египеттің бөлінбейтін бөлігі деп жарияланып, ал Египет королі «Египет және Судан королі» титулын алады. Англия Суэц каналы ауданына жаңа әскерлерді енгізумен жауап береді.

Әлеуметтік қайшылықтардың күшейуі және вафд үкіметінің отставкаға кетуіне байланысты билеуші топтың дағдарысы жағдайында 1952 ж. 22 шілдеден 23 шілдеге қараған түні құпия ұйым «Еркін офицерлер» Каирде билікті жаулап алады. Бұл бас көтеру формасы жағынан қарапайым мемлекеттік төңкерісті еске түсіретін еді. Фаруктің биліктен алыстатылуынан кейін елдегі билік басында генерал Мұхаммед Нагиб және Гамаль Абдель-Насер болған, құрамы офицерлік ұйым мүшелерінен тұрған революциялық басқару Кеңесінің қолына көшеді. Египет республика деп жарияланады. Жаңа режим басщылары арасында одан арғы саяси бағыт туралы мәселе бойынша күрес жүреді. Революциялық басшылық Кеңесінің қызметкерлерінің генерал Нагиб бастаған бір бөлігі революцияның одан әрі жалғастырылуына қарсы болып, АҚШ-на бағыт ұстанды және Египетте капиталистік тәртіптің нығайтылуын қалады. Революциялық басшылық Кеңесінің көпшілігі Египеттің саяси тәуелсіздігі және экономикалық детбестілігі үшін революцияның тереңдетілуін талап етті. 1954 ж. Революциялық басшылық Кеңесінің төрағасы қызметінде Нагибті алмастырған Г.А.Насер бастаған революциялық топ жеңіске жетеді. 1953 ж. саяси партиялар таратылғаннан кейін үкіметке қарсы белсенді қызмет жүргізген экстремистік діни-саяси ұйым «Ағайын-мұсылмандар» қызметіне тиым салынады. Алғашқы апталарда саяси полицияны жою туралы заң шығарылды, мемлекеттік аппаратты сыбайластық элементтерінен тазарту туралы заң қабылданды, түріктер үстемділігі кезінен сақталған «паша» және «би» титулдары жойылды. Неғұрлым маңызды шара 1952 ж. 9 қыркүйекте аграрлық реформа туралы заңның қабылдануы болды. Бұл барлық Арабтық Шығыстағы феодалдық қатынастар қалдықтарының жойылуына бастама болған реформа болды. Жериеленудің жоғары шегі 200 феддан (1 феддан – 0,42 га) деп орнатылды, арендалық төлемді айтарлықтай қысқарту қарастырылды.

1953 ж. 17 қаңтарда контрреволюция қаупін жою үшін саяси партияларды тарату және олардың барлық мүлкін тәркілеу туралы жарияланады. Оның орнына жалғыз ресми саяи бірлестік – жаңа режимнің тірегі болуға тиіс Азат ету ұйымы құрылады. 1953 ж. ортасынан бастап жаңа режим жетекшілері арасындағы келіспеушіліктер айқын көріне бастайды. Нагиб бастаған буржуазиялық-либеральдық бағыт өкілдері революцияны аяқталды деп есептейді. Насер сияқты саяси ықпалға ие болмаған Нагиб Вафд партиясына және «Ағайын-мұсылмандар» ассоциациясына арқа сүйейді. «Еркін офицерлердің» басым бөлігі Насерді қолдады. 1954 ж. бастап Насер революциялық басқару Кеңесін басқарды, ал 1956 ж. ел президенті болып тағайындалды.

1956 ж. маусымда Египеттің жаңа конституциясы қабылданады. Конституция преамбуласында Египет халқының империализм мен феодализмге қарсы күрестегі шешімділігі туралы айтылды. Конституцияның бірінші тарауы Египетті демократиялық республика, ал Египет халқын – араб ұлтының бір бөлігі деп жариялады. Мемлекет басшысы – республика президенті. Заң шығару қызметі елде жасырын дауыс беру жолымен бес жыл мерзімге сайланатын Ұлттық жиналысқа тиесілі болды. Ұлттық жиналыс атқарушы билік қызметін бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік бюджетті бекітеді.

Насер үкіметінің сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктерінің бірі 1954 ж. 19 қазанда ағылшын-әскерлерін 20 ай ішінде эвакуациялау туралы ағылшын-египет келісіміне қол қойылуы болды. Ағылшын әскерлерінің шығарылуы 1956 ж. 13 маусымда аяқталды.

