Қорытынды: «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы әлем жағдайында шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайлар мен институционалдық құралдар аясында өткен және ағымдағы тәжірибесінің тұлғаға әсерінің салдарынан қалыптасқан әлеуметтік өнім ретінде қарастырылады.
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табы- лады (6-сурет).