1956 ж. шілде айында Суэц каналын ұлттандыру туралы заң жарияланады. Бұл - Египет халқының азаттық күресінің ірі жеңістерінің бірі болды. 1956 ж. кейін Насер араб әлеміндегі танымал саяси жетекшілердің бірі болды. Египет «арабтарды біріктіру» бойынша орталыққа айналады. 1958 ж. жаппай сыртқы жағдайлардың ықпалымен Сирия Египетке бірігуді ұсынады. Біріккен Араб Республикасын құру туралы Декларацияға сәйкес жаңа мемлекеттік құрылымның негізі египеттік басқару жүйесі болды. Өтпелі кезең дәуірінде республика екі ауданнан – солтүстік (Сирия) және оңтүстік (Египет) тұруға тиіс болды. Біріккен Араб Республикасының астанасы – Каир, ал президенті – Гамаль Абдель Насер болды. 1958 ж. наурызда Египет пен Сирия БАР-ның аудандары деп жарияланған БАР-ның Уақытша конституциясы жарияланады. Алайда Египет пен Сирия арасындағы одақ ұзақ өмір сүрмеді. Жылдам өскен оппозиция 1961 ж. қыркүйектегі Сирия әскерінің бас көтерулерін Сирияның БАР-нан шығуын жариялау үшін пайдаланды. Осы оқиғалардан кейін БАР-сы өз атауын, туы мен әнұранын сақтайды. 1972 ж. бастап ел Египет Араб Республикасы деп атала бастайды.

1960 ж. Египет үкіметі кең көлемді ұлттандыруды жүзеге асырады. 1962 ж. қазанда президент Насердің Араб социалистік одағын құру туралы декреті шығады. 1964 ж. күшіне енген жаңа конституция Египетті демократиялық социалистік мемлекет деп жариялады. 1970 ж. 28 қыркүйекте Г.А.Насердің өлімінен кейін президент қызметін иеленген Анвар Садат алғашқыда біртіндеп, ал кейіннен толығымен Насер саясатынан бас тартады.

1973 ж. Садаттың басшылығымен ІІІ араб-изриль соғысы басталады. 1974 ж. 18 сәуірде президент Садат «Қазан құжатын» жариялар, онда «ашық есік» саясатының негізгі принциптері жария етілді. Египеттің сыртқы саясатында да күрделі өзгерістер жүреді. Одақтастардың ауысуы және проамерикандық бағыт Садатты Израильмен келісім жасауға итермелейді. 1975 ж. бұл келісімдер Синай түбегінің үлкен бөлігі Египетке Израильмен бейбіт келісім жасауға уәде берген жағдайда келісімнің жасалуына алып келеді. Араб елдері Садаттың бұл саяси ісіне қарсылық білдіреді. Египетпен дипломатиялық қатынастар үзіліп, ЛАГ ұйымына мүшелігі тоқтатылып, Египет ОПЕК құрамынан шығарылады. Бұл шаралар шиеленістің күшеюіне алып келеді: 1981 ж. қазанда әскери шеру кезінде мұсылман экстремистер Садатты өлтіреді.

Египет Араб Республикасының жаңа президенті Хосни Мубарак болады. Ол да Садаттың саясатын жалғастырады. 1987 ж. бастап араб елдерімен қатынастарының жақсару кезеңі басталады. Египеттің Араб елдері лигасына мүшелігі қалпына келтіріледі.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Египет тарихындағы 1952 ж. революцияның тарихи маңызы қандай?

  2. Суэц дағдарысы дегеніміз не?

  3. Г.А.Насердің саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларының маңыздылығы?

  4. БАР-ң құлау себебі?

  5. ІІІ араб-израиль соғысындағы Египеттің рөлі қандай?

6.Семинар сабақтарының жоспары




Тақырыбы

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Исламның пайда болуы және дамуы.

  1. Джахилийа кезеңіндегі арабтар сенімі.

  2. Ислам дінінің қалыптасуы және Араб мемлекетінің құрылуы.

  3. Мұхаммед және оның исламдағы рөлі.

  4. Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы.

1

36,37,40,42


2

Құран-тарихи дерек көзі.

1.Құран мәліметтері бойынша тұрғындардың негізгі кәсібі.

2.Әлеуметтік құрылыс ерекшеліктері.

3.Құрандағы қылмыстық, сот істері және олар бойынша жазалану.

4.Мұрагерлікке ие болу құқығы.

5.Құрандағы неке және отбасы.


2

14,37,40.

3

Исламдағы ерте діни саяси ағымдар.

1.Діни ағымдардың қалыптасу тарихы.

2. Хариджизм. Шиизм.Суннизм.


3. Басып алған территориялардағы арабтар саясаты.

3

12, 26,38,39

4

Бағдад халифатындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.


  1. Ортағасырлық араб қалалары – қолөнер мен сауда орталығы. Қалалардың сыртқы көрінісі.

  2. Араб қалаларының әлеуметтік құрылымы.

  3. Қолөнер ісінің дамуы мен сыртқы сауда.

  4. Халифаттағы әйелдердің жағдайы.

4

1,24,30,31,

33.


5

Ортағасыр дәуіріндегі Араб мәдениеті.


  1. Араб-мұсылман әлемінің әлемдік мәдениет орталығына айналуы.

  2. Араб өнерінің негізгі жанрлары.

  3. Араб архитектурасының конструкциялық ерекшеліктері. Архитектуралық декор.

  4. Қолданбалы өнер.

  5. Ғылыми білімнің дамуы.

5

35,36,3930,49,


6

XI- XV ғ.ғ. Араб елдері.


  1. Х-ХІІ ғ.ғ. Сирия және Египет.

  2. Крестшілерге қарсы күрес. Салах ад Дин.

  3. Египет пен Сириядағы мамлюк мемлекеті.

  4. IX- XI ғ.ғ. Магриб.

6

8,14, 28,33

7

Осман империясы билігіндегі Араб елдері.


  1. Араб елдерін түріктердің басып алуы.

  2. Басқару жүйесі және басқыншылардың әлеуметтік саясаты.

  3. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. араб елдерінің экономикалық даму ерекшеліктері.

  4. Қалалардың дамуы.

7

20,22,25,49,50.


8

XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы Араб елдері.


  1. Аравия елдеріндегі діни жағдай.

  2. Неждаға бірігу.

  3. Парсы шығанағы, Хиджаз, Ирак, Сирия үшін вахаббиттердің күресі.

8

1,22,25,49,50

9

Африканың Араб елдері.


  1. Египеттегі Мұхаммед Али билігі және оның реформалары.

  2. Тунистің европалық державалардың жартылай отарына айналуы.

  3. Европалық державалардың Мароккадағы саясаты.

  4. Алжир халқының француз отаршылдарына қарсы көтерілісі. Абд Аль-Кадир.

  5. Осман империясы құрамындағы Ливия.

9

10,25,19,30.


10

Шетел капиталының араб елдеріне енуі.



  1. XIX ғ. 50-60 жж. Египет.

  2. Сирия мен Ливанға шетел капиталының енуі.

  3. Англия позициясының Аравияда күшеюі.

10

5,3,10,15,2549,24.

11

Африканың Араб елдерін отарлау.

Франция езгісіндегі Алжир.




  1. Египеттегі Ахмед Араби-паша бастаған азаттық көтеріліс.

  2. Махдистер көтерілісі және Англияның Суданды басып алуы.

  3. Итальяндықтардың Ливияны басып алуы.

  4. Тунисте протекторат режимінің орнатылуы.

  5. Француз империализмінің езгісіндегі Алжир.

  6. Францияның Марокконы басып алуы.

11

10,4,5,9,15,25,26.


12

Отарлық езгідегі араб елдері.


  1. Сирия мен Ливанның жартылай отарға айналуы.

  2. Палестина мен Ирактың жартылай отарға айналуы.

  3. Аравиядағы ағылшын империалистерінің позициясының күшеюі.

12

7,2,4,14,25,27.

13

Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері.


  1. Мандаттық жүйе және оның мәні.

  2. Араб елдеріндегі саяси өзгерістер.

  3. Дипломатиялық байланыстардың орнатылуы.

  4. Екі д.ж. соғыс аралығындағы Араб елдеріндегі саяси жағдай.

13

4,23,25,2733.

14

Таяу Шығыс мәселесі.


  1. Араб - Израиль қақтығыстарының себебі.

  2. 1967 ж. Араб-Израиль соғысы.

  3. 1973 ж. Араб-Израиль соғысы.

  4. ХХ ғ. 80-90 ж.ж. Араб әлемінің Израильмен қарым-қатынасы.

14

1,4,23,30,49

15

ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Араб әлемі.


  1. Араб елдері халықтарының азаттық қозғалысы. Таяу және Орта Шығыстағы батыс елдерінің саясаты.

  2. Йемендегі азамат соғысы.

  3. Парсы шығанығының араб елдері.

  4. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Египет.

  5. ХХ ғ. ІІ жартысындағы Ирактағы саяси жағдай.

  6. Ливандағы азамат соғысы.

15

21-31,44,47,4951.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет